Құ республ жə а ұрылы ликасы əңгір ха аграрлы ыс өн


Пəннің ұқсас білім салаларымен байланысы



Pdf көрінісі
бет7/91
Дата14.09.2023
өлшемі1.57 Mb.
#477622
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   91
Құрылыс өндірісін ұйымдастыру

Пəннің ұқсас білім салаларымен байланысы. Қарастырып 
отырған пəн кешенді жəне жинақтамалық сипаттамаға ие жəне, ең 
алдымен, келесі пəндік аймақтардың біліміне негізделеді: құрылыс 
өндірісінің технологиясы жəне құрылыс экономикасы. 
Оқу құралының материалдарының бөлігі, мүмкіншілігінше, сəйкес 
пəндік білімдермен толықтырылған.
Сонымен, мысалы, құрылыс жобаларын жүзеге асыру кезінде əр 
түрлі тексерулер, сараптамалар, келісу мен бекітулер жүргізу қажет, міне, 
сондықтан, бұл кездегі шешілетін сұрақтардың əмбебаптылығына 
байланысты ғылым мен техниканың əр түрлі салаларынан қосымша білім 
қажет болады, дəлірек айтқанда: 
 құқық теориясы; 
 инженерлік-техникалық білім негіздері; 
 метрология жəне сертификация негіздері; 
 математикалық бағдарламалау негіздері жəне т.б.



1 бөлім 
ҚҰРЫЛЫС ӨНДІРІСІН
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ 
 
1.1 Құрылысты ұйымдастырудың негізгі қағидалары 
Жалпы ережелер. Оқылатын пəн атауына кіретін «ұйымдастыру» 
термині көптеген түсінік береді, соның ішінде: 

Құрылымның, құрамның немесе бір нəрсенің құрылысын 
талдауы; 

Белгілі бір қағидалар негізінде қойылған мақсатқа жету үшін 
біріктірілген адамдар немесе топтар жиынтығы; 

Бір нəрсені ұйымдастыру жəне ретке келтіру барысы. 
Құрылыс материалдық нəтижесі жылжымайтын мүлікті жасау, қайта 
құрастыру, қалпына келтіру жəне техникалық қайта жабдықтауға 
негізделетін өндірістің бір түрі болып табылады. Бұл жерде жылжымайтын 
мүлікке жатады: ғимараттар (тұрғын үй ғиматтары, қоғамдық ғимараттар, 
өндірістік ғимараттар жəне т.б.), құрылыстар (тоған, бөгет, көпір жəне 
т.б.), инженерлік жүйелер (құбыр желілері, коллекторлер, электр 
тасымалдау сымдары жəне т.б.). Осылайша, «Құрылыс өндірісін 
ұйымдастыру» пəнінің зерттеу мəні болып, дайын құрылыс өнімдерін 
шығаруға бағытталған жаңа өндірістік жүйелерді жасау жəне осы уақытқа 
дейінгі бар жүйелерді талдау болып табылады.
Қазіргі құрылыста құрылыс өндірісінің орнын анықтайтын 
иерархиялық жүйе пайда болды. Пайда болған иерархияның шыңы болып, 
өндірістік жəне өндірістік емес құрылыстың жұмыс істеуін қамтамасыз 
ететін (мердігерлік құрылыс мекемелері, құрылыс индустриясының 
кəсіпорындары, жобалық мекемелер, консалгтингтік фирмалар жəне т.б.) 
кəсіпорындар мен мекемелердің қосындысы арқылы анықталатын құрылыс 
комплексі табылады.
Берілген жүйеде құрылыс өндірісі құрылыс комплексінің өндірістік 
жəне өндірістік емес мекемелерінің бірлескен қызметі арқылы анықталады 
жəне де дайын құрылыс өнімдерін шығаруға жəне сəйкес қызмет көрсетуге 
бағытталған өндірістік процестерді тікелей ұйымдастыру арқылы жүзеге 
асырылады. Осыдан шығатыны, жұмыс істеуі дайын құрылыс өнімдерін 
шығарумен байланысты басқарудың негізгі (бастапқы)объекті болып 
құрылыс өндірісі табылады.
Қызметі құрылыс өнірісінің жұмыс істеуімен тікелей байланысты 
құрылыс мекемелері, ақша өлшеуіші (теңге, рубль, евро, доллар жəне т.б.) 
арқылы немесе натуралды өлшеуіштер (ауданның шаршы метрі, текше 
метр 
жəне 
т.б.) 
арқылы 
саналатын, 
шығарылатын 
құрылыс 
материалдарының немесе көрсетілетін қызметтердің көлемі арқылы 



анықталатын қуатқа ие. Əдеттегідей, құрылыс насандары үшін сəйкес 
келісім шарттар (контрактілер) арқылы анықталатын уақыт аралығында 
көптеген құрылыс мекемелерінің қуатын өзіне тартуы қажет болады. 
Сондықтан құрылыс мекемесінің тапсырыстар портфелінің қосынысы 
өзінің жəне тартылған қуаттардың жиынтығымен анықталады. 
Қазіргі экономикалық ғылымда құрылыс нəтижесі белгілі бір 
жобаны немесе оның бір бөлігін жүзеге асыру ретінде қарастырылады 
жəне негізгі қорларды жасау немесе қайта жаңарту ретінде анықталады.
Құрылыс жобаларын жүзеге асыру екі тəсілмен (белгілі бір деңгейде 
қарама-қайшы) жоспарлау арқылы қамтамасыз етіледі. 
Бірінші тəсілге сəйкес, жоспарлаудың негізі болып құрылыс 
мекемесінің қуаты алынады, ал бұл қуатқа байланысты сəйкес құрылыс 
өнімдерін шығаратын тапсырыстар портфелі жасақталады. Бұл тəсілдің 
негізгі ерекшелігі – уақыт аралығындағы құрылыс мекемесінің қуаты 
біршама түрде тұрақты шама болып табылады, ал жұмыс жəне нысандар 
құрамы динамикалы, яғни, уақыт аралығында өзгермелі. Берілген тəсіл, 
көп 
жағдайда, 
мердігер 
құрылыс 
мекемелерінде 
құрылысты 
ұйымдастыруға бағытталған. Тəсіл «Құрылыс өндірісін ұйымдастыру» 
жəне «Құрылысты ұйымдастыру» пəндерінде кеңірек айтылған.
Екінші тəсілге сəйкес, жоспарлаудың негізі болып құрылыс нысаны 
жəне оның ары қарайғы пайдаланылуы алынады, жəне бұл жүзеге асыру 
кезеңінде құрылыс жəне жүзеге асырушы мекемелердің қажетті қуатын 
тарту жоспарланады. Бұл тəсіл, көбінесе, тапсырыс беруші-құрылысты 
салушы позициясынан құрылысты ұйымастыруға бағытталған, жəне де ол, 
ең алдымен, «Инвестициялық құрылыс жобаларын басқару» пəнінің мəні 
болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет