Құ республ жə а ұрылы ликасы əңгір ха аграрлы ыс өн


Басқару сапасының индексін есептеу үлгісі



Pdf көрінісі
бет80/91
Дата14.09.2023
өлшемі1.57 Mb.
#477622
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   91
Құрылыс өндірісін ұйымдастыру

Басқару сапасының индексін есептеу үлгісі. Күнтізбелік 
жоспарлау жəне басқару функциясын модельдеу қарастырайық, 5.3-
суретте көрсетілген Симплекс деп аталатын шартты күнтізбелік кесте 
мысалында басқару сапасының индексін есептеуді қамтиды.
Күнтізбелік жоспар динамикалық болып табылатынына қарамастан 
оның екі оқиғасы осы жүйенің инварианты ретінде анықталады-бұл 
базалық жоспардың жалпы басы жəне оның жалпы аяқталуы.
Əдетте күнтізбелік жоспарлау кезінде жалпы негізгі жоспардың басы 
директивті, ал жалпы аяқталуы базистік жоспардың жалпы басы мен 
құрылыстың нормативтік-директивтік ұзақтығы.
Ережеге сəйкес құрылыстың нақты басталуы жоспарланған 
бастаумен сəйкес келеді,ал құрылыстың нақты аяқталуы барлық 
жұмыстардың нақты орындалуына байланысты, жалпы жағдайда қойылған 
мақсаттан ауытқуды көрсетеді. Демек, оңтайлы басқару бұл ауытқуды 
азайту үшін жасалуы тиіс. 
Жобаларды басқару жүйелерінде ұзақтығы жоқ жұмыстар кейбір 
оқиғаны соңғы нəтижесі ғана болып табылады. Осыған сəйкес 5.3 суретте 


157 
базалық бастау құрылыстың аяқталуы үшбұрыштармен көрсетілген тиісті 
кезеңдермен бейнеленген. 
Құрылыстың басталуы мен аяқталуы арасында келесі жұмыстарды 
орындау жоспарланған: 
- жобалауға тапсырма құрастыру: 
-объектіні жобалау; 
- мердігерлік сауданы дайындау жəне өткізу; 
-құрылысқа рұқсат алу; 
- мердігердің құрылыс жұмыстарын орындауы. 
Ұсынылған мысалға сəйкес барлық аталған жұмыстар дəйекті түрде 
орындалады. Көрсетілгендей желілік уақыт шкаласында жұмыстарды 
ұсынуға келесі графикалық құралдар қолданылады (5.3-сурет): 
-негізгі (эталондық) күнтізбелік жоспар бойынша жұмысты көрсету 
үшін төменгі штрихталған тіктөртбұрыш қолданылады; 
-ағымдағы жұмыс күйін көрсету үшін жоғарғы сызылмаған 
тіктөртбұрыш қолданылады; 
-жұмыстың орындалған бөліктерін көрсету үшін тіктөртбұрышты 
қара 
түске бояйды. 
Мысал үшін құрылыстың нақты жағдайын қарастырайық: ағымдағы 
күн - 2006 жылдың 13-сəуірі, эталондық күнтізбеге сəйкес бұл күні l-ші 
жұмыс (жобалауға тапсырма) толық орындалуы тиіс жəне 2-жұмыс 
(объектіні жобалау) 50 % орындалуы тиісті. 
Іс жүзінде осы күнге 1-жұмыстың 100% (жобалауға тапсырма) жəне 
коттеджді жобалау бойынша жұмыс көлемінің 40% ғана орындалды. 40% 
көлемді орындауға 50% уақыт шығындалғандықтан жоспарланған 
ұзақтылық 20 күннен дейін 25 күнге артады.Бұл келесі жұмыстардың 
барлық мерзімдерінің тиісті жылжуына жəне кідіруіне əкеледі, 
құрылыстың жалпы аяқталуы 5 күнге ұзартылады. Осылайша бақылау 
функцияларын іске асыру кез


158 


159 
келген жұмысты орындаудың нақты жай-күйін белгілеуге ғана емес, 
сондай-ақ оны одан əріорындау жөнінде болжам жасауға мүмкіндік береді. 
Əрине, барлық келесі жұмыстардың аяқталуын кешіктіру 
құрылыстың жалпы аяқталуының кідіруіне алып келеді, ол теріс құбылыс 
ретінде қарастырылуы тиіс. Сондықтан шешім қабылдайтын тұлға, жүйеге 
жобалық жұмыстарды уақытылы орындамауға байланысты теріс 
салдарларды азайтатын реттеуші əсер қалыптастыруы тиіс.
Мүмкін шешімдердің бірін ұсынамыз: 
- ағымдағы жобалау ұзақтығын 25 күнге дейін ұлғайтамыз; 
- күнтізбелік жоспарды қайта есептейміз жəне 5.4 суретте 
көрсетілген жұмыс кестесін аламыз. 
Ұсынылатын реттеуші əсерді іске асыру үшін бұл жағдайда 
əкімшілік əдісті қолдану қажет. Бұл жағдайда, қызметкердің екі жұмысты 
да өзінің негізгі жұмыс уақытында орындайтынын ескерсек, онда бұл 
жұмыс қосымша емес, қызметтерді қоса атқару болып есептеледі.
Жаңа күнтізбелік жоспардың бастапқы жоспардан айырмашылығы 
енгізілген түзету əсері негізгі мақсатқа жетуді жаңаша ұйымдастыруға 
мүмкіндік берді (5.5-сурет). 
Бұрын енгізілген экономикалық жағдайларды қалай бағалауға 
болатынын қарастырайық. Дисконт нормасын анықтаймыз. 
Мысалы, алдағы капиталдың дисконт нормасы Е = 30% шамасымен 
анықталған.
Түзетілген күнтізбелік жоспар бастапқы жоспардан ерекшеленеді, 
бұл орындалған жобалық жұмыстар үшін қорытынды төлем 6-шы аптаның 
соңында, ал бастапқы төлем 5 - ші аптаның соңында жүргізіледі.
Егер төлем сомасы 360 мың теңгеге тең болса,онда оның кешіктрілуі 
инвестияның басталуына дейін 1802 теңгеге азаяды. (5.1-5.3) формулалар 
арқылы IGM = 0,99 басқару сапасының индексін аламыз. 
Ағымдағы жоспарды түзету аяқталғаннан кейін оны жаңа базалық 
жоспар ретінде тағайындайды.
Басқару сапасын өлшеудің сипатталған рəсімі итерациядан 
итерацияға басқару сапасының индексін динамикалық түрде есептеуге 
мүмкіндік беретіндігін атап өткен жөн.
Сонымен қатар, осы индекс бойынша нақты жұмыстарды 
орындаушылардың жауапкершілік дəрежесін анықтауға болады. 
Ұсынылған басқару сапасын бағалау моделі инвестициялық 
жобалардың тиімділігін бағалаудың қазіргі заманғы бағалауына 
негізделеді. 
Сондай-ақ, бұл модель негізінен «бейімделу» қасиетіне ие. Алайда, 
оны толық бағалаушы əсерге теңестіру үшін дисконт нормасының уақыт 
тəуелділігін ескеру қажет.


160 
Ақырында, модель тиімді, өйткені басқару қызметінің нəтижесін 
динамикалық бағалауға мүмкіндік береді. 


161 


162 


163 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет