Дипломатиялық және мемлекеттік құжаттарды рәсімдеу



Pdf көрінісі
бет148/173
Дата12.09.2023
өлшемі2.02 Mb.
#477250
түріДиплом
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   173
Борибаева С.Қазақ тілінде дипломат

3-тапсырма. Үлгіні оқып, Лауазымдық нұсқаулықтың құрылымына назар 
аударыңыз. 
 
Халықаралық қатынастар факультеті 
қазіргі шығыс тілдері кафедрасының 
аға оқытушысына
ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ 
 
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 
1.1. Аға оқытушының лауазымы конкурстық негізінде болып табылады. 
1.2. Аға оқытушы кафедра меңгерушісіне және факультет деканына тікелей 
бағынады. Кафедра меңгерушісінің, факультет деканының, деканның оқу және 
тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының өкімдерін орындайды. 
1.3. Өз қызметінде аға оқытушы Қазақстан Республикасының «Білім 
туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 
Заңдарын, білім беру жүйесінің бағыты мен дамуын, педагогикасын, 
психологиясын айқындайтын салалық нормативтік, құқықтық актілерін, ҚР 
Білім және Ғылым Министрлігінің нормативтік актілерін, нұсқаулықтарын, 
Ережелерін, мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарттарын, ҚазҰУ 
Жарғысын, университет бұйрықтары мен ҚазҰУ 604-08, 605-08, 701-08, 703-09, 
706-08, 707-08, 708-08, 709-08, 711-08, 714-08, 802-09, 803-08 рәсімдерін және 
жоғары білім беру жүйесінің дамуы мен әрекет ету мәселелерін реттейтін басқа 
да нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады. 
2. БІЛІКТІЛІККЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР 
2.1. Аға оқытушыға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары білімі, ғылым 
кандидатының дәрежесі немесе phD докторының академиялық дәрежесі 
(философия докторы) мамандығы бойынша ғылыми-педагогикалық қызметтегі 
еңбек тәжірибесі үш жылдан кем болмау, оның ішінде оқытушы қызметінде 
кем дегенде бір жыл болуы немесе мамандығы бойынша практикалық 
жұмыстағы еңбек өтілі екі жылдан кем болмауы тиіс. 
3. ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ 
Кафедраның аға оқытушысы міндетті: 
3.1. Ағымдағы оқу жылының жүктемесі бойынша жеке жоспарын орындауға. 
3.2. Оқытудың кредиттік технологиясын білу, тізімдемелер мен сынақ 
кітапшаларын түзетулерсіз толтыру (оқу құжаттары).
3.3. Зертханалық-практикалық сабақтар, курстық және дипломдық жобалар
білім беру қызметінің басқа да түрлерін өткізу. 


197 
3.4. Оқитын пәндер бойынша оқытушылардың сабақ өткізу дайындығына 
жетекшілік ету, әдістемелік көмек көрсету. 
3.5. Жоғары білім беру саласында оқу технологиялары мен белсенді әдістерді 
заманауи технологиялар негізінде енгізу. 
3.6. Оқыту пәндері бойынша ПОӘК (УМКД) дайындау (қағаз және электронды 
түрде).
3.7. Ғылыми-әдістемелік семинарлар, ғылыми және ғылыми-тәжірибелік 
конференциялардың өткізілуін ұйымдастыру. 
3.8. Оқу, оқу-әдістемелік, тәрбиелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.
3.9. Бекітілген тәртіпке сәйкес жеке жұмыс жоспарының орындалуы туралы 
кафедра меңгерушісіне есеп беріп отыру.
4. ҚҰҚЫҚТАРЫ 
Аға оқытушының құқықтары: 
4.1. Факультеттің, университеттің әкімшілігіне кәсіби қызметті қамтамасыз 
ету туралы сауалдарды қойып отыру. 
4.2. Халықаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында, оқу үдерісін 
ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізу. 
4.3. Кафедраның оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстарының 
жоспарын жасауға қатысу.
4.4. Кафедра тақырыбына сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізу. 
4.5. Бекітілген тәртіпке сәйкес халықаралық, республикалық, университеттік 
және факультеттік ғылыми, әдістемелік съездерге, конференцияларға
мәжілістерге, семинарларға қатысу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   173




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет