Имам ғазали жүректің сырлары



Pdf көрінісі
бет61/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   193
Жүректің сырлары T.a

Ашкөздік және құр қиял 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Сендер үшін екі нәрседен қорқамын. Олар – дүниеге тірек 
болатындай сезімдеріңе және нәпсілеріңнің ашкөздігіне алдануларың. Өйткені 
дүниеқұмарлық сезімде болу ақыретті ұмыттырады. Нәпсініңашкөздігіне алдану 
пендені ақиқаттан адастырады»
218

218
 
Байхақи, Шуғабул иман, 8/730. 
Алла Елшісі (с.а.с.): «Дүниеге құнығу, дүниеқұмарлық, дүние үшін сараңдық жасау. 
Міне, осы үш нәрсе: қураған кедейлікке, бітпеген тіршілікке, байлықтан ажыратқан 
қайғыға итермелейтініне кепілмін», – деп айтқан. 
Риуаяттарға қарағанда, Әбу Дарда (р.а.) хумус еліне былай деген: «Уа, хумус елі! 
Ішінде тұрмайтын бос үйлерді салудан, құр қиялдарға алданудан, жегеннен шектен тыс 
мал-мүлік жинаудан ұялмайсыңдар ма? Сіздерден бұрын өткендер биік ғимараттарды 
салып, көп мал-мүлік жинаған және өздерін дүниені тіреп тұрғандай сезінген. Бірақ 
салған ғимараттары олардың мазары болды. Дүниені тіреп тұрғандай сезімдері 
жоғалды және жинаған мал-мүлкі ешбір іске жарамай қалды». 
Әзірет Али әзірет Омарға (р.анһума): «Екі досыңа (Пайғамбарымыз (с.а.с.) мен әзірет 
Әбу Бәкірге) жолығуды қаласаң, киген киімің жамаулы және аяқкиімің ескі болуға тиіс. 
Дүниені тіреп тұрғандай сезімдерге алданба және ешқашан қарның тойып 
тамақтанба», – деп насихат айтты. 
Әзірет Адам (а.с.) ұлы Шиске (а.с.) бес насихат айтты және бұл насихаттарды 
келешекте өз ұлдарына өсиет қылып кетуін өсиеттеді. Оның айтқан насихаттары 
төмендегідей: 
1) Ұлдарыңа бұл дүниеге сеніп алмауды өсиетте. Өйткені мен мәңгілік деп пейішке 
беріліп кеттім де, Алла мені ол жайдан шығарды. 
2) Ұлдарыңа әйелдерінің қалауымен бір іске бармауын өсиетте. Өйткені мен 
жұбайымның қалауына мойынсұнып, тыйым салынған ағаштың жемісінен жегенім үшін 
өкініште қалдым. 


78 
3) Ұлдарыңа әрбір істің соңын алдын-ала ойлауын өсиетте. Егер мен жасаған ісімнің 
соңын ойлағанымда басыма жалпыға мәлім болған бәлелер келмес еді. 
4) Егер бір істі бастарда көңілдерің күмәнданса, ол істен алыс болыңдар. Өйткені мен 
тыйым салынған ағаштың жемісін жейтін кезде көңіліме күдік ойлар келген еді. Бірақ 
соған қарамай ол істен бас тартпағаным үшін ақырында өкініп қалдым. 
5) Бір істі бастарда оны жақсы білгендермен кеңесіңдер. Егер мен тыйым салынған 
ағашқа жақындамай тұрып періштелермен кеңессем, басыма бұл бәлелер келмес еді». 
Мужаһид (рахматуллаһи аләйһи) былай дейді: «Абдулла ибн Омар бір күні маған 
былайша насихат айтты: «Таң атырғаныңда «Түнде не жасаймын?» деп ойланба. Кеш 
кіргенде «Ертең не болады?» деп уайымдама. Тірі кезіңде өлімің үшін, денің сау кезде 
ауырып қалатын күндерің үшін қамдан. Өйткені ертең не болатынын біле алмайсың». 
Риуаят бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) бен сахабалардың арасында төмендегідей 
әңгіме болды: 
– Бәрің пейішке кіруді қалайсыңдар ма? 
– Әлбетте. 
– Олай болса, дүниені тіреп тұрғандай сезімдерге беріліп кетпеңдер және Алладан 
шындап ұялыңдар. 
– Біз бәріміз Алладан ұялады емеспіз бе? 
– Сендердің ұялғандарың шынайы ұялу болып есептелмейді. Қабірді және 
денелердің шіруін әрдайым естеріңде ұстаңдар. Қарындарың мен ондағы мүшелерді, 
бастарың мен ондағы мүшелерді харамнан сақтаңдар. 
Ақыреттегі биік орындарды қалаған кісі бұл дүниенің әшекейіне берілмеуге тиіс. Алла 
Тағаладан шындап ұялу сондай. Пенде сонымен Алланың достығына жетеді
219

219
 
Тирмизи, 2458. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) тағы бір хадисінде былай дейді: «Бұл үмбеттің 
амандығының басы тақуалықта болғандай, құрдымға кетуі де сараңдық пен дүниені 
тіреп тұрғандай, еш өлмейтіндей сезімдерге алдануында»
220

220
 
Байхақи, 7/345. 
Үмміл Мунзирдің былай деп айтқаны риуаят етіледі: «Бір күні түнде Пайғамбарымыз 
(с.а.с.) сахабалардан: «Уа, адамдар, сендер Алладан ұялмайсыңдар ма?» – деп 
сұрады. Сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі, не болды?» – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) 
оларға: «Жеп тауыса алмастай байлық жиясыңдар, құр қиялдардың артынан 
жүгіресіңдер, тұрып үлгере алмастай көп үй саласыңдар», – деп айтты. 
Сахабалардан Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) айтады: «Бір күні Усама ибн Зайд Зайд ибн 
Сабиттен ақшасын бір айдан кейін бермекші болып жүз дирхамға бір күң сатып алады. 
Сонда Пайғамбарымыздың (с.а.с.): «Усаманың бір айлық несие сауда 
қылғаны сендерді таңғалдырды емес пе? Ол өзін еш өлмейтіндей сезініп қалыпты. 
Аллаға ант етейін, мен көзімді ашқан сайын қайта жұма бере Алла жанымды ала ма 
деп ойлаймын. Бір нәрсеге қараған сайын қайта жерге қарауға үлгермей өлем бе 
деймін. Аузыма тамақ салған сайын оны жұта алмай өліп, тамақ кеңірдегімде қалып 
қала ма деп ойлаймын», – деп айтқанын естідім. 
Одан кейін: «Уа, халайық, егер ақыл-естерің орнында болса, өзіңдеріңді өліктердің 
арасында деп есептеңдер. Аллаға ант етейін, сендерге білдірілген ақырет көз ашып-
жұмғанға шейін бастарыңа келіп қалады және оны тоқтата алмайсыңдар», – деді. 
Риуаят бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) көпшілікпен әңгімелесіп отырып қолына үш 
шырпыны алады да, біреуін алдына, екіншісін жанына жерге қадап, үшіншісін 
алысырақ лақтырады. Содан соң сахабалардан: «Бұлар нені түсіндіретінін білесіңдер 
ме?» – деп сұрайды. Сахабалар: «Алла және Оның Елшісі біледі», – дегенде, ол: 
«
Алдыңғы жағымда қадаулы тұрған шырпы – пенде, жанымдағы – ажал, 


79 
алысқа лақтырғаным – кісінің түбі жоқ құр қиялдары. Пенде құр қиялының 
артынан жетпей жүгіріп жүріп ажалдың шеңгеліне түседі», – деп қорытындылады. 
Риуаяттарға қарағанда, Иса (а.с.) бір жерде отырған. Арғы жақта бір қария күрекпен 
жер қазып жатты. Иса (а.с.): «Уа, Жаратқан Алла! Бұл қарияның көкірегінен дүниені 
тіреп тұрғандай құр қиялдарды өшір», – деп дұға қылды. Сол сәтте қария күрегін тастай 
салып жерге жата кетті. 
Иса (а.с.): «Уа, Жаратқан Алла, бұл қарияға көп өмір сүру үмітін қайтарып бер», – деп 
дұға қылды. Содан соң баяғы қарияның жанына барып, жасап жатқан ісін тоқтатып, 
қайта бастауының сырын сұрағанда, ол: «Жерге жатпас бұрын «Сен қатты қартайдың, 
тағы қаншаға шейін істемек едің» деген ой пайда болып, күректі тастап жерге жата 
кеттім. Бірақ біраз демалғаннан кейін «қалған өміріңде де жан бағуың керек» деген 
оймен күректі қайтадан қолға алдым», – деп жауап береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет