208
9) II сыныпты
Төтенше және Өкiлеттi Уәкiл;
10) І сыныпты Төтенше және Өкiлеттi Уәкiл;
11) Төтенше және Өкiлеттi Елшi.
11-бап. Дипломаттық дәрежелердi беру тәртiбi
1. Төтенше және Өкiлеттi Елшi, І және II сыныпты Төтенше және Өкiлеттi
Уәкiл дипломаттық дәрежелерiн Қазақстан
Республикасы Сыртқы iстер
министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бередi.
Басқа дипломаттық дәрежелердi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер
министрi бередi.
Дипломаттық дәрежелердi беру тәртiбi Қазақстан Республикасының
Президентi бекiтетiн ережемен белгiленедi.
2. Қызметкердiң дипломаттық дәрежесi, әдетте, дипломатиялық
қызметте
атқаратын лауазымына сәйкес болуға немесе бiр саты жоғары не төмен болуға
тиiс.
3. Дипломаттық дәрежелердi беру тиiстi куәлiктер тапсырумен және қызмет
тiзiмiндегi (еңбек кiтапшасындағы) жазбалармен расталады. Осы Заңның 13-
бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, дипломаттық дәрежелер өмiр
бойына берiледi және сақталады.
12-бап. Дипломаттық дәрежелерде болу мерзiмдерi
1. Дипломатиялық қызмет қызметкерлерi үшiн дипломаттық дәрежелерде
болудың мынадай мерзiмдерi белгiленедi:
1) атташе, үшiншi хатшы, ІІ және І сыныпты екiншi хатшы үшiн - екi жыл;
2) ІІ және
I сыныпты бiрiншi хатшы, II сыныпты кеңесшi үшiн - үш жыл.
І сыныпты кеңесшiден бастап және одан жоғары дипломаттық дәрежелерде
болу мерзiмдерi белгiленбейдi.
2. Дипломатиялық қызмет қызметкерлерiнiң дипломаттық дәрежелерде болу
мерзiмдерiне:
1) Сыртқы iстер министрлiгiндегi және оған бағынысты ұйымдардағы
жұмыс;
2) шет елдердегi мекемелердегi жұмыс;
3) Сыртқы iстер министрлiгiнiң Қазақстан Республикасы аумағындағы
өкiлдiктерiндегi жұмыс;
4) бұрынғы КСРО мен одақтас республикалардың сыртқы iстер
министрлiктерiндегi жұмыс;
5)
халықаралық ұйымдардағы жұмыс;
6) Сыртқы iстер министрлiгiнiң жоғары оқу орындарындағы және ғылыми
мекемелерiндегi ғылыми немесе оқытушылық жұмыс;
7) Сыртқы iстер министрлiгiнiң саласы бойынша оқу орындары мен ғылыми
мекемелерде
бiлiктiлiктi арттыру;
8) Сыртқы iстер министрлiгi жоғары оқу орындарына, аспирантураға,
докторантураға және ғылыми мекемелерге уақытша жiберген адамдардың оқу
мерзiмi есептеледi.
Достарыңызбен бөлісу: