121
қатерге қарсы күресу үшін ұлттық, өңірлік және көп жақты негіздегі іс-
әрекетімізді күшейтуге бел байладық. Лаңкестікке
оның барлық формалары мен
көріністерінде қарсы күрес бәрін қамтитын, дәйекті және қосарланған
стандарттарға жол бермейтіндей болуы тиіс. Лаңкестік қандай да бір дінмен,
ұлтпен, өркениетпен немесе этностық топпен
орайластырыла алмайды және
орайластырылмауы тиіс. Біз халықаралық лаңкестікке қарсы күресте БҰҰ-ның
орталық рөлін мойындаймыз. Біз лаңкестік бойынша БҰҰ аясында
қабылданған 13 халықаралық конвенцияның қатысушысы болып табылмайтын
елдерді оған қосылуға шақыруды жалғастырудамыз. Бұл салада әмбебап
құқықтық құралды жасау жөніндегі міндетті әлі орындау керек болады. Осыған
байланысты біз БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында халықаралық лаңкестікпен
күрес бойынша бәрін қамтитын конвенция жасасу бойынша күш
салуды
жақтаймыз.
ІІ
Біз Кеңес Төрағасы ретіндегі Қазақстан Республикасының үнқатысуды
нығайтып, АӨСШК үдерісін дамытудағы рөлін атап өтеміз.
Біз консенсус негізінде ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін АӨСШК үдерісін
алға жылжыту жөніндегі біздің күш-жігер жұмсауымызды жалғастырамыз.
Біз Қазақстан Республикасы аумағында АӨСШК Хатшылығын құруды,
мұның өзі Кеңесті дамытуда маңызды белес болып табылатынын
қанағаттанушылықпен атап өтеміз.
ІІІ
Біз АӨСШК-ге өсе түскен қызығушылықты қанағаттанушылықпен атап
өтеміз. Осыған байланысты біз 2004 жылы Таиланд Корольдігінің және 2006
жылы Корея Республикасының толық құқылы мүшелер ретінде АӨСШК-ге
кіруін құттықтаймыз.
ІV
Біз 5 қазанды Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылы
БҰҰ Бас
Ассамблеясының 47-ші сессиясында Азияда өзара ықпалдастық және сенім
шаралары жөніндегі кеңес шақыру туралы идеяны ұсыну құрметіне АӨСШК
күні деп жариялауды шештік.
V
Біз АӨСШК-нің Үшінші Саммитін 2010 жылы өткізуді шештік.
VІ
Біз АӨСШК үдерісі Бірінші Саммитте қойылған міндеттерді іске асыруда
алға жылжыды деп есептейміз. Осы Декларация
өңірде сенім ахуалын жасау
122
және ынтымақтастыққа жәрдемдесу жөніндегі жұмысты жалғастыру жолымен
АӨСШК үдерісін одан әрі дамытуға деген біздің ерік-жігерімізді бейнелейді.
Достарыңызбен бөлісу: