Инженерлік графика және кәсіби білім проблемалары №2 (41)• 2017
Проблемы инженерной графики и Рroblems of engineering and
профессионального образования № 2(41) •2017 6
professional education № 2 (41) •·2017
атындағы Еуразия ұлттық университет жанынан шығатын «Инженерлік графика
мен кәсіби білім проблемалары» атты ғылыми-педогикалық журналдың
редакциялық алқасының мүшесі.
Қазақта, «ғалымның хаты ...» қалады деген сөз бар. Осыған орай, ғалым
Жаңабаевтың көптеген оқулықтары мен оқу құралдары бар. Алматы қаласындағы
«Мектеп» баспасынан
2005 жылы «Инженерлік және компьютерлік графика» атты
оқулығы (305 беттен тұрады) Қазақстан Республикасы білім және ғылым
министрлігі ұсынған оқулық ретінде үлкен данамен басылып шыққан. Бұл оқулық
жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендері
әзірлеу, басып шығару және оларды мемлекеттік тілге аудару бойынша
республикалық конкурстың жеңімпазы болады. Екінші үлкен
507 беттен тұратын
көлемді еңбегі «Инженерлік графика (сызба
геометрия, машинажасау сызуы)»
оқулығы да, Алматы қаласында «Экономика» баспасында
2012 жылы басылып
шыққан. Бұл оқулық та, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
ұсынған еңбек.
Сонымен, бұл оқулықтарда студенттер сызба геометриясы әдістері мен
қарындаштың көмегімен сызу ережелерін игере отырып, ақпараттық технологиялар
негізінде инженерлік графика тапсырмаларын шешуге мүмкіндік беретін
компьютерлік графика құралдарын қатар үйрену, студенттердің графикалық бөлігін
алдымен қолмен орындай отырып, содан соң автоматтандырылған
жолмен сызып
үйрету болып табылады.
Үлкен ғылыми еңбегі, яғни «Пути совершенствования инженерно-графической
подготовки специалистов в условиях развития информационных технологий» атты
монографиясы
2004 жылы Алматы қаласында басылып шыққан (168 бет). Сонымен
қатар, «Сызба геометриясы мен инженерлік графика» курсы бойынша
мультимедиялық дәрістер жинағы жасалған.
Тұнғыш «Қолданбалы геометрия мен инженерлік графикадан» Киев
қаласында, Киев инженерлік құрылыс институтының (КИСИ) аспиранты болған.
Жаңабаев Жақсылық Жұмаділұлы кандидаттық диссертациялық жұмысын
1976
жылы Киев инженерлік құрылыс институтында «Алгоритмы задания и
развертывания торсовых поверхностей, обеспечивающие автоматизацию их
конструирования» тақырыбы бойынша қорғаған. Зерттеудің құндылығы:
жасалатын беттерге тиісті кез-келген түрдегі бағыттаушы сызықтармен берілген
торстық беттерді жасаумен, оны жазудың автоматтандырылған жүйесін құру,
Инженерлік графика және кәсіби білім проблемалары №2 (41)• 2017
Проблемы инженерной графики и Рroblems of engineering and
профессионального образования № 2(41) •2017 7
professional education № 2 (41) •·2017
торстық беттерді құрастыруды және оның жазбасын
орындауды автоматтандыру
процесін толық қамтамасыз ететін кешенді бағдарламаның құрастырылуын,
күрделі жазылмайтын беттерді жазылатын беттердің бөліктерімен аппроксимация-
лау мүмкіндігін беретін алгоритмдерің ұсынылуы болып табылады [1].
2005 жылы «Инженерлік және ақпараттық технологияларды дамыту
жағдайында мамандарды даярлаудың графикалық мазмұнын жетілдіру» докторлық
диссертациясын қорғап, педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін
алған [2].
Профессор Жаңабаев кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстарын басқарып,
жетекшілік жасап келді. Айтар болсақ: «Оқу процесінде
ЭЕМ-ді пайдаланудың
нәтижелілігін жоғарлату» тақырыбы бойынша мемлекеттік бюджеттік ғылыми
зерттеу жұмысында жүргізілетін қолданбалы ғылыми зерттеу жұмысымен жоғарғы
оқу
орындарындағы
инженерлік-техникалық
мамандықтар
студенттерін
инженерлік компьютерлік графика және автоматтандырылған
жобалау негіздері
саласында дайындауды жетілдірудің дидактикалық негіздерін педагогикалық
тұрғыдан жасалған зерттеулер. Сонымен бірге, Білім және ғылым министрлігінің
іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстары гранты бойынша «Экологиялық нормалау
мақсатында өте жоғары кернеулі әуелік электр желілерінің қоршаған ортаға әсерін
анықтау әдістемесін жасау» атты ғылыми жобаны орындау болып табылады.
Инженерлік графика және кәсіби білім проблемалары №2 (41)• 2017
Проблемы инженерной графики и Рroblems of engineering and
профессионального образования № 2(41) •2017 8
professional education № 2 (41) •·2017
Профессор Жаңабаев Жақсылық Жұмаділұлының ғылым мен білімге қосқан
үлесі, Сызба геометрия ғылымының өрлеуі мен дамуына қосқан үлесі көп және
жемісті,
сонымен бірге, Жақсылық Жұмаділұлы, Оңтүстік Қазақстан облысында
қолданбалы геометрия мектебін ашқан ғалым. Профессор Жаңабаевтың шәкірттері
де аталған ғылымға өз үлестерін қосып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: