16
бір өлшемде болатын эмульсиялар алған. Олардың өлшемі, əдетте
1-10 мкм арасында болды. Эмульсия қасиеттерін жақсарту үшін
қолбадағы сұйықтықты араластыра отырып, эмульгатор қосуға
болады. Осындай жолмен М/С жəне концентрациясы 30% болатын
С/М типті тұрақты эмульсиялар алған.
Қазіргі уақытта майдалаудың электрлік əдісі даму жəне жетіл-
діру сатысында. Олардың айтарлықтай артықшылықтары бар,
соның ішінде негізгісі – алынған
эмульсияның жоғарғы
монодисперстілігі. Бұл əдістер басқа əдістерге қарағанда
эмульгаторлардың концентрациясы аз кезден-ақ эмульсияның екі
типін де алуға мүмкіндік береді. Бірақ электрлік əдістердің
кемшіліктері бар. Егер сұйықтықтың тұтқырлығы жоғары болса,
онда эмульгациялау қиын болады немесе тіпті болмауы да мүмкін.
–
Өздігінен эмульсиялану. Өздігінен эмульсиялану деп сырттан
энергия жұмсамай жүретін эмульсиялануды айтады. Ол
екі ком-
понетті (эмульгаторсыз) гетерогенді жүйеде осы сұйықтықтардың
өзара еруінің кризистік температурасына жақын температурада
байқалады. Осы температурада беттік керілу 1-10
-4
Дж/м
2
шамасы-
нан
аз болады, бұл жағдайда эмульсия өздігінен түзіледі. Ол тер-
модинамикалық тұрақты болады, себебі тамшы түзілгенде
пайда
болатын еркін беттік энергияның артық мөлшері
энтропиялық
фактормен – заттың жүйе көлемінде бірқалыпты таралуына ұм-
тылуымен компенсацияланды. Бұл эмульсияның əрбір фазасы бір
сұйықтықтың екіншісіндегі қаныққан ерітіндісі болып табылады.
Беттік керілудің өте аз мəнінде термодинамикалық тұрақты
болатын жүйеде өздігінен түзілу мүмкіндігі
барлық басқа дис-
перстік жүйелерде кездеспейді, ендеше бұл эмульсиялардың бірін-
ші ерекшелігі болып табылады. Қандай да бір эмульсияның оның
ішінде кризистік эмульсияның өздігінен түзілуі үшін қажет σ
min
-нің
кризистік мəні Ребиндер бойынша былай анықталады:
σ
min
<
2
30
r
kT
Мұнда k – Больцман тұрақтысы.
Егер r ~ 10
-6
см жəне T=298K болса, σ
min
мəні 0,1 эрг/см
3
-тан
кіші болу керек.
Сұйық май организммен жұтылғанда ішекте өт қышқылының
17
тұздарымен жоғары дисперстік майлы эмульсия күйіне дейін
эмульсиялайды, сосын ішек кабырғалары арқылы сорылады.
Таурохолат жүйесінің (өт тұзы) – моноглицеридолеин қышқылы-
ның 6,0<рН<8,5 болғанда шындығында беттік керілуі өте төмен,
яғни 1 эрг/см
3
төмен болады, сондықтан өздігінен эмульсиялану
жүреді. Өздігінен түзілетін жəне сəйкесінше
термодинамикалық
тұрақты болатын эмульсиялар кейде лиофильдік эмульсиялар деп
аталады. 1878 жылы өздігінен эмульсиялауды Гэд ашқаннан кейін
осы құбылыс тəн болатын сұйықтықтардың көптеген жүйесі та-
былды. Алайда оның механизмі қазіргі уақытқа дейін əртүрлі
пікірталастар тудыруда.
Достарыңызбен бөлісу: