102
мемлекетшілiк рәсiмдердi орындағаны туралы жазбаша хабарлама алған күннен
бастап күшіне енетін екi Үкiметтiң арасындағы Келiсiм болып саналуын ұсыну
құрметiне
ие
болып
отырмын.
Осы
жағдайды пайдаланып, Жоғары мәртебеңiзге зор ықыласымды
білдiремiн".
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің атынан жоғарыда көрсетiлген келiсiмдi
растау және Жоғары мәртебеңiздiң Нотасы мен осы Нота Жапония Үкiметі
Қазақстан тарабы осы Келiсiм күшiне енуi қажеттi мемлекетшілiк рәсiмдердi
орындағаны туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап күшіне енетiн екi
Үкiмет арасындағы келiсiм болып саналатынына келiсімiмдi білдiру құрметіне
ие
болып
отырмын.
Осы
жағдайды пайдалана отырып, Жоғары мәртебеңiзге өзiмнiң үлкен
құрметімдi білдіруге рұқсат етiңiз.
8-тапсырма. Құжатты оқыңыз.
Қазақстан Республикасының
Сыртқы iстер министрi
......................................
Рәсімдерді тәптіштеу жөніндегі келісілген хаттама
Жапон Үкiметi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi
арасындағы
Республика Сарайына (Алматы қаласы) дыбыстық құрал-жабдықтарды (бұдан
әрi - Құрал-жабдықтар) сатып алуға арналған жапон мәдени ынтымақтастығына
қатысты 2004 жылғы ____ күнi белгiленген Алмасу ноталарының (бұдан әрi -
Алмасу ноталары) 1, 3, 4 және 5-параграфтарына сүйене отырып, Жапон
Үкiметi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi өкiлдерi екi Үкiметтің
уәкілетті өкiлдерiмен келiсiлген мынадай рәсiмдердi тәптiштеулердi тiркегiсi
келедi:
1.Тендер
1) Грант Алмасу ноталарының 3-тармағы 1)
тармақшасында белгiленген
құрал-жабдықтар мен қызметтердi сатып алу үшiн тиiмдi және кемсiтiлмей
пайдалануы
тиiс.
Осы
талаптарды
сақтау
мақсатында
Қазақстан
Республикасының Үкiметi немесе оның уәкiлеттi органы Қазақстан
Республикасына немесе оның уәкiлеттi органына
құрал-жабдықтарды сатып
алу бойынша тендер өткiзуге көмек көрсету үшін тәуелсiз және құзыретті
агентті тарту қажет. Бұдан әрi Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе
оның уәкiлеттi органы қосымшада санамаланған
Агент қызметiнiң тiзбесiне
сәйкес Қазақстан Республикасына немесе оның уәкiлетті органына көмек
көрсету үшін Жапон халықаралық ынтымақтастық жүйесiнiң (JIСS) (бұдан әрi -
Агент) қатысуымен Алмасу ноталары күшiне енгеннен кейiнгі бiр айдың iшiнде
Алмасу ноталарының 4-тармағында айтылған келiсiмшарт жасасуы тиiс;
103
2) Келiсiмшарт Жапон Үкiметi жазбаша түрде бекiткеннен кейiн күшiне
енедi.
2. Агенттiң қаламақысы
1) Алмасу ноталарының 1-параграфында
айтылған сомаға Агенттiң
қаламақысы
енгiзiлуi
тиiс;
2) Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкілетті органы
жоғарыда аталған келiсiмшартқа сәйкес Алмасу ноталарының 5-тармағының 1)
тармақшасында айтылған банкке осындай төлемге өкiлеттiктер беруi тиiс.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кез келген шенеунiгi өздерiне Алмасу
ноталарының 4-параграфында айтылған тауарлар
мен қызметтер сатып алу
бойынша жапон азаматтары жұмысының ешқандай бөлігін алмауы тиiс.
4. Алмасу ноталарының 1-параграфында айтылған Гранттың жоспарын
және/немесе схемасын өзгерту қажет болған жағдайда Қазақстан Үкiметi
консультация өткiзуi және Жапон Үкiметiнен мұндай өзгерiстер енгізуге
келiсiм алуы тиiс.
Достарыңызбен бөлісу: