Асембаева эльмира куандыковна



Pdf көрінісі
бет11/45
Дата21.09.2023
өлшемі7.94 Mb.
#478091
түріДиссертация
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   45
Диссертация Асембаева Э К

Диссертацияның құрылымы. Диссертация жұмысының мәтіні 
нормативтік сілтемелер, анықтамалар, белгілеулер мен қысқартулар, кіріспе, 
әдебиеттерге шолу, зерттеу материалдары мен әдістері, зерттеу нәтижелері 
және оларды талдау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімін және 
қосымшаны қосқанда 154 беттен тұрады. Пайдаланылған әдебиеттер саны – 
246. Алынған нәтижелер және мәліметтер 29 - сурет, 21 - кестеде және 5 
қосымшада келтірілген. 
 
 
 
 
 
 
 
 


13 
1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ 
 
1.1 Түйе сүтінің физика-химиялық көрсеткіштері мен емдік қасиеті 
2019 жылғы мәліметтер бойынша Қазақстанда түйе саны 202,2 мың бас, 
ал 2018 жылғы 1 қаңтардағы мәліметтер бойынша республикадағы 
шаруашылықтарда және халық арасында 188,4 мың түйе болған. Нәтижесінде 
2018-2019 жылдар аралығындағы айырмашылық 13,8 мың басты құрады немесе 
ағымдағы жылдың үлесі 6,8% болды [20].
Түйе сүтінің түсі ақ және мөлдір, дәмі тәтті, бірақ кейде тұзды болуы 
мүмкін [21]. Оның түсінің ақ болуы сүттегі біркелкі таралған гомогенделген 
жұқа майға, дәмінің өзгеруі ауыз судың қолжетімдігі мен азықтандыру түріне 
байланысты [22]. Түйе сүтінің тығыздығы 1,026 - 1,035г/см
3
. Сүттің тығыздығы 
оның құрамына, дәлірек айтқанда майлылығына тікелей байланысты. Сүттің рН 
мәні 6,2-ден 6,5-ке дейін өзгеріп отырады, яғни әлсіз қышқылдық орта 
көрсетеді. Жаңа сауылған сүттің орташа титрлеу қышқылдығы 19,5 
0
Т, ауытқуы 
16-дан 20-22 
0
Т аралығында ауысып отырады. Бір тәулік ішінде сүттің 
қышқылдығында шағын ауытқулар байқалып отырады. Осылайша, алғашқы 
сауылған сүттің қышқылдығы келесі сауылған сүтпен салыстырғанда 0,5-1,5 
0
Т-
ге жоғары болады [23, 24]. 
Түйе сүтінің басқа сүтқоректілердің сүтінен айырмашылығы ұзақ уақыт 
сақталуында. +5 - +10 °C температурада түйе сүтінің бактерицидтік фазасы екі 
күнге созылуы мүмкін, яғни сүт ашымайды. Түйе сүтінің бактерицидтік 
фазасының ұзақтығы маңызды қасиеті болып табылады. Бактерицидтік фазаны 
жоғарылату үшін сауғаннан кейін сүтті бірден 5 °C температурада 
салқындатып, сақтау керек. Сол кезде оны өңдеуден бұрын біраз уақыт сақтауға 
және бұзылудан қорықпай тасымалдауға болады [25]. 
Сүттің буферлік сыйымдылығы деп рН мәні ортасының 1 бірлікке 
өзгертуге қажетті 0,1н қышқыл немесе сілтінің мөлшерін айтады. Сүт 
қышқылының қалыптасуында жеке буферлік жүйелер арасындағы тепе-теңдік 
ауысып, рН мәні төмендейді. Сүт қышқылы коллоидты кальций фосфатын 
ерітеді, бұл титрленетін гидрофосфаттардың құрамының жоғарылауына және 
титрлеу нәтижесінде кальцийдің әсерін арттырады. Түйе сүтінің буферлік 
сыйымдылығы сілті бойынша 2,8-3,2 мл, қышқыл бойынша 1,9-2,3 мл [26]. 
Көптеген зерттеушілердің пікірінше, түйе сүтінің химиялық құрамы 
мекендейтін географиялық аймағына, тұқымына, физиологиялық күйіне, 
азықтандырылуына, маусымдық өзгерістерге, лактация кезеңіне, түйенің 
генетикалық немесе денсаулық жағдайына, жасына және тағы басқа 
факторларға байланысты өзгеріп отырады [27-33].
Түйе сүтінің құрамын орта есеппен ақуыз – 3,4%, май – 3,5%, лактоза –
4,4%, күл – 0,79% және су – 87% құрайды [34]. Т.Ш. Шарманов пен А.К. 
Жанғабыловтың мәліметтері бойынша түйе сүтінің құрамында ақуыз – 4,32%, 
лактоза – 4,24%, құрғақ заттар – 14,50% болды. А.Д. Серикбаева мен А.Б. 
Токтамысованың пікірінше, түйе сүті құрамындағы ақуыз мөлшері – 4,45%, 
май – 5,17%, лактоза – 4,82%, құрғақ заттар – 15,51%. З. Сеитовтың зерттеу 


14 
нәтижелері бойынша: ақуыз – 3,50%, май – 4,47%, лактоза – 4,95%, құрғақ 
заттар – 13,62% [28, р. 96].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет