Абылай және жоңғар шапқыншылығы
«Қазақ елiнiң тарихында ХVIII ғасырдың маңызы өте зор.
Бiрнеше
онжылдықтың iшiнде ол өзiнiң тәуелсiздiгi мен мемлекеттiк құрылысы үшiн
ерекше күрес жүргiздi. Сол аласапыран кездiң тарихы Абылай есiмiмен
байланысты. Оның ұрпағы Шоқан Уәлихановтың айтуы бойынша,
осынау
“тамаша қазақтың” даңқты өмiрлiк жолы көптеген ғалымдардың еңбектерiнде
жақсы зерттелiп және баяндалып суреттелген. Бiрақ бiздерге бұл күндерi
Абылайдың саясаты, әскери және дипломатиялық шеберлiгi,
әсiресе қазақтар
мен жоңғарлардың арасындағы қарым-қатынастарға байланысты iстерi өте
қызықты және қажеттi болып тұр. Жоңғар мемлекетi қазақ даласына үнемi көз
алартып, өзiнiң саяси, экономикалық және
идеологиялық экспансиясын
тоқтаусыз жүргiздi....
Түптеп келгенде, қазақтар мен жоңғарлар өзара ымырасыз саясатты үнемi
жүргiзе берген. Осы жағдайды өзiнiң замандастарымен салыстырғанда, Абылай
жақсырақ пайдаланған. Оның ең негiзгi мақсаты - Жоңғар мемлекетiн әлсiрету
едi. Қалмақтарды халық ретiнде емес, олардың мемлекеттiк шапқыншылық
саясатын жоюды көздедi...
Әрине, Абылай мемлекетi өте ерекше мемлекет едi.
Қазақ елi қырғын
соғыстардан үлкен шығынмен шығып, болашаққа бет алған едi. Осы тұста
Абылай саясаты Қазақстанның Шығыстағы шекарасын қауiпсiздендiрдi....
1734 жылдары Абылай Орта жүздiң арғын тайпалық бiрлестiгiнiң бiрнеше
руларын басқарып, «Құрметтi хан» деген атаққа ие болды. Ал ресми құжаттарда
әлi де
сұлтан деп аталған. Сол жекпе-жекке тағы да тоқталсақ, қазақ ақындары
мен жыраулары бұл оқиғаны тамаша жырлармен
суреттеген және Абылайға
батыр деген атақ берген. Абылайдың ерлiгi, батылдығы сол негiзгi шайқастарды
қазақтың пайдасына шешкенi баршамызға мәлiм».
Ш.Уәлиханов Қазақ тарихы. 1994. №1. 29—33-бб.
351.Мәтінде берілген мемлекет қайраткерінің өмір сүрген жылдары