117
ынталандыру – поощрять
құзыретті органдар – компетентные органы
аңдатпа – преамбула
Глоссарий
Преамбула (аңдатпа) –
латын тілінен – praeambulo – алдыңғы деген
мағынаны білдіреді, заңнамалық немесе өзге құқықтық актінің кіріспе бөлімі,
сондай-ақ халықаралық шарттар немесе декларацияларда оның мақсаты мен
міндеттері баяндалады.
Преамбула –
от латинского praeambulo – предшествую, вводная часть
законодательного или иного правового акта, а также декларации или
международные договора, в которой излагаются их цели и задачи.
29-тапсырма. Құжатты оқып, сөйлем түрлерін анықтаңыз.
ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫ
МЕН
ИРАН
ИСЛАМ
РЕСПУБЛИКАСЫ АРАСЫНДА ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР
ОРНАТУ ТУРАЛЫ
ПРОТОКОЛ
Қазақстан
Ресупбликасы мен
Иран Ислам Республикасы саяси,
экономикалық және мәдени салалардағы достық пен ынтымақтастық
қатынастарды өзара дамытуды басшылыққа ала отырып,
екі
жақты сыйластық, территория бүтіндігін және бірі-бірінің ішкі істеріне
араласпау негізінде,
халықаралық құқықтан, оның ішіндегі Біріккен Ұлттар
Ұйымының Жарғысынан туындаған өз міндеттерін адалдығын білдіре отырып,
дипломатиялық қатынастар туралы 1961 жылғы сәуірдің 18-індегі Вена
Конвенциясына сай дипломатиялық қатынастар орнатуға және Елшілік
деңгейіндегі Алматы мен Тегеран қалаларында
дипломатиялық өкілдіктер
алмасуға келісті.
Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы ұлттық мүдделеріне
сай орнатқан дипломатиялық қатынастары халықаралық және аймақтық
ынтымақтастықты нығайтатындығына сенімді.
Күші бірдей екі текст қазақ және парсы тілдерінде екі данадан 1992 жылғы
қаңтардың жиырма тоғызында Алматы қаласында жасалынды.
Достарыңызбен бөлісу: