Дипломатиялық және мемлекеттік құжаттарды рәсімдеу



Pdf көрінісі
бет102/173
Дата12.09.2023
өлшемі2.02 Mb.
#477250
түріДиплом
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   173
Борибаева С.Қазақ тілінде дипломат

2010 жылы 1-2 желтоқсанда Астанада, жаңа мыңжылдықта тұңғыш рет 
ЕҚЫҰ-ның VII Саммиті өтті. Оның жұмысына ұйымға мүше және серіктес 
елдердің, БҰҰ, ИКҰ, Еуропа Кеңесі, ЕО, ТМД, ЕуразЭҚ,ҰҚШҰ, ШЫҰ т.б. ірі 
халықаралық және өңірлік ұйымдардың 73 ресми делегациясы қатысты. Бұл бес 
мыңға тарта өкілдер мен меймандар. Астана Саммитінің жұмысын 1300 
қазақстандық және шетелдік журналистер жария етіп отырды. 
Астанадағы ЕҚЫҰ Саммитінің нәтижелері – бұл:
- ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдердің жоғары деңгейде кездесулер өткізу 
дәстүрлерінің жаңғыруы, қауіпсіздіктің аса маңызды мәселелері мен 
трансұлттық қауіп-қатерлерді шешу жолдары жөніндегі ашық диалог.
- ЕҚЫҰ жұмысына берілген жаңа серпін. Біртұтас және бөлінбейтін 
Еуро-Атлантикалық және Еуразиялық қауіпсіздік қоғамдастығын құрудың 
бастамасы.


135 
-ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдердің қауіптің жаңа ошақтары мен қауіпсіздікке 
төнер қатерлерді еңсеру жөніндегі пайымын танытатын тарихи Астана 
Декларациясының қабылдануы. 
-Қазақстанның халықаралық беделінің айқын көрінісі, Мемлекет 
басшысының Еуразиялық интеграциялық бастамалары мен оның жаһандық 
әлемдік проблемаларды шешу жөніндегі ұсыныстарын дүние жүзінің 
мойындауы.
-Ұлтаралық 
татулық 
пен 
келісімнің 
қазақстандық 
моделін, 
республиканың әлеуметтік-экономикалық және саяси жетістіктерін, кемелдігі 
мен тұтастығын паш ету. 
-Қазақстан елордасы танымалдығының жаңа деңгейі. Астана бұған дейін 
ЕҚЫҰ Саммиттерін өткізуге ұйтқы болған Еуропаның ірі қалаларының 
қатарынан орын тепті.
-ЕҚЫҰ VII Саммиті – сенім, дәстүр, ашықтық, толеранттылық. 
 
Біріккен Ұлттар Ұйымы – екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШ, 
Қытай және Ұлыбритания мемлекеттерінің белсенділік танытуымен құрылған 
халықаралық ұйым Бас кеңсесінің орналасуы – Нью-Йорк, АҚШ. Ағымда БҰҰ 
құрамына 192 мемлекет кіреді. «Біріккен Ұлттар» атауын АҚШ Президенті 
Ф.Д.Рузвельт ұсынды, Декларациясы Сан-Францискода 1945ж. 24 қазанда 
қабылданды. Бұл БҰҰ-ның ресми күні болып жарияланды. 
Біріккен Ұлттар Ұйымының ең басты әрі негізгі құжаты оның Жарғысы болып 
табылады. Тарихи деректерді алға тартсақ, Ұйым Жарғысының жобасы КСРО, 
АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттері өкілдерінің қатысуымен 
жасалған. Құжат бес тілде – орыс, ағылшын, қытай, француз және испан 
тілдерінде дайындалып, оған 1945 жылдың 26 маусымында Сан-Франциско 
конференциясында 51 мемлекет қол қойды. Ал Жарғы сол жылдың 24 
қазанында 
аталмыш 
конференцияға 
қатысушы 
елдердің 
Жарғыны 
ратификациялауларына байланысты күшіне енгізілді. Содан бері 24 қазан 
халықаралық қоғамдастықта Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылған күні ретінде 
кеңінен аталып өтіп жүр. Бас Ассамблея Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас 
органы болып саналады. БҰҰ-ға мүше елдердің әрқайсысы шешім қабылдау 
кезінде бір дауысқа иелік етеді. Жалпыға ортақ ерекше маңызды мәселелер, 
атап айтқанда, бейбітшілік пен қауіпсіздік, Ұйымға жаңа мүшелер мен оның 
бюджетін қабылдау мәселелері БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің үштен екісі 
қатысып, дауыс беру қорытындысы бойынша шешіледі. Сондай-ақ Бас 
Ассамблея Ұйымның бюджетін қарап, бекітеді. Ұйымның әртүрлі органдарына 
мүшелер Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынуымен БҰҰ-ның Бас хатшысын сайлайды. 
Бүгінде Қауіпсіздік Кеңесіне Ресей, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания және Франция 
мемлекеттері тұрақты мүше. Осы тұста айта кетейік, біраз жылдардан бері 
Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері қатарын көбейту жөнінде мәселе қозғалып жүр. 
Бірақ әзірше ол шешімін тапқан жоқ. 
БҰҰ Жарғысына сәйкес, БҰҰ өз қызметінде келесі 4 мақсатты көздейді: 
•бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау; 


136 
•ұлттар арасындағы достық қатынастарды дамыту; 
•халықаралық мәселелерді шешуде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге
асыру мен адам құқығын құрметтеуді қолдау
•осы мақсаттарға қол жеткізуде ұлттардың бірлесіп әрекет ететін орталығы 
болу.
(Интернет материалдарынан алынған) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   173




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет