6 тақырып. Анимация құру құралдары Flash– технологиясы.
10,11 - дәріс. Анимация құру құралдары Flash– технологиясы.
Дәрістің мақсаты: FLASH бағдарламасының интерфейсін қарастыру.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1 Шығу тарихы.
2 Графикалық кескіндердің түрлері.
3 Анимацияның түрлері.
Дәрістің тезисі:
FLASH
бағдарламасының шығу тарихы
FLASH бағдарламасы алғаш рет 1996 жылы пайда болды.
Оның ең бірінші екі
нұсқасы өте ыңғайсыз болды. Өйткені олар
векторлық графика негізінде
анимацияны жылдам құра алмады. Үшінші нұсқасында көптеген қосымша құрал –
саймандар пайда болды,осының әсерінен Интернетте FLASH құралдары арқылы
жасалынған сайттар пайда бола бастады. Бірақ бұл бағдарлама тек
төртінші нұсқасы
жасалған кезде ғана танымал болды. Оған қуатты иілгіш құрал –
ActionScript тіл
сценариі қосылды. Осы кезде FLASH технологиясы негізінде жасалынған Web –
сайттарының саны күрт өсті. Ал 2000 жылдың тамыз айында
Macromedia
компаниясы шығарған FLASH бағдарламасының бесінші нұсқасы жарық көрді. Бұл
бағдарламаға Безье қисықтарын меңгеру үшін жаңа құрал –
саймандар, көптеген
кітапханалар қосылды. Бұл кітапханаларды әр кезде кез келген адам қолдана алатын
болды.
Графикалық обьектілермен жұмыс
Векторлық графика
FLASH бағдарламасымен танысуды әдетте бірнеше
кезеңге бөледі және оның
алғашқысы графикалық редакциялау және салу модулінің мүмкіндіктерімен танысу
болып табылады. FLASH бағдарламасы растрлық емес
векторлық кескіндермен іс -
әрекет жасайды.
Растрлық кескіндер