75
паналауға мәжбүр болды. Олар үңгірде отырғанда, кенеттен құлап келген үлкен тас
осы үңгірдің ауызын жауып қалды. Олар бір-біріне: «Сол уақытқа шейін жасаған жақсы
істерімізді себепкер қылып дұға қылудан басқа еш нәрсе
бізді бұл тастан құтқара
алмайды», – деді.
Басқа бір риуаят бойынша, олардың арасынан біреу әлгі екеуіне: «Осыған шейін
Алла разылығы үшін жасаған істеріңді еске түсіруге әрекет жасаңдар. Соларды ортаға
салып, Аллаға жалбарсаңдар, бұл тасты жылжытар», – деді.
Тағы бір риуаят бойынша, араларынан біреуі әлгі екеуіне: «Іздеріміз өшті, үңгірдің
ауызын тас жауып қалды. Алладан басқа ешкім біздің бұл жерде екенімізді білмейді.
Сенген жақсы істеріңді ортаға салып, Аллаға жалбарыңдар», – дейді.
Сонда олардың біреуі алақан жайып Аллаға былай деп дұға қылды: «Уа, Жаратқан
Алла! Менің өте қартайып қалған ата-анам бар еді. Мен түнде оларға сүт бермей тұрып
балаларыма да, малыма да қарамаушы едім. Бір күні отынға барып, үйге кеш келіп
қалдым. Келсем, ата-анам ұйықтап қалыпты. Сүтті сауып, ысытып келсем, әлі ұйықтап
жатыр екен. Оларға сүт бермей тұрып балаларыма тамақ, малыма жем бергім келмеді.
Сүт
құйылған шәйнекті қолыма ұстап, олардың оянуын күтіп жандарында отырдым.
Таң атып жер жарық болғанға шейін сол жағдайда күттім. Олар оянысымен оларға сүт
бердім.
Уа, Жаратқан Алла! Егер бұл істі Өзіңнің разылығыңа жету үшін жасаған болсам, бізді
бұл үңгірден құтқара көр!»
Оның бұл дұғасынан кейін тас орнынан біраз жылжыды. Үңгірдің аузы біраз
ашылғанымен әлі де кісі шығатындай емес еді.
Басқа бір риуаятта былай деп айтылады: «Менің шиедей болған жас балаларым бар
еді. Малды үйге айдап келгенде сүтін сауып әуелі қартаң ата-анама,
содан соң
балаларыма сүт беретін едім. Бір күні отын алғалы барып, үйге қас қарайғанда келдім.
Келсем, ата-анам ұйықтап қалыпты. Әдеттегідей сүтті сауып, оны пісіріп алып
жандарына барсам, әлі қызу ұйқыда екен. Олардың ұйқысын да бұзғым келмеді,
олардан бұрын балаларыма сүт беруді де қаламадым.
Шыдамы кеткен балаларым жылап аяғыма жабысып жүрді. Соған қарамай ұйқыда
жатқан ата-анамды күтіп отырып таң атырдым.
Уа, Жаратқан Алла! Мен бұл істі Өзіңнің разылығың үшін жасағаным саған мәлім.
Сол ісім үшін бізді мына жердің қараңғылығынан құтқарып, Күннің көзін көрсете көр».
Оның бұл
дұғасымен тас орнынан жылжып, оларға Күннің көзін көре алатындай
жылжып ашылды.
Екінші кісі бауырының қызымен зина жасаудан Алладан қорқып, өзін тыйғанын айтып
дұға қылды.
Үшіншісі біреудің еңбек ақысына берілетін қойды көбейтіп бағып жүріп кейін иесіне
толық қайтарып бергенін айтып дұға қылды. Бұл дұғалардан кейін үңгірдің аузы
ашылып, үшеуі құтылып сыртқа шығып, одан ары жолын жалғастырды»
208
.
208
Бұхари, 2152; Мүслим, 2674.
Достарыңызбен бөлісу: