185
Шарт – ең алдымен екі жақты келісім, екі жақты мүдделерге
пайдалы өзара
келісімді бірлесіп жасау актісі. Егер де шарт жасаушылардың араларында
келісім болмаса, онда шарт та жасалмайды. Шарт – екі жақты өз еркімен
жасалатын біркелкі акті. Шарттың тағайындалуы
оның мақсатының
қорытындысы, кұқық пен міндеттің орнатылуы, өзгерісі немесе тоқтатылуы
болып есептеледі.
Ұтымды жасалынған шарт серіктестер
арасынан керек емес таласты,
келіспеушілікті туғызбайды. Сондықтан, шарттар негізінде,
ереже
бойынша, білікті мамандардың қатысуымен жасалуы
тиіс.
Шарт жасаушы жақтардың санына байланысты шарттар: бір жақты,
екі жақты және көп жақты болып бөлінеді.
Бір жақты шарт деп тек бір жақтың іс-әрекетінің толық жасалуын айтамыз.
Мұнда басқа жақтың қарама-қарсы әрекеті болмайды. Мысалы, бір жақты
шарттарға мұрагерлікті заңдастыру, сенімхат беру, мұрадан бас тарту, т.б. осы
сияқты келісімдер жатады.
Екі
жақты шарт деп, екі жақтың бір-бірінің талабын қабылдаған келісім
түрін айтамыз. Екі жақты келісім саласы кеңінен тараған, олар:
сауда-саттық
келісімі, мердігерлік, сақтандыру, авторлық, т.б.
Көп жақты келісім деп үш жақты немесе саны одан да көп шарт жасаушы
жақтың өзара келісім шартын айтамыз. Мысалы үйді сатып алуда екі сатушы
бір жақтан, ал екінші жақтан үш сатып алушы болса, бұны көп жақты келісім
деп айтамыз.
(«Қазақ тілі» Қ. Қадашева, З.Ш. Ерназарова, Қ.Қ. Қанафиева)
Достарыңызбен бөлісу: