Дипломатиялық және мемлекеттік құжаттарды рәсімдеу



Pdf көрінісі
бет74/173
Дата12.09.2023
өлшемі2.02 Mb.
#477250
түріДиплом
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   173
Борибаева С.Қазақ тілінде дипломат

 
5-тапсырма. Мәтінді оқып, сөйлем түрлерін анықтаңыз. 


97 
 
Елшілер сенім грамоталарын тапсырды 
Бүгін 2010 жылдың 5 ақпан күні Ақордада Мемлекеттік хатшы Қанат 
Саудабаевқа үш мемлекеттің елшісі сенім грамоталарын тапсырды. Зимбабве 
Республикасының Қазақстандағы елшісі Фелекезела Мпхоко сенім грамотасын 
тапсыра отырып, «мен екі елдің ынтымақтастығының болашағы зор екендігіне 
көзім жетеді» деп атап өтті. Елші Зимбабве жер қойнауы бай мемлекет
сонымен қатар, туристік жағынан да тартымды екенін айта келіп, қазақстандық 
кәсіпкерлерді Зимбабве экономикасына инвестиция құюға шақырды. Жуық 
арада Астанада Зимбабве консулдығы ашылады деп жоспарланған. Ал Чилидің 
Қазақстандағы Елшісі Аугусто Парра Муньос «Екі мемлекет те қарқынды 
дамып келеді, осы бағытта бір-бірімізбен тәжірибе алмасып, үйренетін 
тұстарымыз көп. Қазір екі елдің алдында экономиканы әртараптандыру міндеті 
тұр» деді. Сондай-ақ, Люксембург ұлы герцогтығының Қазақстандағы Елшісі 
Гастон Штронкта Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаевқа сенім грамотасын 
тапсырды.
2010 жылдың 4 наурызында Қазақстан Республикасының Өзбекстан 
Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бөрібай Жексембин 
Өзбекстан 
Республикасының 
Президенті 
Ислам 
Каримовке 
Сенім 
грамоталарын тапсырды. 
2010 жылдың 18 наурызында Қазақстан Республикасының Француз 
Республикасындағы 
Төтенше 
және 
Өкілетті 
Елшісі, 
Португалия 
Республикасында, Андорра Князьдігінде және Монако Князьдігінде осы 
міндетті қоса атқарушы Нұрлан Дәненов Андорраның тең Князі, Урхель 
епископы Хуан Энрик Вивес Сицилияға Сенім грамоталарын тапсырды. 
 
6-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.  
1. Дипломатиялық протокол дегеніміз не? 
2. Дипломатиялық этикет дегеніміз не? 
3. Дипломатиялық қабылдаулар мен салтанаттар қалай өткізіледі? 
4. Дипломатиялық этикеттің қандай нормаларын білесіз? 
5. Халықаралық деңгейде жазылатын шақыру билетінің үлгісі қандай? 
6. Сенім грамоталары кімге тапсырылады? 
7. Кері шақыру грамоталары қандай жағдайда жазылады? 
8. Сенім грамоталары мен кері шақыру грамоталарының құрылымында 
ұқсастық бар ма? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   173




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет