93
өкілдік (дипломатиялық) жеке сипатын куәландырады. Сенім
грамоталары бір
мемлекет басшысының екінші мемлекет басшысына елшілер мен уәкілдерге
арналып, белгіленген нысанда жазылады және тиісті қолдармен және
мөрлермен қамтамасыз етіледі. Мемлекет басшысының қолы Сыртқы Істер
ведомствосының басшысы қолымен бекітіледі.
Істеріне сеніп жіберілгендер,
сондай-ақ саяси өкілдер аккредитациялау кезінде оларды жіберген мемлекеттің
сыртқы істер ведомствосының басшысынан тағайындалған елдің сыртқы істер
ведомствосының басшысына хатпен қамтамасыз етіледі. Сенім грамоталары
жіберуші мен алушының атын және титулын (атағын), дипломатиялық өкілдің
аты мен рангын, соңғысының барлық қатынастарда,
атап айтқанда, осы
мемлекеттің өкілі ретінде «сену» өтінішін құрайды. Кейде Сенім
грамоталарында дипломатиялық миссияның мотивтері мен мақсаттары,
сондай-ақ қазіргі кезеңдегі екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-
қатынастың жағдайы қысқаша нысанда жазылады.
Сенім грамоталары
мемлекет басшысының алғашқы қабылдауы кезінде дипломатиялық өкілмен
тапсырылады, ал оның расталған көшірмесі алдын ала Сыртқы Істер
ведомствосының басшысына жіберіледі. Сенім грамоталары дипломатиялық
өкілдің
жалпы өкілеттік сипатын тұтынады, аккредитациялануы кезінде, ол өзі
болып жатқан елде өзінің сөздері мен мәлімдемелері үшін
әрі қарай
өкілеттіктерге мұқтаж болмайды, оның барлық лауазымдық іс-қимылдарына,
хаттары мен сөздеріне жауапкершілік оны тағайындаған үкіметке жүктеледі.
Алайда, Сенім грамоталары дипломатиялық өкілдің халықаралық келісімдерге
өздігінен арнайы өкілетсіз қол қоюға құқық бермейді. Сенім грамоталары
дипломатиялық өкілді тағайындаған мемлекет
басшысының немесе оны
аккредитациялаған мемлекет басшысының қайтыс болуы, болып жатқан елдің
немесе дипломатиялық өкілдің Отанында басқару нысаны өзгеру кезінде,
дипломатиялық өкілдің рангы өзгеруі кезіндегі жағдайларда күшін жоғалтады.
Дипломатиялық өкіл өз орнын қалдырған кезде
кері шақыру грамоталарын
тапсырады (
lettre de rappel) және өз кезегінде, кейде өз Отанына қайтқан кезде
өзінің үкіметіне тапсыру үшін рекредитив (
lettre de recreance) алады. Кері
шақыру грамоталары мен рекредитив нысаны Сенім грамоталары нысанымен
ұқсас.
(Орыс тілінен аударылып берілді)
Достарыңызбен бөлісу: