Реферат "Жеңіл атлетика"



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата12.09.2023
өлшемі254.01 Kb.
#477243
түріРеферат
1   2   3   4   5
stud.kz-31819

2. Жеңіл атлетика
Спорттың
ең көп тараған түрі. 
Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен биіктікке секіру,спорттық 
снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл атлетикалық жарыстар
ашық және жабық (манеж) алаңдарда өтетін жеке , командалық және 
эстафеталық жарыстар болып бөлінеді. Халықаралық Әуесқойлық Жеңіл Атлетика 
Федерациясы (ИААФ) 1912 жылы құрылған. Оған қазір 200-ге жуық ұлттық ассоциациялар 
біріккен. Олимпиадалық ойындар 1896 жылдан (1-Олимпиадалық ойын ), дүниежүзілік 
чемпионат 1983 жылдан өткізіліп келеді. Жеңіл атлетика ойындары өте көнеден белгілі. Ол 
ежелгі Олимпиада ойындарының бағдарламасына енген.


 Жеңіл атлетика тарихы
Жеңіл атлетиканың тарихы ежелгі дүние дәуіріндегі халықтардың іс әрекетінен 
басталады. Табиғи қозғалыстар, яғни, жүру, тұру, секіру адам бұлшық еттерінің қозғалысы 
адамзат пайда болған дәуірден бастау алады. Мәліметтерге сүйенсек, жеңіл атлетикадан 
жарыс біздің заманымызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Бұл туралы Ежелгі Грек олимпиада 
ойындары туралы жазбаларда анық жазылған.
Сол замандарда жарыс тек ұзын-сонар алаңда жүгіру жарысымен шектелген. Ерлер мен 
әйелдар арасындағы бәсеке жеке өткізіліпті.
Гректер жұдырық түйістіретін спорт түрі мен күресті ауыр атлетикаға жатқызған. Бұрынғы 
атлеттердің жетістігі жүгіру шапшаңдығымен өлшенген. Бізге алғашқы олимпиадалық 
чемпиондардың Ежелгі 
Грекиядан
шыққаны белгілі. Бұл шара біздің заманымызғаға дейінгі 
776 жылы өткізілген. Онда атлеттер тек жүгіру спорт түрінен бақ сынаған. Додаға 192 
метрді бағындырған жалғыз атлет жеңімпаз аталған екен. 
Ал, жеңіл атлетика алғаш рет 
Англияда
ұйымдастырылған. 
1837
жылдары жарысқа 
түскендер 2 метр қашықтықта жүгірген. Оған қатысушылар Регби қаласындағы колледжде 
білім алып жатқан жастар болған. Итон, Оксфорд, Кембридж, Лондондағы оқу 
орындарында да спорттық жарыстан жиі өтіп тұрған.
Кейіннен бағдарламаға қысқа қашықтықта жүгіру, ұзындықта және биіктіктен секіру сынды 
шарттар енгізіді. 1865 жылы Лондон атлетика клубы құрылды. Бұның негізінде тұңғыш рет 
жеңіл атлетикадан ел чемпионаты өтті. 
1880
жылы
Англияда Британ 
империясының
шеңберінде әуесқойлар атлет қауымдастығы негізін қалады. 
Ал, АҚШ-та 
1868
жылы 
Нью-Йорк
қаласында алғашқы атлет клубы ашылды. Сол 
жылдары Америкада атлетиканың дамуына үлес қосқандардың басым дені университет 
ошақтары болды. 
1880
-90 жылы жеңіл атлетика жеке дара спорт түрі ретінде күллі 
Еуропаға кең таралды.
1896 жылы өткен олимпиада ойындары жеңіл атлетиканың дамуына орсан жол ашты. 
Сол жылы 
Афинада
өткен I Олимпиада ойындарына жеңіл атлетиканың 12 түрі енгізілді. 
Додада америкалық жеңіл атлеттер барлық жүлдені қанжығаларына байлады. Алайда, 
олардың қуанышы ұзаққа бармады. Өйткені, 
1952 
жылдан бастап олимпиада ойындарына 
қатыса бастаған 
КСРО
атлеттері олардың бірден-бір қарсылары болды. 
1996
жылы Атлантада өткен олимпиада ойындарында өнер көрсеткен атлеттердің саны 
2000-ға жетті. Әйелдер арасындағы жарыс
1928 
жылдан бастау алады. Нәзік жандар 1999 
жылы жаздық әлем чемпионатында және 
2000 
жылы 
Сидней олимпиадасында
жақсы 
нәтиежеге қол жеткізеді. 
1968
жылы
Мехикода
өткен жарыста американлық спортшы Боб Бимон— 8 м 90 см 
ұзындықтан секіруден әлем рекортын жаңартқан. Бұны күллі әлем «21 ғасырдың ең биік 
көрсеткіші» деп бағалады. Араға 20 жыл салып Сеулде өткен олимпиадада 100 және 200 м 
қашықтықтан жүгіруден америкалық желаяқ Флоренс Гриф фит- Джойнер рекорттық 
көрсеткішті бағындырды. Оның бұл жетістігі 14 жыл қатарынан сақталып тұрды. 


 Жеңіл атлетиканың Қазақстанда дамуы
Қазақстанда алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс — Бүкіл Қазақстандық 1-
спартакиада 1928 жылы Петропавл қаласында өтті. Республикада жеңіл атлетикадан 
тұңғыш рет КСРО-ның спорт шебері атағын Ш. Бекбаев алды (1943). Қазақстанның жеңіл 
атлеттері Олимпиада ойындарында, дүниежүзілік чемпионаттар мен халықаралық 
жарыстарда жоғары нәтижелерді көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды. Олар: Е. 
Кадяйкин, 
Ғ. Қосанов
, Ә. Тұяқов, В. Савинков, Л. Кононова, С. Исабаев, Б. Күреңкеев, 
В. Муравьев, В. Савин, В. Солдатенко, Л. Микитенко, А. Бадранков, т.б. 
Қазақстандықтар арасында Олимпиадалық ойындарға тұңғыш қатысқан спортшы Е. 
Кадяйкин болды. Тәуелсіз елімізге тұңғыш алтын медальді 2000 жылы Сиднейде 
(Австралия) өткен 27-Олимпиадалық ойындарда кедергі арқылы жүгіруші О. Шишигина 
әкелді. 

 Жүру
Адам баласының табиғи жүруі бар. Сосын жүрудің спорттық түрі бар. Әрине, екеуінің 
айырмашылғы жер мен көктей. Спорттық жүрістің негізгі ережесіне сай әрбір аттаған сайын,
яғни, алдыға аттаған аяқтың өкшесі жерге тимейінше итерілетін аяқты жерден көтеруге 
болмайды. Демек, адамның екі аяғы да жерге тимейтіндей көтеріліп кететін фазасы болмау
керек. Бұл жағдайда кез келген спортшы қалыптасып уйрене бермейді. Табиғи жүрісте 
көтеріліп кететін фазасы болады. Яғни, жүрудің алғы шарты орындалады. Спорттық 
жүріспен жарысқа қатысқан спортшы жүгіріп кетпес үшін көтеріліп кететін фазасын 
төрешілер мұқият қадағалайды.
Жеңіл атлетика 
түрлері
Жүру
Жүгіру
Таяқпен 
секіру
Биіктікке 
секіру
Ұзындыққа 
секіру
Лақтыру


 Жүгіру
Жүгіру, спорттық жүгіру – жеңіл атлетиканың негізгі бір түрі. Оның тегіс жерде әр түрлі 
қашықтыққа жүгіру, кедергілі жүгіру, кросс, марафондық жүгіру сияқты түрлері бар.
Археологиялық ескерткіштер жүгірушілер бәсекесінің ежелгі дәуірлерден бастап 
дамығанын көрсетеді. Б.з.б. 776 жылы 1-ші Олимпиадалық ойындар бағдарламасында 
жүгіруден жарыс өткен. Жарыс жолының қашықтығы 192 метр 27 сантиметрге тең болды, 
ол «стадидром» деп аталған. Яғни, сол кездегі жарыс өткен стадионның жалпы ұзындығы 
сәйкестеліп алынған болатын. 17 ғасырдың орта кезеңінен бастап, Англияда кәсіпқой 
жүгірушілер пайда болды. Олар көбіне алыс қашықтықтарда сынға түсті. Ереже бойынша 
жүгіру өнері қазақ жеріне 19 ғасырдың аяғында жетті. 
Жүгіру – қысқа, орташа және ұзақ қашықтық болып 3 бөлінеді. Қысқа қашықтыққа – 100, 
200, 400 м және 110 м кедергілі қашықтық жатады. Орташа қашықтыққа 800, 1000, 1500, 
3000 м жүгіру және 3000 м кедергілі қашықтыққа жүгіру жатады. Ұзақ қашықтыққа – 5000, 
10000, 20000, 42 шақырым 192 м марафондық қашықтық және 50 шақырым кросс (дала 
жарысы) жатады.
Әдетте, жүгірудің әдісін білетін спортшылар төменгі сөреден шығудың әдісін жақсы 
меңгерген болса, жылдамдықтан көп ұтады. Бұл деген жүгіріс әдісін меңгерді деген сөз. Ал 
жоғарғы сөре жүгіріс әдіс-тәсілін меңгеруге айтарлықтай әсер ете қоймады. Бірақ орта және
ұзақ қашықтыққа жүгіргенде аяқты көтеріп алып, алға соза басудың өзіндік ерекшелігі бар. 
Мәселен, біреу қысқа адымдайды, енді біреу жүгіргенде адымын ашады. Жүгірушінің 
жылдамдығы, міне, негізінен осы жағдайдың оырдалуына байланысты болады. 
 Таяқпен секіру
Таяқпен секіру – жеңіл атлетикалық бағдарламаның техникалық түрлерінің вертикальді 
секіру снатына жататын түрі. Спортшылардан секіргіштікті, спринтер сапаларын, қимыл-
қозғалыс үйлесімділігін талап етеді. Ерлер арасында таяқпен секіру 1896 жылдың бірінші 
жазғы олимпиадасында, әйелдер арасында – 2000 жылдың Сидней Олимпиада 
ойындарынан бастап олимпиадалық спорттың түрі болып табылады. 



Ережелері
Жарыстар биіктікке секіруге арналған жерге тақтайша ұстаушылары және қантын 
орнымен жабдықталған секіру секторларында болады. Алдын ала кезең және финалда 
спортшыға әрбір биіктікті бағындыруға үш талпыныстан беріледі. Биіктердің өсуі 
төрешілермен жарыстар барысында анықталады, бірақ ол 5 см кем бола алмайды. Әдетте 
аз биіктерде 10 – 15 см-лер болып және содан соң адым адыммен 5-ке ғана өсе бастайды. 
Жерге қону орнының өлшемдері 5х5 м, ал жұқа тақтайшаны ұстаушылар арасындағы 
қашықтық 4 м.

Таяқпен секіру кезеңдері
Екпіндеп жүгіру үшін жол ұзындығы - кемінде 40 м, ені – 1, 22 м болу керек. Спортшы 
төрешілерден бағандардың орнын өзіне лайықты етіп таяқтың тіреуіш жәшігінің артқы 
бетінен 40 см-ден, жүгіру бағыты бойынша 80 см-ге реттеуге сұрауына құқығы бар.
Талпыныс сәтсіз болып есептеледі егер:
1)Жұқа тақтайша секірудің нәтижесінде орнынан сырғып түссе;
2)Спортшы тіреуіш жәшігінің арғы шеті арқылы өтетін вертикаль жазықтықтың арғы 
жағында орналасқан сектор бетін, қонатын жерді қосқанда, денесінің кез келген бөлігімен 
немесе таяқпен тиіп кетсе;
3)Спортшы ұшу кезінде тақтайшаны құлаудан қолмен ұстап қалуға талпынса.
Төреші сәтті талпынысты ақ байрақтың көтеруімен белгілейді. Егер жұқа тақтайша 
бағандардан ақ байрақтың көтеруінен кейін құлап кетсе – талпыныс есептеле береді. Егер 
таяқша талпынысты орындау барысында сынып кетсе спортшы талпынысты қайтадан 
орындауға құқығы бар.
 Биіктікке секіру


Биіктіктен секіру үшін спортшы ең әуелі сілтейтін және итерілетін аяқты анықтап алады. 
Шамамен 7-9 м жүгіретін жерін белгілейді. Әдетте, биіктікке секіретін спортшы кермеден 
секіруге жүгірген кезде аса жоғары жылдамдықпен бастағанымен, кермеге жақындаған
кезде жылдамдық төмендейді. Себебі, спортшы секіруге дайындалады. 
Бүгінде биіктікке секірудің бүкіл әлемге тараған үш түрлі жаттығуы бар. Біріншісі – 
«аттап» секіру, екіншісі – алдыға қарай «аунап» секіру, үшіншісі – «шалқадан жатып өту». 
Қазір әлем бойынша ең жоғарғы көрсеткіш– «шалқадан жатып өту» әдісімен орындалып 
отыр.
Оқу процесінде қолданылатын секірудің ең қарапайым түрі «аттап» секіру. Сабақта 
биіктікке секіруді осы «аттап» секіруден бастайды. Секірудің негізгі айла-тәсілін үйрену үшін
ең әуелі дұрыс жүгіріп келгенде сілтейтін аяқ дәл шығу керек. Сілтейтін аяқты кермеге 
қарай созғанда тізе бүгілмеуі керек. Екіншіден, итерілетін аяқ нақтылы өз орнына тусуі 
керек. Яғни, негізгі мақсат – итерілетін аяқтың қозғалысы дұрыс орындалуы керек. Сонда 
ғана жаттығудың орындалуы нәтижелі болады. Жаттығуды орындаушы жерге сілтеген 
аяғымен түседі. Кермеден сілтеген аяқ өткеннен кейін, итерілетін аяқ мүмкіндік болғанша 
жоғары көтеріледі. 
 Ұзындыққа секіру


Ұзындыққа секіруде де биіктікке секірген сияқты итерілетін аяқ белгіленеді. Жүгіріп 
келген бетте итерілетін белгіден өтіп кетпес үшін, яғни, аяқпен дәл түсу үшін жылдамдық 
алатын қашықтықты 15-20 адымдай өлшеп алады.
Ұзындыққа секірудің екі түрлі жаттығуы бар. Бірінші, аяқты «бүгіп» секіру. Екінші, аяқты
«қайшылап» секіру. Аяқты «бүгіп» секіргенде, ең әуелі аяқты жоғары көтеріп биіктікке 
секіре, содан кейін аяқты бауырға тарта алдыға созып жеткен жерімізге түсу.
Бүгінгі күнде ұзындыққа секірудегі ең жоғарғы көрсеткішті осы «қайшылау» тәсілімен 
секіріп орындап жүр. Бұл тәсілмен секіргенде спортшы жүгіріп келіп итерілген бетте 
мүмкіндік болғанша биіктікке секіруге тырысады. Содан соң ауа кеңістігіне жеткен кезде 
алдыға қарай аяғымен жүрген сияқты бейнелі адымдар жасайды. Осылайша, ұзындыққа 
секіргенде алысқа түседі.
Орында тұрып ұзындыққа секірудің негізгі тәсілі, тек мүмкіндік болғанша секірген кезде 
екі қолдың жоғары сермеген қарымы ғана пайдаланылады.
Ұзындыққа секірудің әдіс-тәсілін үйрену үшін мынадай қосымша жаттығуларды 
орындауға болады:
-
Орында тұрып екі аяқтан 100м қашықтықты секіріп өту;
-
Жүгіріп келе жатып, әрбір 10 адым өткен сайын бар мүмкіншілікпен итеріліп алдыға 
секіріп түсу;
-
Серіппеден жоғары секіріп, ауа кеңістігінде аяқты адымдау;
-
Кіші ағаш аттан жүгіріп келіп, таянбай секіріп өту;
-
Жүгіріп келе жатып, әрбір екі адымнан кейін үшіншісінде жоғары секіріп жүру 
жалғасады. Бұл жүруді стадионды 2-3 айналым бойынша орындауға болады.


 Лақтыру
Жеңіл атлетиканың бір түрі – лақтыру. Лақтыру құралдары: доп, найза, балға, ядро, 
гранат.
Допты нысанаға дәл тигізу үшін сабақтан тыс кезде, далада ойнап жүргенде 
балалармен бірге тасты кім алысқа лақтыратынын анықтаудың пайдасы зор. Бұл сабақта 
допты алысқа лақтыруға және нысанаға дәл тигізуге жаттықтырады.
Допты алдымен бір орында тұрып, содан кейін жүгіріп келіп лақтыру жаттығулары 
орындалады. Лақтырудың әдістерін меңгеру күнделікті жаттығу барысында ғана біртіндеп 
игеріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет