14
Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: «
Көп жеп, көп ішумен жүректеріңді
өлтірмеңдер. Өйткені көп суғарылған өсімдік тамыры шіріп қурап қалғандай,
жүрек те (көп жеп-ішуіменен) өледі».
Ғалымдардың кейбіреулері асқазанды жүректің астында қайнаған және оның буы
жүректі үрлеп тұрған қазанға ұқсатады. Бу көп болса, жүректі қарайтады, тіпті өлтіреді.
Көп тамақтану ой-түсінікті және білімді азайтады. Құрсақтың үлкендігі еске сақтауды
нашарлатады.
Хикая
Бір күні Яхия пайғамбар (а.с.) шайтанға жолығып қалады.
Оның қолында бірнеше
жүген бар еді. Яхия (а.с.): «Бұл не?» – деп сұрағанда, шайтан: «Бұл – адамзатты
аулайтын, шектен шыққан нәпсінің қалаулары» – деп жауап береді. Яхия (а.с.): «Бұның
арасында маған тиесілісі де бар ма?» – десе, шайтан: «Жоқ, сен бір мәрте кешкі
тамақты тойып жеп алғаныңда намазды саған ауырлатқан едік», – деп жауап берді.
Бұл сөз өмірінде бір рет тойғандар үшін айтылуда. Ал енді өмірінің әрбір күнінде
қарнын
қампитып алып, аштық не екенін білмей тұрып ғибадат жасауға әрекет
жасағандарға не деу керек?
Риуаяттарға қарағанда, Яхия (а.с.) бір мәрте арпа нанмен қарнын тойдырып алып,
сол түні зікір қыла алмай ұйықтап қалған еді. Алла Тағала оған былай деп уахи
жіберген: «Уа, Яхия! Менің үйімнен жақсы үй тауып алдың ба? Не менен де жақын
біреуді таптың ба?
Ұлылығыма ант етейін, Фирдаус пен тозақты жақыннан көріп
салыстыра алсаң, көз жастың орнына көзіңнен ірің ағып, тігілген киімнің орнына темір
киім киер едің».
Достарыңызбен бөлісу: