Имам ғазали жүректің сырлары



Pdf көрінісі
бет44/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   193
Жүректің сырлары T.a

Олар намаздарын 
үзбей оқиды»
134

133
 
«Әнғам» сүресі, 92. 
134
 
«Мағариж» сүресі, 23. 
Белгілі болғандай, намаз оқығандар көп, бірақ намазында қорыққандар аз. 
Қажылыққа барғандар көп, қажылықтың талаптарын орындағандар аз. Білімділер көп, 
білгенін орындаған білімділер аз. Намаз – Алланың бұйрықтарына мойынсұну амалы, 
Алладан қорқу және кішіпейілдіктің басы. Намаздың орындалу шарты мен қабыл болу 
шарты басқа-басқа. Намаздың орындалу шарты – парыздарды мұқият орындау. Қабыл 
болу шарты болса – қорқу және беріліп оқу. 
Алла Тағала былай дейді: «Мүміндер сөзсіз (азап атаулыдан құтылып) мақсат-
мұратына, нағыз жетістікке жетті. Олар – намазда (құдіреті күшті Аллаға) шын 
бейілімен мойынсұнып, барынша кішіпейілділік танытатындар»
135

135
 
«Муминун» сүресі, 1-2. 
Тақуалық шарты туралы Құранда: «Расында, Алла өзіне тиісінше тағзым ететін 
һәм қарсы келмейтін тақуа құлдарынан ғана қабыл алады»
136
 
деген. 
136
 
«Мәида» сүресі, 27. 
Алла Елшісі (с.а.с.) айтады: «Шын жүрегімен Аллаға беріліп екі рәкат намаз оқыған 
кісі анасынан жаңа туылғандай барлық күнәларынан арылады». 
Пенденің көңілін билеген ойлар қорқу мен намаз оқуда көңілін бөледі. Сондықтан 
оларды ойдан шығарып тастау керек. Ал енді оларды шығару үшін көңілді бөлетін 
нәрселерден аулақ жерде намаз оқыған жақсы. У-шу жерлер, әшекейлі кілемдер және 
ұнамды киімдер кісінің көңілін бөледі. 
Риуаяттарға қарағанда, Әбу Жахм атты кісі Пайғамбарымызға (с.а.с.) бір нәрсенің 
белгісі түсірілген белдік сыйлады. Бірақ Пайғамбарымыз (с.а.с.) онымен бір мәрте 
намаз оқығаннан кейін белінен шешіп: «Мынаны Әбу Жахмға қайта апарып 
беріңдер, өйткені ол мені намазда көңілімді бөлді»,
137
 
– деп айтқан. 
137
 
Бұхари, 373; Мүслим, 556; Әбу Дәуіт, 4025; Ахмад ибн Ханбал, 25108. 
Тағы бір мәрте Пайғамбарымыз (с.а.с.) аяқкиімінің бауының алмастырылуын 
бұйырған еді. Себебі ол жаңа болғаны үшін намазға тұрғанында оған көзі түсті. 
Сондықтан жаңа бауды алып тастап, ескісін тағуды бұйырды. 
Алла Елшісінің (с.а.с.) саусағында алтын жүзік бар еді. Ол кезде алтын жүзікке тыйым 
салынбап еді. Бір мәрте мінберде құтба оқып жатып сол жүзікті қолынан шығарып 


57 
лақтырып жіберді де: «Сендерге қарап тұрғанымда қайта-қайта оған көзім түсіп, 
мені алаңдатты» деп себебін түсіндірді. 
Риуаяттарға қарағанда, бір күні Әбу Талха (р.а.) үйінің бақшасында намаз оқып 
жатқан. Сол сәтте бір құс бұтақтардың арасынан ұшып қашуға әрекет жасай бастады. 
Әбу Талха бұл көрініске біршама қызыға қарап қалды. Нәтижеде қанша рәкат 
оқығанынан да адасты. 
Намаздан кейін бұл оқиғаны Пайғамбарымызға (с.а.с.) айтып беріп, «Сол бақшаны 
садақа қылдым, қалағаныңыздай қолданыңыз»
138
 
– деді. 
138
 
Ихияу улумид дин, 1/164. 
Тағы бір сахаба туралы төмендегідей оқиға баяндалады: 
Құрма ағашы жеміс байлаған кез еді. Бақшада намаз оқып жатқан сахабаның көзіне 
құрма ағашы түсіп, оған сұқтана қарады. Сөйтіп ол да қанша рәкат оқығанын білмей 
қалды. Намаздан кейін дереу әзірет Османға (р.а.) барып оқиғаны айтып берді де, 
«Сол бақшаны қазынаға бердім. Оны Алла жолында жұмса», – деді. Әзірет Осман ол 
бақшаны елу мың дирхамға сатты. 
Ұлық ғалымдардың бірі былай дейді: «Мына төрт нәрсе намазға кедергісін тигізеді: 
– Сәжде жерінен басқа жаққа қарау. 
– Бетті сипау. 
– Сәжде жасайтын жердегі құм және шағыл тастарды лақтыру. 
– Алдынан біреу өтуі ықтимал болған жерде намаз оқу». 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Намаз оқыған кісі сәжде жасайтын жерден басқа тарапқа 
қарамайынша, Алла оған назар салып тұрады», – деп айтқан. 
Әбу Бәкір Сыддық (р.а.) намазда тірек секілді тіке тұрды. Кейбір сахабалар рүкуғте 
көпке шейін тұрғандықтан, құстар оларды жансыз нәрселер деп ойлап, жанына қона 
қалды. 
Жоғарғы лауазымды кісілердің алдында да құрмет көрсету жоралғылары жасалғаны 
жөн. Демек, патшалардың Патшасының алдында тұрғанда айрықша әдеп және құрмет 
көрсету шартын орындамай қою дұрыс емес. 
Тауратта «Уа, Адам баласы! Алдымда тұрып намаз оқығанда жылағаннан тартынба. 
Өйткені Мен саған өз жүрегіңнен де жақынмын және Менің нұрым ғайыпты да көреді» 
деп жазылғаны айтылады. 
Риуаятқа қарағанда әзірет Омар бір күні мінберде тұрып: 
– Мұсылман пенде сақалын ағартқанымен Алланың разылығына жеткізетін бірде-бір 
намаз оқымауы мүмкін, – деді. Мұны естігендер: 
– Мұны қалайша түсінсек болады? – деп сұрағанда, әзірет Омар: 
– Адам талабына сай қорқу және кішіпейілдік сезімімен Аллаға бет бұрып намаз 
оқымаған болады, – деп жауап берді. 
Әбу Алиден (р.а.): «Өйткені олар намаздарын ұмытыпкеткен»
139
 
деген аяттың 
мағынасын сұрағанда, «Бұл аят намаз оқығанда бір рәкат оқыды ма әлде екі рәкат 
оқыды ма, сонысын білмей адасып, қашан сәлем берерін біле алмай қалғандар туралы 
айтылады», – деп айтқан. 
139
 
«Мағун» сүресі, 5. 
Хасан (р.а.) бұл аят туралы «Бір нәрсеге алаңдап намаздың уақытын өткізіп 
жібергендер туралы айтылып жатыр» – деген. 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.): «Алла Тағала «Пендем Менің азабымнан мойнына 
парыз жасаған ғибадаттардыорындаумен ғана құтылады»
140
 
деп айтқан» деген 
хадисі бар. 
140
 
Дарими, 1423. 


58 
Өсек 
Алла Тағала Құран Кәрімде өсекті, ғайбат сөзді сынға алып, өсекшіні, ғайбат 
айтушыны өлген адамның етін жегенге ұқсатқан. Ұлы Жаратқан былай дейді: «Уа, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет