Дипломатиялық және мемлекеттік құжаттарды рәсімдеу


-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз



Pdf көрінісі
бет146/173
Дата12.09.2023
өлшемі2.02 Mb.
#477250
түріДиплом
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   173
Борибаева С.Қазақ тілінде дипломат

2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Жарғы қандай ресми құжат түріне жатады? 
 2. Жарғының құрылымы қандай? 
 3. Жарғының реквизиттерінде қандай ерекшелік бар?
 4. БҰҰ Жарғысының негізгі мақсаты қандай? 
 5. Жеті Жарғы – тарихи құжат туралы не білесіз?  
 
 
 
ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ 
Лауазымдық нұсқаулық – өндірістік өкілеттіліктер мен қызметкердің 
міндеттерін реттейтін құжат. Лауазымдық нұсқаулықты бөлімше басшысы 
өзінің тікелей бағыныштылары үшін әзірлейді. Оның тікелей қарамағында 
тұрған лауазымның лауазымдық нұсқаулығын ұйымның басшысы бекітеді. 
Нұсқаулықтың 
өзге 
лауазымдарын 
функциялары 
бойынша 
тиісті 
орынбасарлары бекітеді. Әрбір қызметкердің лауазымдық нұсқаулығының 
бірінші данасы кадрлар бөлімінде, екіншісі – бөлімше басшысында, үшіншісі – 
қызметкерде сақталады.
Лауазымдық нұсқаулықтарды бөлімшелер туралы ережемен сәйкес 
әзірлейді. Лауазымдық нұсқаулықтардың жиынтығы бөлімшенің барлық 
функцияларын қамтиды және қызметкерлер арасындағы жүктеме, олардың 
біліктілік деңгейі ескеріле отырып теңдей бөлінеді. Әрбір лауазымдық 
нұсқаулық осы жұмыстың өзге жұмыстардан қалай ерекшеленетіні туралы 
біржақты анықтаманы құрайды. Ұйымды лауазымдық нұсқаулықтармен 
қамтамасыз ету толығымен кадрлар бөлімінің бастығына жүктеледі. 
Лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеудің мазмұны мен процедурасын реттейтін 
стандарт жоқ, осыған байланысты әрбір ұйымның белгілі бір лауазымды 
сипаттауды дербес жасақтау мүмкіндігі бар. Жалдамалы жұмысшылар үшін 
заңның өзіне немесе соттың шешіміне қарағанда, заңнан туындайтын құқықтық 
актілер, лауазымдық және қызметтік нұсқаулықтар маңыздырақ.
Лауазымдық нұсқаулық персоналды басқару кезінде қажетті ақпаратты 
құрайды: 
Лауазымдық нұсқаулық – бұл қызметкердің өзі үшін іс-қимыл басшылығы. 
Лауазымдық нұсқаулық оған мынадай білім береді: одан қандай іс-қимылдар 
күтіледі және қандай критерийлер бойынша еңбек нәтижелері бағаланады, осы 
лауазым аясында қызметкердің біліктілік деңгейін арттыру үшін бағдарларға 
түсінік беріледі. Лауазымдық нұсқаулықты талқылауға қатысу қызметкерге 
еңбектің шартына, ұйымдастырылуына, оны бағалау критерийіне әсер етуге 
мүмкіндік береді. Лауазымдық нұсқаулық – қызметкердің еңбек жолының 
нәтижелерін бағалауды өткізу, оның әрі қарай ішкі қозғалысы және қайта 


195 
дайындауы (жоғарылау, ауысу, босату, басшы кадрлардың резервіне қабылдау, 
қосымша оқуға жіберу және т.б.) туралы шешім қабылдауына негіз болып 
табылады.
Лауазымдық нұсқаулық жалдау кезінде қызметкерлерге негіздемелік 
іріктеуді, бос лауазымдарға кандидаттардың сәйкестігі деңгейін бағалауды
өткізуге арналған ақпаратты құрайды.
(Орыс тілінен аударылып берілді) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   173




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет