Кәсіпорын экономикасы пәнінен ДӘріс материалдары



Pdf көрінісі
бет10/25
Дата17.09.2023
өлшемі0.54 Mb.
#477750
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25
дәріс материалдары КЭ

Ресурстарды сақтау – меншіктің әртүрлі формалары және шаруашылық тетігінің ықпалымен 
жүзеге асатын нақты және өткен еңбекті үнемдеу. Оның практикалық мәні еңбек материалдық 


және қаржы ресурстарын үнемді пайдалану және халық шаруашылығының барлық саласындағы 
шығындарды барынша жою.
 
2. Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстардың рөлі 
Шикізат, материалдар, отын, энергия - бұлар еңбек затына жатады, яғни олар еңбек құралы мен 
адам еңбегінің әсеріне тап болып, нәтижесінде адамның өндірістік және жеке қажеттілігін 
қамтамасыз ету үшін өздерінің түрлері мен қасиеттерін өзгертеді. Бұл ресурстар өнеркәсіптің 
материалдық-техникалық базасының заттық элементі болып табылады. Олар айналым қорының 
құрамына кіріп, толығымен өзінің құнын дайын өнімге өткізеді. 
Еңбек заты ретінде материалдық ресурстар шикізат және отын-энергетикалық болып екіге 
бөлінеді. 
Шикізат ресурстары әртүрлі өндіріс өнімдерін шығару үшін пайдаланылған еңбек заттарының 
жиынтығы. Өңделмеген шикізат деп жерден қазып алынған немесе өңделген және соның 
нәтижесінде белгілі бір өзгерістерге ұшыраған еңбек затын айтамыз. 
Шикізат кен өндіруші өндіріс (мұнай, көмір, руда т.б) пен ауыл шаруашылығының ( пен ауыл 
шаруашылығының (астық, картоп, қызылша) өнімдері, ал материалдарға өңдеуші өндірістің өнімі 
жатады.
Материалдар негізгі және көмекші болінеді. 
Негізгі материалдар дайын өнімнің құрамына табиғи түрде кіріп, оның материалдық негізін 
құрайды. 
Көмекші материалдар дайын өнімнің құрамына кірмейді, бірақ та оның түзілуіне әсер етеді. 
Отын-энергетикалық ресурстар ықтималды және нақты болып екіге бөлінеді. 
Ықтималды отын-энергетикалық ресурстарға елдің белгілі бір экономикалық аймағындағы отын 
мен энергияның барлық байланысты қорлар жатады. 
Нақты отын-энергетикалық ресурстар деп ел экономикасында пайдаланылып жатқан энергияның 
барлық түрінің жиынтығын айтады. 
Экономикалық тұрғыдан қарағанда халық шаруашылығында пайдаланылатын шикізаттың барлық 
түрі екі үлкен топқа бөлінеді: 
1. Өндірістік шикізат - бұл өндірістен алынады және көбінесе саланың ауыр өнеркәсібінде 
пайдаланылады. 
2. Ауыл шаруашылығының щикізаты - бұл ауыл шарушылығы саласында өндіріліп, негізінен 
жеңіл және тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады. 
Өндірістік шикізат өз алдына екі кіші топқа бөлінеді. 
- минерал тектес шикізат, яғни жер қойнауынан алынған шикізаттар; 
- жасанды шикізат, яғни жасанды жолмен алынатын шикізаттар мен материалдар. 
Әсіресе минерал тектес табиғи шикізаттар түрі кең тараған. Ол өнеркәсіптің минералдық-
шикізаттық базасын құрап, қара және түсті металлургия, отын, электр энергиясы сияқты негізгі 
өнеркәсіп салаларының дамуына үлкен әсерін тигізеді. 
Өнеркәсіпте өндірілген өнім мен шикізаттың сапасы өндірістің экономикасын арттыруда маңызды 
рөл атқарады. Олар төмендегідей сараланады. 
- өндіріс үдерісінде атқаратын рөлі бойынша: негізгі, көмекші, қосымша. 
- экономикалық нышаны бойынша:еңбек заты, дайын өнім. 
- алу әдісі бойынша: өндірістік, ауыл шаруашылықтық. 
- шыққын тегі бойынша: мал, өсімдік, кең қазбасы. 
- өндіріс уақыты бойынша: маусымдық, маусымдық емес. 
- өңдеу әдісі бойынша: алғашқы және қайталама. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет