115
Иран Ислам Республикасының Үкіметі мен
Қазақстан Республикасының
Үкіметі, бұдан былай Екі жақ деп аталады,
өзара сыйластық негізіндегі достық қатынастарды дамытуға ұмтылушылықты
ескере келіп,
теңдік пен өзара тиімділік негізінде сауда - экономикалық ынтымақтастықты
ұлғайтуды көздей отырып,
төмендегілерге келісті:
1-бап
Екі жақ елдің әрқайсысында қолданылып жүрген заңдар мен ережелердің
шеңберінде екі ел арасындағы ұзақ мерзімді және тұрақты сауда- экономикалық
қатынастарды дамыту үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды және осы
мақсатпен тиісті қолайлы жағдайлар жасайды.
2- бап
Екі жақ екі елдің тиісті органдары тауарларды
сырттан әкелуге және
сыртқа шығаруға лицензиялар берілуін және кедендік баж салығы үшінші
елдегі тауарлар үшін белгіленгендегіден жоғары болмауын қамтамасыз етуге
келісті.
3-бап
Екі жақ сауда және экономиканың түрлі саласындағы ынтымақтастығы
үшін өздерінің кәсіпорындарын, фирмалары мен ұйымдарын ынталандырып
отыруға келісті.
4-бап
Осы Келісімнің шеңберінде өзара тауар жеткізу мен қызмет көрсету әрбір
елдің қалыптасқан заңдары мен ережелеріне сай
екі елдің жеке адамдары мен
құқықты жақтардың арасында жасасқан шарттардың негізінде жүзеге
асырылатын болады.
5-бап
Екі жақ өзара тауар жеткізу және қызмет көрсету дүние жүзілік баға мен
халықаралық сапа стандартына сәйкес жүзеге асырылатындығына келісті.
6-бап
Осы Келісімнің шеңберіндегі өзара тауар жеткізу және қызмет көрсетудің
төлемі Иран Ислам Республикасының Орталық Банкі мен Қазақстан
Республикасының Ұлттық мемлекеттік Банктерінің жасасқан банкаралық
келісімдерінің негізінде жүзеге асырылатын болады.
7-бап
Сауда байланыстарын өрістету, нарық мүмкіндігі мен тауар маркетингін
зерттеу үшін
Екі жақ сауда делегацияларын, маман делегацияларын, сауда
ақпаратын алмасуды, өткізілетін халықаралық сауда көрмелеріне белсенді
қатысушыларды
ынталандыру,
арнайы
көрмелер
мен
семинарлар
ұйымдастыруға ықпал жасап, бұл бағытта қажет
болған жағдайларды жасауға
келісті.
8-бап
Әрбір жақ өз елінің қалыптасқан заңы мен ережелерінің шеңберінде сауда
мен экономиканың түрлі саласында кәсіпорындар, ұйымдар мен фирмалар
116
өкілдіктерінің өз жерінде ашылып, жұмыс істеулеріне өзара жәрдемдесу
принципінде ықпал ететін болады.
9-бап
Екі ел арасындағы жеткізілген тауарларды әрбір
жақтың заңдарына сәйкес
сыртқа шығарушы елдің келісімімен үшінші елге шығаруына болады.
10-бап
Екі жақ осы Келісімнің орындалу барысын бірлескен сауда- экономикалық
комиссиясының жыл сайынғы екі ел астанасында кезекпен өткізіліп тұратын
мәжілісінде қаралып тұратындығына келісті.
11-бап
Осы Келісімге қажет болған жағдайда әрбір елдің қалыптасқан заңдылығын
ескере отырып, Екі жақтың келісуімен өзгерістер немесе қосымшалар енгізілуі
мүмкін.
12-бап
Осы Келісімнің қолданылу мерзімі біткеннен кейін оның ережелері ол
қолданыста болған кезеңде жасалған және Келісімнің қолданыста болу мерзімі
біткен кезге дейін орындалмаған барлық келісімшарттар бойынша
қолданылады.
13-бап
Осы Келісім үш жыл мерзімге жасалды және
егер Екі жақтың бірі оның
қолданыста болу мерзімі біткенге дейін алты ай бұрын қолданылуын
тоқтатқысы келетіндігі туралы екінші жаққа жазбаша түрде хабарламаса, бұл
мерзімі біткен соң бір жылға өзінен-өзі ұзартылады.
Аңдатпа мен 13 баптан тұратын осы Келісім Тегеран қаласында 1371 Күндік
жылдың /Хиджра/ 11 абанына сай 1992 жылғы 2 қарашада парсы және қазақ
тілінде жасалынды әрі екі текстің күші бірдей.
Осы Келісімді түсіну жөнінде пікір алалығы пайда болған жағдайда Екі
жақтың өкілдерінің бекіткен ағылшын тіліндегі тексті басшылыққа алынады.
Достарыңызбен бөлісу: