Имам ғазали жүректің сырлары



Pdf көрінісі
бет56/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   193
Жүректің сырлары T.a

ақыретте ең жақсы үлеске, туыстық қарым-қатынасқа көңіл бөлуге, жақсы 
көршілікке және жақсы мінезге ие болады. Бұлар өлкелерді өркендетеді және 
өмірлерді ұзартады»
189

– деген. Бірақ бұл хадисті риуаят еткен кісілердің тізбегінен 
біреу ғана белгісіз. 
189
 
Ахмад ибн Ханбал, Муснад, 26688; Табарани, Муғжамул кәбир, 24/257. 
Әбу Шейх, ибн Хиббан және Байхақидің (рахматуллаһи аләйһим) айтуы бойынша, 
Пайғамбарымыздан (с.а.с.) «Кісілердің ең жақсысы кім?» – деп сұрағанда, Алла Елшісі 
(с.а.с.): «Алладан қорыққандар, туыстық қарым-қатынасқа үлкен мән бергендер 
және жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыюға әрекет жасап жүргендер», – деп 
жауап берді. 
Табарани және ибн Хиббанның айтуы бойынша, Әбу Зәрр (р.а.) былай дейді: «Досым 
– Алла Елшісі (с.а.с.): 
1) Маған байларға емес, жарлыларға қарауды; 
2) Қолында жоқтарды жақсы көріп, оларға жақын болуды; 
3) Ренжісең де туысқандардың арасындағы туыстық қарым-қатынастарды бекем 
сақтауды, 
4) Алланың разылығы үшін біреудің сынынан қорықпауды; 
5) Ащы болса да шындықты айтудан тайынбауды; 


70 
6) «Лә хаулә уә лә қууата иллә биллаһ» деп айтуды бұйырды. Өйткені бұл сөз – пейіш 
қазыналарының бірі»
190

190
 
Ахмад ибн Ханбал, Муснад, 20906; Табарани, Муғжамул кәбир. 
Бұхари мен Мүслим және тағы басқалардың риуаяты бойынша, Пайғамбарымыздың 
(с.а.с.) жұбайы әзірет Маймуна Алла Елшісіне (с.а.с.) айтпай тұрып өзінің бір күңін азат 
қылады. Кейін Пайғамбарымыз (с.а.с.) оның бөлмесіне келгенде «Уа, Алланың Елшісі, 
мен күңімді азат қылдым», – деп хабарлайды. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Сен солай 
жасадың ба?» – дегенде, әзірет Маймуна: «Иә», – деп жауап береді. Сонда 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Оны азат қылғаннан гөрі нағашыларыңның біреуіне тарту 
етсең тағы көбірек сауап табар едің», – дейді. 
Ибн Хиббан және Хакимнің риуаяты бойынша, бір кісі Пайғамбарымызға (с.а.с.) 
келіп: «Үлкен күнә жасадым, менің тәубем қабыл бола ма?» – деп сұрайды. 
Пайғамбарымыз одан: 
– Анаң бар ма? – деп сұрайды. 
– Жоқ, – деп жауап береді әлгі. 
– Нағашы апаң ше? 
– Бар. 
– Онда бар, соған жақсылық жаса, – дейді Пайғамбарымыз. 
Бұхари және басқалардың риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деді: 
«
Туысқандарынан көрген жақсы мәмілеге қарай дәл сондай жақсы мәміле жасаған кісі 
туыстық 
қарым-қатынасты 
күшейткен 
болып 
есептелмейді.Ренжіскен 
туысқандарымен байланысқан кісі туыстық қарым-қатынасқа көңіл бөлген 
болып саналады»
191

191
 
Бұхари, 5991; Тирмизи, 1908; Әбу Дәуіт, 1697. 
Алла Елшісі (с.а.с.): «Басқалардан жақсылық көрсек, біз де оларға жақсы мәміле 
жасаймыз, бізге әділетсіздік жасаса, біз де сондай әділетсіздік жасап, олардан 
өшімізді 
аламыз» 
деген 
ақылсыздардан 
болмаңдар. 
Басқалардан көрген 
жақсылықтарға жақсылықпен жауап беруге және сендерге қарата жасалған 
әділетсіз мәмілелерге әділетсіздікпен жауап бермеуге тырысыңдар»
192

– деп айтқан. 
192
 
Тирмизи, 2007. 
Мүслимнің риуаяты бойынша, бір сахаба Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп: «Уа, 
Алланың Елшісі, менің бірнеше бауырым бар. Олармен қарым-қатынасқа жақсы көңіл 
бөлем, бірақ олар арамыздағы туыстық ақыларға немқұрайды қарайды. Мен оларға 
жақсы мәміле жасаймын, олар болса жамандық жасайды. Қалай жасайын?» – деп 
сұрайды. Адамзаттың Асыл Тәжі (с.а.с.) оған: «Егер жағдай сенің айтқаныңдай болса, 
сен олардың жүзіне ыстық күл шашып жатырсың. Оларға сондай мәмілеңнен танбасаң, 
оларға қарсы Алланың қолдауы демеп тұрады», – деп жауап береді. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Садақаның ең жақсысы – кек сақтап жүрген туғанға 
берілген садақа», – деп айтқан. 
Табарани мен Хакимнің риуаяты бойынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Кімде сол үш сипат 
бар болса, Алла оны жеңіл сұрақтан кейін пейішке жібереді», – дейді. Сахабалар: «Ол 
қандай мінездер?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.): 
1) Сенен байлығын аяғанға садақа беруің; 
2) Туыстығын үзіп қойғандармен қарым-қатынасты жалғастыруың; 
3) Саған әділетсіз мәміле жасағандарды кешіруің. Міне, сол үш сипат сенде болса, 
Алла сені пейішке кіргізеді», – деп жауап береді. 
Ахмад ибн Ханбалдың айтуы бойынша, Уқба ибн Амир (р.а.) айтады: «Бір күні 
Пайғамбарымызбен (с.а.с.) кезігіп қалып, қолын ұстап тұрып: «Уа, Алланың Елшісі
маған ең жақсы іс қайсы екенін айтшы», – деп өтіндім. Ол маған: «Уа, Уқба, туыстық 


71 
мәмілесін үзгендерге жақсы мәміле жасай бер, сенен малын аяғандарға сен аяма 
және саған әділетсіздікжасаған кісіні кешір», – деп жауап берді. Хакимнің риуаяты 
бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Сөзіме құлақ сал! Өмірі ұзын, ризығы кең болуын 
қалағандар туыстық ақыларына көңіл бөлсін», – деп аяқтаған. 
Табаранидің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір сахабаға: «Бұл дүние 
мен ақыретте ең пайдалы мінез туралы айтайын ба? Мәмілесін үзген жақыныңа 
туыстық мәміле жаса, құр қол қайтарғандарға бер және саған жамандық жасаған 
кісіні кешір», – деген. 
Табаранидің басқа бір риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Ең жақсы сипат – 
байланысын үзіп қойған жақындарыңа туыстық мәміле жасауың, қолыңды 
құр қалдырғандарға беруің, саған көңіліңді қалдыратын сөздерді айтқандарды 
кешіруің», – деп айтқан. 
Табаранидің тағы бір риуаяты бойынша, Алла Елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Алла 
мемлекеттерді ұлы қылып, пенделерінің дәрежелерін биіктетуіне себеп болған 
мінездер туралы айтайын ба?» – деді. Сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі, айтыңыз», – 
деп құлақ түріп қалды. Пайғамбарымыз (с.а.с.): 
«1) Саған жаман мәміле жасағандарды дұрыс түсінуің; 
2) Әділетсіздік жасағандарды кешіруің; 
3) Сенен малын аяғандарға беруің; 
4) Туыстық мәмілесін үзгендермен байланыста болуың» – деп жауап қайтарды. 
Ибн Мажаның риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Сауабы бұл дүниеде 
ерте берілетін жақсылықтар – ата-анаға жақсылық жасау және туыстық мәмілені 
сақтау. Ал енді ең ерте жазасы берілетін жамандықтар – ата-ана мен басқа 
туыстарға жамандық жасау және туыстық мәмілені үзу»
193

– деп жауап қайтарды. 
193
 
Ахмад ибн Ханбал, Муснад, 15191; Табарани, Муғжамул кәбир, 20/188. 
Табаранидің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Ақыретке 
сақталған жазасынан тысқары бұл дүниеде жазасы берілуіне ең лайық 
жамандықтар – туыстық мәмілені үзу, аманатқа қиянат жасау және жалған айту. 
Ал енді сауабы өте тез берілетін жақсы іс – туыстық мәмілелерге мән беру. Бір 
бала-шаға мүшелері моралдық жақтан бұзық болса да туыстық мәмілесін жақсы 
сақтаумен мал-мүлкінің көбеюінтілесе, мал-мүлкі көбейеді»
194

194
 
Тирмизи, 2511; Әбу Дәуіт, 4902; ибн Мажа, 4211. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет