Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет21/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

 
Ұлы Абай өзінің қара сөздерінде отбасы тәрбиесін, отбасындағы 
ұлттық құндылықтары қалай көтерді? 
Отбасындағы ата-ананың рөлі – бала бойында адамгершілік қасиеттердің 
дұрыс қалыптасуы, еңбек әрекетін меңгеруі және дүниетанымын қалыптасуына 
ықпал етуі болып табылады.
Абай: «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген 
нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – 
ақымақтық» деген болатын. Абайдың айтып отырған ар, мінез, ақыл, ғылымды 
тануы отбасынан басталары анық. 
Абай бала дүниетанымының дұрыс қалыптасуына, оның ішкі және 
сыртқы мүмкіндіктерінің ашылуына ең жауапты адам ата-ана деп білді. Ата-ана 
әр баланың аяулы да, жанашыр тәрбиешісі екендігін көрсете отырып, 
адамгершілік асыл қасиеттің, өмірлік мұрат пен мақсаттың қалыптасар түп 
қайнары, алтын ұясы от басы ошақ қасыдеп түйді. Сондықтан ата-ана өздері 
тәрбиелі, еңбекқор, өнегелі, ынтымақты болуы керек екендігін баса айтты.
Абай бала тәрбиесіндегі ата-ананың ой-өрісінің төмендігіне, бала 
болашағын ойлауға дәрменсіздігіне жанашырлық білдірді, ал бала-тәрбиесіне 
жауапкершілік танытпағандарға қатты ренжіді.
Ұлы Абай – бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі туралы терең ой қозғаған 
ағартушы. Қара сөздерінде ең бастысы елдің қараңғылығы бала тәрбиесіндегі 
мәселеге зияны тиетінін басып айтады. Ата-ананың болымсыз, жөн-жосықсыз 
мінез-құлыққа баулитынына налыды. Ақын оныншы қара сөзінде ата-
аналардың балалы болудағы негізгі мақсаты не екендігін түсінбеуін, олар 
ойлаған мақсаттың болымсыздығына ренжи отырып, жеткізеді. Ол: «біреу 
құдайдан бала тілейді. Ол баланы не қылады? Өлсем орнымды басса дейді. 
Осыдан басқасы оқысын дейді, қартайған күнімде асырасын дейді. Осыдан 
басқасы бар ма?» ата-ананың бұдан басқа мақсатының жоқ екендігіне және бала 


53 
тәрбиесіндегі басты мақсат тек ахрет үшін керек екендігіне қатты налиды. 
Қартайғанда оларды асырау мақсаты да ата-анаға байланысты болатынын 
ескертеді.
Екіншіден, баланың мейірімді болу, болмауы да ата-анаға тікелей 
байланысты дей келе, балаға еткен мейірім, келешегін ойлап қам жеу, баламен 
бірге өсудің мәнін бала сезінгенде ғана баланың ата-анаға деген мейірімі 
болатынын атап көрсетті.
Үшіншіден, ата-ананың таза еңбекпен жинаған малы болуы да артық емес 
екендігін ескертеді. Олай болмай, берекесіздік жайлаған оттың басында ішерге 
ас, киерге киім болмай отырғанда ата-анаға баланың құрмет жасар күйі болар 
ма екен? Осылайша Абай ата-анаға өз ұрпағынан күтер мақсаттары оның өзінің 
іс-әрекеттерімен өлшенетінін ескертеді.
Абай бала тәрбиесінде ата-аналардың өздерінің тәрбиесіздігін, баланы 
бейбастық, тентектік, екі жүзділікке, біреуге бәле жабу, өтірікші, ұрлық сияқты 
жағымсыз қасиетке өздері баулып отырғандықтарын баса айтады. Ата-
аналардың өздерінің бойындағы бар кемшіліктерді бала бойына сіңіріп 
жатқандықтарын өздері сезбейтіндіктерін қайтерсің. Ата-ананың балаға «ананы 
алып берем, мынаны алып берем» деп алдап, баланы өздеріне ұқсатып, өтірікші 
етіп тірбиелеп жатқандықтарын да білмейді. Немесе «Пәленшенің баласы 
сатып кетеді» баланы сенімсіздікке, қулық пен сұмдыққа үйретіп, балалардың 
теріс әдеттерге баулып жатқандықтарын және баланың тәрбиесіне тікелей ата-
ананың үлгі-өнегесі, дұрыс тәлім-тәрбиесі керек екендігіне тоқталады.
Ақын бала тәрбиесіндегі ата-ананың жіберіп отырған кемшілігі қоғамға 
да кесірін тигізетінін батыл айтады. Бірінші қара сөзінде өз заманының ата-
аналары атынан ой толғайды. «Бала бағу ма? Жоқ баға алмаймын. Бағар едім 
қалайша бағудың мәнісін де білмеймін», - деп бала тәрбиелеудегі ата-ананың 
тәжірибесіздігін, білімсіздігін, оның жөнін, айла-тәсілін білмейтіндігін 
мойындайды. «Қай елге қосайын, қай қарекетке қосайын» - деп үміп етер 
көкжиегінің көрінбеуі, әке көңіліндегі көк тұман болып елестеуі бала 
тәрбиесіндегі мақсатсыздықты, бағдарсыздықты анық байқатады. Бала 
тәбиесінде не қыларын білмеген әке өзінің нашар тәләмән мойындамаса да, 
терең ойға шомып, тұйыққа тірелгендей күн кешеді. «Балалардың өзіне алдағы 
өмірінің, білімінің пайдасын, тыныштықпен көрерлік орын тапқаным жоқ, 
қайда бар, не қыл дей алмай отырмын, не бол деп бағам?» - деп, әкенің балаға 
жанашыр көңілінің үмітсіз болжамды кейпін байқата отырып, өз заманы ата-
аналарының тәлім-тәрбиеге деген көзқарасындағы білімсіздікті, шарасыздықты, 
дәрменсіздікті ашып көрсетеді.
Ұлы ақын отбасы тәрбиесінің көрінісін бар шындықпен көрсете отырып, 
одан шығудың нұрлы ағартулық жолын ұсынады. Ал бала тәрбиесіне мән 
бермейтін, ішкен-жегеніне мәз болып, уақытын бос өткізетін әке мен 
шешелердің қылығын, теріс тәлім-тәрбиесін аяусыз сынады. Өз заманының ата-
анасына берілген сын жаңа заман иесі жастардың өмірінде қайталанбаса екен, 
олар нашар тәрбиеден жиреніп, өз отбасында өз балаларына дұрыс тәлім-тәрбие 
берсе екен деген үлкен үміт артады. Дүние есігін іңгәлап ашқан күннен бастап 
көретін баланың алғашқы ұстазы – ата-анасы деп айырықша мән береді. Ол 


54 
әсіресе баланың болашағына жауапкершілік әкеде басым екенін, бала 
тәрбиесіндегі әкенің орны ерекше екендігін көрсетеді. Баланың барлық өсу 
кезеңдеріндегі әкенің қатынасын ашып береді. Әкенің ақылынсыз, талабынсыз, 
тәлімінсіз баланың келешегі, адамдық қасиеті дұрыс қалыптаспайтынын 
ескертті. 
Абай пікірінше, әке тәрбиесі бүкіл өмір бойы, дүниеден озғанша үздіксіз 
берілуін, тәрбие ықпалын үзіп алмау керектігін ескертеді. Адам тәрбиені 
үздіксіз, өмір бойы алады. Сондықтан әкенің өмір тәжірибесін ертерек бастап 
өткізуі, жақсы мен жаманды айыра білуі, оны балаға үйретуі үлкен әкелік 
қасиет деп санады.
Әке тәрбиесі туралы Абайдың бұлайша толғануы өз әкесі, тәлімгер 
ұстазы Құнанбай бабамыздың тағылымы мол, ықпалды тәрбиесінің белгісі. 
Ұлы гуманист Абай бала тәрбиесінде ананың орнын ерекше бағалады. Ол өз 
анасымен бірге әжесі Зеренің құшағында болып, мейірім бұлағынан еркін 
сусындап өсуінің Абай көзқарасында аналар бейнесін биік тұғырдан танытуына 
ықпалы зор болды. Аналық мейіріммен берілетін нәзік те, пәк адамгершілік 
асыл қасиетті өте жоғары бағалады. Сондықтан да ана өз баласының ең 
тұңғыш, ең аяулы, бас тәрбиешісі деп білді. Абай бергісі өз аналары, арғысы өзі 
оқып білген шығармалардағы ана бейнесі арқылы олардың тәрбие 
мәселесіндегі теңдесі жоқ тұлға ана екендігіне үлкен мән береді. Бұл жерде 
реалист ақын өзі өмір сүріп отырған қоғамның аналары бойындағы жеткіліксіз 
қасиеттерінің бетін аша отырып, халықтың келешегі анасы және оның дүниеге 
әкелген перзентіне байланыстылығын жете түсіндіреді. Аналардың дүниеге 
әкелген асыл қазынасының дұрыс өсуі, денінің сау болуы, адамгершілігінің мол 
болуы отбасында анаға тікелей байланысты деп көрсетті. Ойшыл ақын анаға
лайық өнегелі тәрбиешілік қасиетке: жүйелі іс-әрекет, әсерлі қарым-қатынас, 
сыпайы сыйластық, асыл сезім, кіршіксіз махаббат т.б ерекше қасиеттерді 
топтастырды. Ұлы Абай осындай асыл қасиеттерді отбасы ұйытқысы болып 
отырған асыл жардың, барша жұртқа ақылшы болып отырған ананың, 
халқымыз аса қадірлеп, қастерлейтін әженің жарқын, нұрлы бейнесіне, тұңғиық 
психологиясына арқау етсе, бұл идеяны ары қарай Мұхтар Әуезов дамытты.
Осылайша ананың бала тәрбиесіндегі рөлі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, 
қазіргі заманда да толық дамып келеді.
Абай ана мәселесін сөз еткенде, оның қоғамдағы басты рөлі жас ұрпақты 
дені сау, өнегелі адам етіп тәрбиелеу деп білді. Ақын әрбір ананың ақылды, 
білімді болуын армандады. Өзінің, туыстарының, дос-жарандары мен 
көршілерінің қыз балаларын тұрмысқа берерде өзінің өлең-жырларын көшіртіп, 
жасауға қоса тарту-жоралғы жасауы – осы айтылғандардың айғағы. Ақын 
ананың бала тәрбиесінде жақсы өнеге көрсетуін, ұлға ақылшы, қыз балаға 
тәлімгер болуын, ең алдымен ананың өзінің тәрбиелі, әдепті, еңбекшіл, өнегелі 
болуын қолдады. Ақын ана деген ардақты атты кірлететін, әйелге тән 
қасиеттерді толық меңгермегендерді қатты сынап, шенеп отырды.
Абай отбасы берекесі әйелге, анаға байланысты екенін, бірақ кейбір 
әйелдердің отбасында өз міндеттері мен мүмкіндіктерін толық іске асырмай, 
оларды толық сақтамайтындығына қатты ренжіп, олардың отбасында тазалық 


55 
сақтамай, төсек-орны жиналмай, үйінің есігінен шашылған қоқыс төріне дейін 
жететінін және «Қатыны мен Масақбай» өлеңінде осындай әйелдерді 
психологиялық тұрғыда ашына сынайды.
Абай қазақ әйелін тамаша қасиеттерге үндей отырып, әлі де әйелдердің 
зорлық-зомбылықты бастарынан кешіріп отырғанына да қабырғасы қайысты.
Абай шығармаларындағы қазақ әйелдерінің бойында шығыс әйелдеріне тән 
әдептілік, сыпайылық сияқты қасиеттердің мол болып, сақталуын қалады. 
«Жарлылық ұят емес, жалқаулық ұят», «Олақтан салақ жаман» деген ойларды 
өз жырларында арқау етті. Әйелдердің жағымсыз қасиеттерінен арылып, ой-
өрісі бай, үй-ішінің береке-құтын сақтар, әдеп пен ар-ұятын жоғары ұстаған, 
баланың бал тәрбиешісі, ерінің сенімді досы боларлық асыл әйелді ана деп 
білді.
Абай ата-аналарға баланың сана-сезімі айнадай таза болатынын, кейін ол 
отбасының тәжірибесіздігінен әрқилы болып өсетінін ашып көрсетті.
Жастардың санасын барлық жамандықтан уландырмай сақтап қалуды ата-
ананың және басқа да жұртшылықтың, көпшіліктің парызы деп санады. Бұл 
жерде Ұлы ақынның бала тәрбиесіне жұртшылықты да тартуы бүгінгі күннің 
көкейкесті мәселесі бола бермек. Осындайда ақын отыз жетінші қара сөзінде 
«Әркімді заман өсіреді. Кімде кім жаман болса, замандастарының бәрі 
виноват», – деп жастарға да тұжырымды ой салады. Абайдың пікірінше, 
адамның өмір сүріп отырған ортасынан тыс тәрбиесінен жоқ. Олай болса 
тәрбиенің жақсы не жаман болуын заманына қарай бағалауы – Абай 
дүниетанымының нағыз прогрессивтілігі. Отыз жетінші қара сөзінде «Әкесінің 
баласы – адамның дұшпаны. Адамның баласы – бауырың» «Әкенің баласы 
болма – адамның баласы бол!» деп нықтап айтуы әкенің ғана баласы болмай, 
болашақта барша жұртына пайда тигізерліктей көптің де ұлы болуға жарайтын 
қасиеттерді бойына сіңіруді уағыздайды. Абайдың осы ойының екінші астары 
мынада: баланың жаман болуы, жағымсыз әрекетпен күн кешуі оны жалпы 
көпшіліктен аластатады. Ол көзге шыққан сүйелдей, «Әй, пәленшенің баласы 
ғой» делініп, өз әкесінің атымен ғана аталатынын көрсетеді. Ал жақсы тәрбие 
алған баланы, көпшіліктің мүддесін жақсартуға жараған баланы халық өз 
баласындай ортақ бала етеді.
Халық жақсыға құмар, жақсы іске асық. Оған Абайдың өз өмірін мысалға 
алуға болады. Абай – халық ұлы, қазақ халқының кемеңгер ұлы! Олай болса 
Абайдың жастар тәрбиесінде көпшілікті ортақ мақсатқа сай бірлесіп, тәрбие 
беруге шақыруы заңды. Қорыта келе, «Ең бастысы бала ата-анадан не үйренуі 
керек?» деген сұрақ туады. Бұл қай заманға болса да лайық сұрақ. Бұл жерде 
ұлы Абай «Балаға ақша да, үй де мұра етпеңіз, мұра етер асыл қазына еңбек» 
деген философиялық ойға тетелес ой – ата-ананың балаға сүйіспеншілікті 
үйрететін басты отбасы тәриесі деп білді. Сондықтан да бала болашақта өз 
мақсаттарына жету үшін ата-анадан маңдай терін төккен нәтижелі еңбек жолын 
игеруі керек екендігін өзінің ағартушылық ойларының астарынан анық байқата 
білді [38]. 
Бала үшін отбасы – бұл оның дамуына әсер ететін, оны қолдайтын және 
үйрететін, өзін және басқаларды түсінуді анықтайтын негізгі әлеуметтік орта. 


56 
Осылайша, отбасы мінез-құлық үлгісі және басқа қарым-қатынас жүйелеріндегі 
өзара әрекеттесу үлгісі ретінде әрекет етеді. Отбасында балалар өз мәдениетінің 
көзқарастары мен моральдік құндылықтарын игереді, эмоционалды қолдау мен 
қамқорлық қатынастарына қатысады, алғашқы әлеуметтік қақтығыстарды 
бастан кешіреді, өз көзқарастарын және басқаларды үйлестіруге, өз 
ұстанымдарын қорғауға, басқалармен бірлесіп әрекет етуге, ымыраға келуге 
және іздеуге үйренеді. Отбасы балаларды қоғамның құзыретті, белсенді 
мүшелері болуға дайындайды, ал балалардың ата-аналарына деген 
сүйіспеншілігі кең әлеуметтік ортамен қарым-қатынас жасау үшін үлгі болады 
[39]. 
Отбасы әлеуметтік жүйе ретінде отбасылық атмосфераны, ата-ана мен 
бала қарым-қатынасын қамтиды, ол дәстүрлі түрде психологияда адамның 
психикалық дамуындағы көптеген мәселелерді түсінудің кілті ретінде 
қарастырылады. 
Отбасындағы 
қарым-қатынастың балалар 
мен 
жасөспірімдердің 
танымдық және тұлғалық дамуына әсерін зерттеуге арналған көптеген 
әдебиеттер бар [40]. 
Сенімді, қолдаушы, эмоционалды бала – ата-ана қарым-қатынасы 
баланың ақыл-ойының өркендеуіне айтарлықтай мүмкіндік береді [41]. 
Алайда, әлеуметтік жүйелер теориясы тұрғысынан отбасы – кең 
әлеуметтік контекстке әсер ететін өзара байланысты қатынастардың күрделі 
жүйесі. Отбасы мүшелерінің бір-біріне өзара әсері бар: ересектер балалардың 
мінез-құлқына әсер етеді, бірақ балалардың жеке ерекшеліктері, оның ішінде 
жынысы мен темпераменті ересектердің мінез-құлқына да ықпалы зор. Бұл 
жүйелік әсерлер тікелей және жанама түрде әрекет етеді. 
Отбасының бір мүшесінің мінез-құлқы екіншісіне тікелей әсері бала 
мінез-құлқының белгілі бір түрін сақтауға көмектеседі: 
- балаға тек отбасылық орта ғана емес, сонымен бірге бала ата-аналарға
және отбасының басқа мүшелеріне де әсер етеді. Мейірімді, ұқыпты бала 
көбінесе жағымды және тыныш реакциялар тудырады; 
- ал шашыраңқы және мазасыз бала көбінесе ата-ана тараптарынан
жазаланады және ол оның әрекет ету бостандығын шектейді [40]. 
Зерттеулер көрсеткендей, ата-аналар қатаң талап қойып, шыдамдылық 
танытқан кезде, балалар олардың талаптарын орындауға бейім келеді. 
Керісінше, егер ата-аналар балаларды дөрекілік пен шыдамсыздықпен 
тәрбиеленсе, онда балалар бағынбайтын бүлікшілерге айналады. Балалардың 
тілазарлығы жазалардың санын көбейтуі мүмкін, бұл баланың жиі бағынбауына 
әкеледі. 
Егер біз отбасын әлеуметтік жүйе ретінде қарастыратын болсақ, онда 
балалардың дамуындағы уақыттың рөлін ескеру қажет, бұны хроножүйе деп 
атайды, яғни отбасында болған өзгерістерді, маңызды оқиғаларды ғана емес, 
сонымен бірге олардың дамудың басталу уақытын да ескеру қажет. Мысалы, 
інісінің немесе қарындасының дүниеге келуі немесе ата-анасының ажырасуы 
бала үшін мүлдем кері әсері етеді. Отбасы оның құрылымындағы әртүрлі 
өзгерістерде бала үнемі бейімделіп отыруы керек. Мысалы, балалар жүруді 


57 
үйренген кезде, ата-аналар ойын әрекеттеріне көбірек қатыса бастайды, 
сонымен қатар кейде олардың белсенділігін шектейтін әрекеттер де жасайды.
Бала жасының ұлғайуымен қатар отбасының міндеттері де өзгереді. 
Баланың жасына бағытталған осындай негізгі міндеттердің қатарына әлеуметтік 
байланысқа қажеттілікті қалыптастыру (М.И. Лисина), әлемге деген негізгі 
сенім (Э. Эриксон) және сүйіспеншілік, сондай-ақ ғылыми ұғымдар жүйесін 
меңгеруде және дербес оқу қызметін жүзеге асыруда ынтымақтастық пен 
қолдау көрсету болып табылады. Отбасы жеткіншектер мен жасөспірімдерде 
автономия мен өзін-өзі танудың дамуына жағдай жасау үшін жауапты жүйеге 
айналады. 
Сонымен, баланың жаңа жас кезеңіне өту сәтінде ата-ана-бала 
қатынастарының жаңа жүйесін және ата-ана ұстанымын қалыптастыру, ол ата-
ананың балаға эмоционалды қатынасының жиынтығын, жаңа тіркеменің 
қалыптасуын көрсететін интербелсенді сипаттама ретінде көрінеді. Ата-ананың 
балаға деген қарым-қатынасының эмоционалды, танымдық және мінез-құлық 
аспектілерінен басқа, ата-ана позициясы ата-ана ретінде өзін-өзі бейнелеу, ата-
ана ретінде өзін-өзі ұстау, ата-ананың қанағаттану дәрежесін де қамтиды [42]. 
Ата-аналық ұстаным отбасылық жүйеде белгілі бір жаңа мәдени позиция 
ретінде түсінілетінін атап өткен жөн: 
- Ата-ана ұстанымын қабылдау – бұл жүйелі процесс, әлеуметтік
бекітілген функцияларға байланысты қызметті игеру мен іске асыру.
Осы функциялардың ерекшелігін атап өтуге болады: 
- баланың мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, өз өмірін
құрудың тәуелділігі; 
- қалыпты деңгейін қамтамасыз ету үшін қамқорлық және қолдау 
баланың физикалық, психологиялық және әлеуметтік дамуы; 
- ұйымға қатысты шешім қабылдаудағы жауапкершілік баланың
тіршілік әрекеті мен қоғамдағы әлеуметтену және мінез-құлық оның нормалар 
мен ережелерін сақтауы; 
- жетекші аймақты алдын-ала әсер ету ретінде баланың психикалық
дамуы; 
- баланы эмоционалды қабылдау – баланың даралығы, сүйіспеншілік 
және оны қабылдау бұл заңдылық. [43].
Осы функциялардың әртүрлі комбинациясы мен іске асырылуы ата-ана 
позициясының 
түрлі 
нұсқаларына 
әкеледі, 
сондықтан 
бала-ата-ана 
қатынастарындағы даму ерекшеліктеріне тиісті әсер етеді. Бірқатар зерттеулер 
ата-аналардың жеке сипаттамалары белгілі бір ата-ана позициясы мен 
сүйіспеншілігін қалыптастырудың айқындаушы факторы болып табылады. 
Мысалы, экстраверсия, интернационализм, ашықтық, ізгілік және эмоционалды 
тұрақтылық деңгейі жоғары, сондай-ақ невротизмнің төменгі деңгейі бар ата-
аналардың ұстанымдарын, позитивті және дәйекті қалыптасуын көрсетеді. 
Жалпы, ата-ана позициясын игерудегі жетістік – бұл негізгі әлеуметтік жүйені 
қолдайтын 
және 
оқытатын 
отбасындағы 
тұлғааралық 
қатынастар 
жағдайындағы мінез-құлық пен өзара әрекеттестіктің түрлі үлгілері. Бұл ата-ана 
мен бала арасындағы қарым-қатынаста сүйіспеншілікті қалыптастыратын және 


58 
әлеуметтік интеграцияның күрделі жүйелерінде әлеуметтік қарым-қатынасты 
қалыптастыратын отбасы. 
Әр отбасында бала тәрбиелеуде егер олардың достарын бірге тәрбиелеу 
мүмкіндігі болса, одан да жақсы тәрбиеге әсер етер еді. Сондай-ақ, бұл білім 
көп салалы бола алатын болса (мысалы, балаларды эпостармен, халық 
ертегілерімен таныстыру, ұлттық ойындарды ойнау, театрландыруды 
ұйымдастыру, олармен түрлі ойыншықтар жасау, костюмдер тігу, көріністер 
қою, әуесқой бейнефильмдер түсіру, отбасылық фото альбомдар жасау және 
т.б.), мұндай іс-әрекет тек отбасылық тәрбие ретінде ғана емес, сонымен қатар 
әлеуметтік қызметтің нысаны ретінде – басқалардың пайдасы мен қуанышы 
үшін ұжымдық шығармашылық қызмет ретінде де маңызды болары сөзсіз.[44] 
Жоғарыда келтірілген мәліметтерді ескере отырып, бүгінгі қоғамда мектеп пен 
отбасының ынтымақтастығын арттыру қажеттілігі туындайды. Осыған сәйкес, 
«отбасы – орта мектеп» тәрбие жобасы аясында мектеп пен отбасының 
байланысы ретінде «Әке мектебі», «Ана мектебі», «Әже мектебі» жұмыстарын 
жандандыруымыз керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет