Имам ғазали жүректің сырлары



Pdf көрінісі
бет57/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   193
Жүректің сырлары T.a

Ата-анаға жақсылық жасау 
Бұхари мен Мүслимнің риуаят еткені бойынша, ибн Масғуд (р.а.) былай дейді: «Бір 
күні Пайғамбарымыздан (с.а.с.) «Алланың алдында ең сүйікті іс қайсы?» – деп 
сұрадым. 
– Уақытында оқылған намаз, – деп жауап берді. 
– Содан кейін қайсы? – дедім. 
– Ата-анаға жақсылық жасау, – деді. 
– Содан кейін ше? – дегенімде, 
– Алла жолында күресу, – деді.
195
 
195
 
Бұхари, 527; Мүслим, 85; Нәсаи, 610. 


72 
Мүслимнен басқалардың риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Бала ата-
анасының ақысын біреудің қолында құл болып жүрген жерінен оларды сатып алып, 
құлдықтан босатса ғана өтей алады»
196

– деген. 
196
 
Мүслим, 1510; Әбу Дәуіт, 5137; Тирмизи, 1906. 
Мүслимнің риуаят еткені бойынша, бір кісі Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп: «Өз 
өлкемнен шығып, Алла жолында күресіп сауапқа жетуге саған ант беремін», – деді. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): 
– Ата-анаңның көзі тірі ме? – деді. 
– Екеуі де тірі, – деді әлгі. 
– Сен шындап Алла жолында сауап тапқың келе ме? 
– Әлбетте. 
– Онда ата-анаңның жанына барып, оларға жақсы қара, – деді Пайғамбарымыз.
197
 
197
 
Мүслим, 2549. 
Әбу Йағла мен Табаранидің риуаяты бойынша, бір кісі Пайғамбарымызға (с.а.с.) 
келіп: «Мен Алла жолында күресейін деп едім. Бірақ соған күшім жетпейді. Маған не 
ұсынасыз?» – дейді. Алла Елшісі (с.а.с.) одан: 
– Ата-анаң тірі ме? – деп сұрады. 
– Анам тірі, – деді анау кісі. 
– Онда оған жақсы қарап, Алланың разылығын тіле. Егер мұны орындай алсаң
қажылықтың, ұмраның және жиһадтың сауабына ие боласың
198

– деді Пайғамбарымыз. 
198
 
Әбу Йағла, Муснад, 2/149. 
Табаранидің тағы бір риуаяты бойынша, бір кісі Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп: «Уа, 
Алланың Елшісі, мен Алла жолында күрескім келеді, маған не ұсынасыз?» – дейді. 
Алла Елшісі (с.а.с.) «Анаң тірі ме?» – деп сұрайды. Адам: «Иә», – деп жауап бергенде, 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Онда оның жанынан шықпа. Пейіш – оның 
табанының астында», – деп жауап береді. 
Ибн Мажаның риуаяты бойынша, Пайғамбарымыздан (с.а.с.) «Ата-ананың балада 
қандай ақылары бар?» – деп сұрайды. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Пейішің де, тозағың 
да – солар», – деп жауап берген. Ибн Мажа мен Нәсаидің риуаят еткені бойынша, бір 
кісі Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп: «Уа, Алланың Елшісі! «Соғысқа қатысайын ба» деп 
кеңес сұрағалы келдім», – дейді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Анаң бар ма?» – деп 
сұрайды. Әлгі кісі: «Иә», – дегенде, Алла Елшісі (с.а.с.): «Онда оның жанынан шықпа, 
өйткені пейіш оның табанының астында», – деп жауап береді. 
Сол хадистің басқа сахих риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.) әлгі кісіден «Ата-анаң 
бар ма?» – деп сұрайды. Ол: «Иә», – дегенде, «Олай болса олардың жанынан шықпа, 
пейіш солардың табандарының астында», – деп жауап береді. 
Тирмизидің айтуы бойынша, бір кісі Әбу Дардаға (р.а.) келіп: «Отбасылымын, бірақ 
анам жұбайыммен ажырасуымды талап етіп жатыр. Маған қандай өсиет етесіз?» – 
дейді. Әбу Дарда (р.а.): «Мен Пайғамбарымыздың (с.а.с.): «Әке – пейіштің ортаңғы 
есігі», – дегенін естігенмін. Қаласаң, сол ортаңғы есікті қолдан шығар, қаласаң сақтап 
қал», – деп жауап береді. 
Ибн Хиббанның сахих хадистер жинағында былай деп жазылады: «Бір кісі Әбу 
Дардаға келіп: «Әкем менің жанымда. Тіпті мені үйлендірді. Енді әйеліммен 
ажырасуымды талап етіп жатыр. Қалай жасайын?» – деп сұрайды. Әбу Дарда (р.а.) 
әлгі кісіге: «Мен саған «Әкеңді ренжіт» деп те, «әйеліңмен ажырас» деп те айта 
алмаймын. Бірақ қаласаң саған Пайғамбарымыздан (с.а.с.) естіген бір сөзді айтайын: 
«Ол: «Әке – пейіштің ортаңғы есігі» – деген еді. Сен сол есікті сақтап қал не қолдан 
шығар», – деп жауап береді»
199

199
 
Тирмизи, 1900; ибн Мажа, 2089. 


73 
Ибн Хиббан мен Тирмизидің риуаяты бойынша, әзірет Омардың ұлы төменгідей 
оқиғасын айтып кеткен: «Менің бір әйелім бар еді, оны өте жақсы көруші едім. Бірақ 
әкем Омар (р.а.) оны жақсы көрмеді. Маған: «Онымен ажырас», – деді. Мен келіспедім. 
Ол Пайғамбарымызға (с.а.с.) барып бұл туралы айтты. Алла Елшісі (с.а.с.) мені 
шақырып алып: «Әйеліңмен ажырас», – деді». 
Ахмад ибн Ханбалдың айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кім өмірінің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет