Имам ғазали жүректің сырлары



Pdf көрінісі
бет70/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   193
Жүректің сырлары T.a

аспанның ортасында қалдырып қойған. Ұлы Жаратқан оған қарамайды. Қиямет күні 
дүние «Уа, Жаратқан Ием, бүгін мені достарыңның ең төменгі дәрежедегісіне 
бер», – дейді. Алла Тағала оған: «Ей, еш нәрсеге арзымаған дүние! Үндеме! Оларға 
сені фәни дүниеде лайық көрген емеспін. Енді қалай бермекпін?» – деп жауап береді». 
Адам (а.с.) тыйым салынған ағаштың жемісін жегенде қарны құрылдай бастады. 
Бұрын жеген жемістерінің ешбірі оның асқазанын бұзған емес еді. Негізі, міне, сол 
себептен ол жеміске тыйым салынған еді. 
Қарны құрылдаған Адам (а.с.) пейіштің ішінде ары-бері жүре бастады. Алла Тағала 
періштелердің бірін онымен сөйлесіп келуге жіберді. Келген періште одан «Не 
қалайсың?» – деп сұрады. Адам (а.с.) періштеге: «Қарныма ауырлық қылған нәрсені 
шығарып тастағым келіп жатыр», – деді. 
Алланың әмірімен келген періште оған: «Қарныңа жүк болған нәрсені қай жерге төккің 
келеді? Төсегіңе ме, жастығыңа ма, дарияға ма не бақтардың арасына ма? Тегі, бұл 
жерде осыған лайықты жай бар ма екен? Дереу жер бетіне түс!» – дейді. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабаларға: «Қиямет күні пенделер Алланың алдына 
Тихама
252
 
тауындай жақсы істерімен келіп, бірақ аяғында тозаққа тасталуға 
бұйырылады», – деді. 
252
 
Араб жартыаралының Түстік-Батыс жегіндегі дөңестер. 
Мұны естіген сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі, ол кісілер намаз да оқушы ма еді?» – 
деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабаларға: «Олар намаз оқып, ораза ұстап, тіпті 
түннің бір бөлігін ғибадатпен өткізді. Бірақ дүниені көрген мезетте баса қалды», – деп 
жауап берді. 
Алла Елшісі (с.а.с.) бір құтбасында былай дейді: «Мүмин екі қорқыныштың 
ортасында тұрады. Бірі – өткен өмір, ол туралы Алла қалай қылғанын білмейді. 
Екіншісі – қалған өмір, ол туралы Алла қалай үкім бергенін білмейді. Демек, әркім 
өзіне өзі, бұл дүниесінен ақыретіне, тірілігінен өліміне және жастығынан кәрілігіне 
азық дайындауы керек. Өйткені бұл дүние сендер үшін, сендер ақырет үшін 
жаратылдыңдар. Жаным қолында болған Аллаға ант етейін, өлімнен кейін сұрап 
талап ететін нәрсе жоқ. Бұл дүниеден кейін пейіш не тозақтанбасқа жай жоқ». 
Әзірет Иса (а.с.): «Су мен от бір ыдыста бірікпегендей, дүние сүйіспеншілігі мен 
ақырет сүйіспеншілігі бір мүминнің жүрегінде бірікпейді», – деп айтқан. 
Риуаяттарға қарағанда, Жәбірейіл (а.с.) Нұх пайғамбардан: «Уа, пайғамбарлардың 
ұзын өмірлісі, бұл дүние қалай екен?» – деп сұрайды. Әзірет Нұх (а.с.): «Алды-артында 
екі есігі бар үйге ұқсайды, бірінен кіріп, екіншісінен шықтым», – деп жауап береді. 
Әзірет Исаға (а.с.): «Тұрақты өмір сүретіндей үй салып алмайсың ба?» – дегенде, ол: 
«Бұрынғылардан қалған қалдықтар бізге жетеді», – деп жауап берген. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Дүниеден сақтаныңдар, өйткені ол Харут пен 
Маруттан
253
 
да сиқырлырақ», – деген. 
253
 
Сиқыр ілімін мықты білген періштелер. 
Хасан Басридің (рахимаһуллаһу) айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір күні 
сахабалардың алдына шығып былай деді: «Араларыңда соқырлықтан Алланың 
құтқаруын қалағандар бар ма? Мені тыңдаңдар. Дүниеге берілгендерді және өздерін 
дүниеге құныққандарды ниеттеріне қарай Алла көкіректерін соқыр қылып қойған. Ал 


92 
енді дүниеге қызықпаған және одан шектен тыс нәрсе күтпегендерге ілім нәсіп қылып, 
тура жолға салған. 
Назар салыңдар! Сендерден кейін бір елдер өмір сүреді. Олардың биліктері 
қылмыссыз және зұлымдықсыз жүрмейді, байлықтары сараңдық және мақтанышпен 
қошталады. Сүюлері асау нәпсілерінің қалауларына негізделеді. 
Назар салыңдар! Ол күнге қалғандар бай болу мүмкіншілігі бар болса да жарлы 
болып қала алса, Алла разылығы үшін ғана соған сабыр қылса, Алла елу әулиенің 
сауабын береді». 
Риуаяттарға қарағанда, бір күні Иса (а.с.) жарқылдаған найзағайлы, шелектеп төккен 
жаңбырлы күнге тап болып, бас сұғар жай іздейді. Алыстағы бір шатыр көзіне 
шалдығып, жанына барса, ішінде бір әйелдің отырғанын көреді де, ол жерде қалғысы 
келмей жолын жалғастырады. Сөйтіп бара жатып, таудағы үңгірге тап болып, ішке 
кірейін десе үңгірдің ішінде бір арыстан жатады. Ол арыстанды сипап отырып, Аллаға: 
«Уа, Жаратқан Алла! Барлық жандыға ұя бердің де, маған пана болар жайды нәсіп 
қылмадың», – деп өтінеді. Сонда Алла Тағала уахи арқылы оған былай деп білдіреді: 
«Сенің үйің менің мейірімімнің ортасында. Сені қиямет күні Өз құдіретіммен жаратқан 
жүз хор қызға үйлендірем. Тойыңда әр жылы дүниенің өміріндей ұзын болған төрт мың 
жылдық сый берем. Бір жаршыға бұйрық берем. Ол: «Дүниеге қызықпағандар қайда? 
Дүниеден бас тартқан Мариям ұлы Исаның тойына келіңдер» – деп жар салады». 
Бұл уахиден кейін әзірет Иса (а.с.): «Дүниеге құл болғандардың басына келген 
бәлелерді қарашы! Олар қайтіп өледі, бұл дүниені және бұл дүниеде тапқандарын 
қайтіп тастап кетеді?! Дүние оларды алдаса да оған күмәнсіз сеніп жатыр. Сол 
алданғандар құрсын! Дүние оларға жағымсыз нәрселерді көрсеткен, оларды 
сүйіктілерінен ажыратқан және қорыққан бәлелерін басына түсірген. Көздегені дүние 
және жасаған істерінің бәрі күнә болғандар құрсын! Жасаған күнәлары үшін ертеңгі күні 
жерге қарайды ғой!» – дейді. 
Риуаяттарға қарағанда, Алла Тағала әзірет Мұсаға былай деп уахи қылды: «Уа, 
Мұса! Әділетсіздердің тұрағы болған дүниеге қызықпа. Ол мекен саған тұрақ болып 
қалмайды. Оны ұмыт, ол өте жаман орын! Бірақ ол жерде жақсы істерді жасағандар 
үшін өте жақсы. Уа, Мұса, қорлық көрген пенденің ақысын алғанға шейін зұлымдық 
жасаған пендені қолдан шығармаймын». 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Әбу Убайданы (р.а.) Бахрейнге жібереді. Ол сол жақтан көп 
мүлікпен келеді. Әбу Убайданың қайтып келгенін естіген ел таң намазын 
Пайғамбарымызбен (с.а.с.) бірге оқуға ұмтылады. Алла Елшісі (с.а.с.) намаздан кейін 
мешіттен шығып бара жатқанда, сахабалар тізіліп қалады. Оларды көрген 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) күлімсірей: «Әбу Убайданың бір нәрсе алып келгенін естіген 
сияқтысыңдар», – дейді. Ансарлар «Естідік», – деп жауап береді. Сонда 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Сүйіне беріңдерші, көрейік! Аллаға ант етейін, кедейленіп 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет