Имам ғазали жүректің сырлары


мәңгілікке аласталу) және ең жаман мекен тозақ болмақ



Pdf көрінісі
бет53/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   193
Жүректің сырлары T.a

мәңгілікке аласталу) және ең жаман мекен тозақ болмақ»
165

165
 
«Рағд» сүресі, 25. 
Бұхари мен Мүслим Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят еткені бойынша, Пайғамбарымыз 
(с.а.с.) былай деген: 
«Алла Тағала барлық нәрселерді жаратқанда «Туыстық байланыс»: «Уа, Жаратқан 
Алла! Бұл жай – туыстық және достық байланыстарын үзгені үшін қайғырғандардың 
орны», – деді. Алла Тағала: «Саған көңіл бөлген пендеге жақын болуыма және саған 
немқұрайды қарағандарды өзімнен аулақ ұстауға разы болмайсың ба?» – деп сұрады. 
«Туыстық байланыс» «Разы боламын», – деді. Алла Тағала: «Онда сол жай сенікі», – 
деп айтты. Қаласаңдар, Алла Тағаланың төменгі аятын оқыңдар: 
«
Демек, (қолдарыңа билік тізгіні тие қалса), сөздеріңнен тайқып, Алладан сырт 
айналмақ һәм жер бетінде бұзақылық жасап, араларыңдағы туыстық қатынасты 
үзбек екенсіңдер ғой?! Алла ондайларды рақымынан аластап, құлақтарын (хақ 
сөзді) естімейтін тас керең, көздерін (ақиқатты) көрмейтін көрсоқыр етіп 
қойды»
166

166
 
«Мұхаммед» сүресі, 22-23. 
Әзірет Әбу Бәкірден (р.а.) риуаят етілгені бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): 
«
Ақыреттегі 
азабымен 
бірге 
жазалары 
кешіктіріліп, 
бұл 
дүниеде 
берілетін күнәлардың басында зұлымдық пен туыстық құқықтарды бұзу тұрады»
167

– деп айтқан. 
167
 
Тирмизи, 2511; Әбу Дәуіт, 4902; ибн Мажа, 4211. 


66 
Бұхари мен Мүслим арқылы келген мағлұматтар бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): 
«
Туыстық құқықты таптағандар пейішке кірмейді»
168

– деген. 
168
 
Бұхари, 5984; Мүслим, 2556; Тирмизи, 1909; Әбу Дәуіт, 1696. 
Суфиян: «Бұл сөздің мағынасы «туыстармен қарым-қатынаста болмағандар» деп 
тұжырымдаған. Имам Ахмад риуаят еткені бойынша: «Адам баласының жасаған істері 
әр бейсенбі күні және жұма түндері Алла Тағалаға ұсынылады. Туыстық құқықтарды 
таптағандардың істері қайта артқа қайтарылады»
169
 
деп айтылған. 
169
 
Бұхари, Әдәбул Муфрад, 35; Ахмад ибн Ханбал, 9902. 
Байхақидің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деді: «Жәбірейіл (а.с.) 
маған келіп былай деді:Бүгінгі түн – шағбан айының он бесінші түні (Бараәт түні). Алла 
Тағала бұл түні Қалб руының қойларының қылдарының санынша көп кісіні тозақтан 
босатады. Бірақ мына кісілердің жүзіне қарамайды. Олар: 
1) Алла Тағалаға серік қосқандар; 
2) Кек сақтағандар; 
3) Туыстық қарым-қатынасқа немқұрайды қарағандар; 
4) Менменсіну және тәкаппарлықтың белгісі ретінде киімдерін табандарына шейін 
сүйретіп алғандар; 
5) Ата-анасына бас имегендер; 
6) Үздіксіз ішімдік ішкендер».
170
 
170
 
Байхақи, Шуғабул Иман, 7666. 
Ибн Хиббан және басқалардың риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Үш түрлі кісі 
пейішке кірмейді: 
1) әрдайым ішімдік ішкендер; 
2) туыстық қарым-қатынасқа немқұрайды қарағандар; 
3) балгерге сенгендер»
171
 
деген. 
171
 
Ибн Хиббан, ас-Сахих, 6137. 
Ибн Әбу Дуния және Имам Ахмадтың риуаятында Пайғамбарымыздың (с.а.с.) 
төменгідей хадисі бар: «Бұл үмбеттің ішінен сондай біреулер шығады. Олар түнде 
басқа кісілер сияқты тек жеп-ішіп көңіл көтереді, бірақ маймыл және доңыз бейнесінде 
таң атырады, оларды жер жұтады не бастарына тас жауады. 
Ел: «Кеше түнде пәленше ұлдарын жер жұтты, пәленше дүниеқоңыздардың үйі 
астан-кестен болды», – дейді. Лұт қауымының кейбір руларына тас жауғандай олардың 
және үйлерінің үстіне де тас жауады. Ад қауымынан кейбіреулердің ұшырағаны сияқты 
боранға душар болады. Бұл апаттардың себебі төменгі күнәлары: 
1) Әрдайым ішімдік ішу; 
2) Еркектердің жібек киім киюі; 
3) Әнші әйелдердің болуы; 
4) Пайыз өсімі; 
5) Туыстық қарым-қатынастарға немқұрайдылық». 
Әзірет Жәбир (р.а.): «Тағы бір нәрсе бар еді, бірақ оны Жағфар ұмытып қалыпты», – 
деп айтқан. 
Табарани «әл-Аусаттағы» риуаяты бойынша, бір күні Пайғамбарымыз (с.а.с.) келіп: 
«Уа, мұсылмандар, Алладан қорқыңдар және туыстық құқықтарға көңіл бөліңдер. 
Өйткені ең көп құрметтелген жақсы іс – туыстық байланыстарға көңіл бөлу. 
Зұлымдықтан сақтаныңдар, өйткені жазасы тез берілетін күнә – зұлымдық. Ата-анаға 
қарсы шығудан сақтаныңдар, өйткені төмендегілер мың жылдық қашықтықтан сезілген 
пейіш иісін де иіскемейді: 
1) Ата-анаға қарсы шыққандар; 
2) Туыстық байланыстарға немқұрайды қарағандар; 
3) Қартайғанда зина жасағандар; 


67 
4) Менменсіну, мақтаныш үшін киімдерін жерге сүйретіп жүргендер. Себебі ұлылық 
Аллаға ғана жарасады»
172
 
деді. 
172
 
Табарани, Муғжамул-Аусат, 6/18; Хайсами, Мажмағуз-Зауаид, 8/149. 
Исфаханинің риуаяты бойынша, Жәбир (р.а.) былай дейді: «Пайғамбарымыздың 
(
с.а.с.) жанында отырған едік. Ол: «Туыстық байланыстарға немқұрайды кісілер 
арамызда отыра алмайды», – деді. Бір жігіт орнынан тұрып шығып кетті. Нағашы 
әпкесімен ренжісіп жүрген екен, оған барып кешірім сұрапты. Нағашысы оны кешіргенін 
білдіргенде қайта келіп арамызға қосылды. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Араларында туысының ақысын таптаған кісі бар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет