27
– Бұл нандарды саған кім берді? – деді сараң тіленшінің қолындағы нандарға қызыға
қарап.
– Пәленше үйден алдым, – деді әлгі тіленші түсіндіріп.
Әбден ашуланған сараң үйіне кіріп келіп әйелін бір ұрды.
– Мен саған ешкімге еш нәрсе берме демедім бе?!
– Мен Алла Тағаланың разылығы үшін бердім, – деп жауап берді әйелі. Ашуы
қайнаған кісі тандырға от жағып, қатты ысыған кезде әйеліне:
– Қане, Алла үшін тандырға өзіңді тасташы! – деді. Әйел тұрып ең жақсы киімдерін
киді. Сараң оған қарап тұрып:
– Жаңа киімдеріңді қалдыр! – деді. Әйел:
– Адам сүйгені үшін сәнденеді. Мен Жаратқан Иемді зиярат қылғалы тұрмын, – деп
болмай қойды. Содан соң сол бойы барып тандырға өзін тастады. Екі жүзді кісі
тандырдың ауызын жауып тастап кетіп қалды.
Арадан үш күн өткенде баяғы сараң барып тандырдың қақпағын ашты. Ішіне қараса
әйелі Алланың құдіретімен аман-есен отырады. Екі жүзді оны көріп қатты таңғалды.
Сол сәтте ғайыптан «От біздің сүйгендерімізді өртемейтінін білмейсің бе?» деген үн
естілді.
Перғауынның әйелі Асия Аллаға иман келтіргенін күйеуінен жасырып жүрді. Бір күні
перғауын оның
иман келтіргенін біліп қалып, жазаға тартты. Оны әртүрлі қинауға
салған соң: «Дініңнен қайт», – деді. Бірақ әйелі қайтқан жоқ.
Жуан таяқтармен
гүрсілдете ұрса да болмады. «Сен менің денемді ауыртып, талқандауың мүмкін, бірақ
жүрегім Жаратқанның қорғауында. Сен мені майдалап бөліп тастасаң да, менің Аллаға
болған махаббатым арта береді», – деді. Сол сәтте кетіп бара жатқан Мұсаға (а.с.)
Асия жалбарынып:
– Айтшы, Жаратқан Ием маған ашуланып жатыр ма? Не менен разы ма? – деді. Мұса
(а.с.):
– Асия! Көктегі періштелер саған қарап тұрады. Алла Тағала сенімен мақтанады.
Мұқтаждығыңды айт, не
қаласаң да қабыл болады, – деді. Сонда әзірет Асия: «
Уа,
Достарыңызбен бөлісу: