Асембаева эльмира куандыковна



Pdf көрінісі
бет13/45
Дата21.09.2023
өлшемі7.94 Mb.
#478091
түріДиссертация
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45
Диссертация Асембаева Э К

Сарысу ақуыздары. Қышқылмен майсыздандырылған сүттен казеинді 
тұндырып алғаннан кейін сарысуда 0,5-0,8% ақуыздар (15-20% барлық 
ақуыздардың) қалады, олар сарысу ақуыздары деп аталады. Олардың ішінде 
негізгілері: α-лактоальбумин, β-лактоглобулин, қан сарысуының альбумині, 
иммуноглобулиндер және протеозо-пептон фракциясының компоненттері 
болып табылады. Ана сүтімен келетін сарысу ақуыздары нәрестеге иммундық 
қасиеттерді тасымалдаушылар ретінде қажетті физиологиялық маңызға ие. 
Сонымен қатар, сарысу құрамында лактоферрин, ферменттер және басқа да 
минорлы компоненттер болады. Сарысу ақуыздары рН мәні 4,6 болған кезде 
ериді.
Сарысу ақуызы 

түйе сүті ақуызының фракциясының екінші үлкен үлесі, 
ол түйе сүті ақуызының 20 - 25% құрайды. Дромедар түйесінің сүт құрамында 
0,63 және 0,80% аралығында сарысу ақуызы болады [46, р. 165].


лактоглобулин түйе сүтінде жоқ екендігі анықталды, яғни түйе сүті 
аллергендік қасиеттер көрсетпейді. Азық-түлікке аллергиясы бар балалар түйе 
сүтімен тез қалпына келді. Түйе сүті тамаққа аллергиясы бар адамдарға 
жағымды әсер етеді [34 р.18; 50]. Сондықтан түйе сүтін сиыр сүтіне аллергиясы 
бар адамдардың тамақтануында ақуыздың жаңа көзі ретінде ұсынуға болады. 
Түйе сүтіндегі 

s

лактоглобулиннің мөлшері сиырға (10%) қарағанда едәуір 
жоғары (62,5%), бұл түйе сүтінің жылуға төзімділігінің жоғарылығын 
сипаттайды.
Түйе сүтінің сарысу ақуызы пептидогликан, иммуноглобулиндер, 
лактоферрин және сарысу альбумині сияқты басқа да негізгі компоненттерден 
тұрады [51]. Пептидогликанның ең жоғары концентрациясы алғашқы рет түйе 
сүтінде байқалды, ол сүт безі қатерлі ісігіне әсер етеді, метастазды бақылайды, 
иесінің иммундық жауабын ынталандырады. Пептидогликан адамның 
иммундық әрекетін ынталандыра отырып, күшті антимикробтық белсенділік 
көрсетеді. Бұл зерттеулерде көрсетілгендей, сүт безі қатерлі ісігіне оң әсер етеді 
[44, р. 38]. 
Лактоферрин 

құрамында темір бар ақуыз. Ол темірмен қызыл түсті 
кешен түзеді, сондықтан ол қызыл ақуыз деп аталады [52, 53]. Әр лактоферрин 
молекуласы екі темір ионын тығыз байланыстырады. Темірден басқа 
лактоферрин құрамында әлсіз байланысқан мырыш немесе мыс иондарының 
айтарлықтай мөлшері болуы мүмкін. Көптеген лактоферрин темірді 
тасымалдауға немесе сақтауға және антиоксиданттық қасиеттерге ие. Темір мен 
мырыштан басқа, лактоферрин мыс иондарының тасымалдануын қамтамасыз 
етеді. Түйе сүтіндегі лактоферриннің мөлшері (0,22 мг/мл) ешкі, қой, енеке мен 


17 
сиыр сүтінен анағұрлым жоғары болды. Зерттеулер көрсеткендей 
лактоферриннің сүттегі ең жоғары деңгейі (2,3 г/л) төлдегеннен екі күннен 
кейін байқалады [21, р. 88]. Түйе сүтіндегі лактоферрин сиыр сүтіне қарағанда 
(0,077 мг/мл) екі есе көп (0,170 мг/мл), бұл ақуыздың темірге берік байланыса 
алатындығын көрсетеді [48, с. 28]. Лактоферрин 

түйе сүтіндегі жоғары 
концентрациясы 
бар 
қорғаныш 
ақуыздарының 
бірі, 
патогенді 
микроорганизмдердің пайда болуының алдын алады. Лактоферриннің in vitro-
жағдайында қатерлі ісік жасушаларының көбеюін тежейтін және ДНҚ 
зақымдалуын қалпына келтіретін қабілеті бар екендігі расталды. Түйе сүтінің 
негізгі темір протеині, лактоферрин қатерлі ісік ауруын 56% төмендетуге 
қабілетті [34, р. 19]. 
Лaктопероксидaзa – сутегінің aсқын тотығы мен оргaникaлық aсқын 
тотықтaрды ыдырaтaтын сүттің ферменті, сол aрқылы aғзaны aтомдық оттегінің 
зиянды әсерінен сaқтaйды [54]. Лактопероксидаза қышқылға және 
протеолитикалық ыдырауға төзімді, ағзаның иммундық жүйесін қорғайды, 
бактерицидтік қасиетті, қатерлі ісікке қарсы белсенділікті арттырады, қалқанша 
безі гормондарының қалыптасуын йодтауға және байланыстыруға қатысатын 
адамның асқын тотығымен тығыз байланысады [55]. Ол бактерицидтік қасиетке 
ие және грам-теріс Escherichia coli, Salmonella және Pseudomonas сияқты 
бактерияларға қарсы белсенділігі бар [21, р. 88; 23, р. 25]. 
Түйе сүтіндегі лизоцим 

сиыр мен ананың сүтіне қарағанда жоғары 
қорғаныштық қасиеті бар ақуыз. Пaтогенді микрофлорaғa әсіресе, ішек 
тaяқшaлaрынa қaтысты лизоцимнің бaктерицидтік белсенділігі aнықтaлған. 
Лизоцим aдaм иммунитетін күшейтуге септігін тигізеді [23, р. 23; 33, с. 24]. 
Иммуноглобулиндер 

ағзаны aуру тудырғыш бaктериялaр мен 
вирустaрдaн қорғaйтын қорғaныш ақуыздар (aнтидене) болып тaбылaды. Сүтте 
пайда болатын иммуноглобулиндер тікелей қаннан түседі. Түйе сүтіндегі 
иммуноглобулиндердің құрылымы ана сүтіндегі иммуноглобулиндердің 
құрылымына ұқсас. Түйе сүтіндегі иммуноглобулиндер антидененің жоғары 
титрі ротовирустарға қарсы әрекет етеді [33, с. 23; 34, р.19]. 
Сонымен қатар, түйе сүтіндегі иммуноглобулиннің G деңгейі 1,64 мг/мл 
бұл ешкі, сиыр, қой, енеке және ана сүтімен тиісінше салыстырғанда 0,70, 0,67, 
0,55, 0,63 және 0,86 мг/мл ең жоғары [49, р. 2]. Осылaйшa, сүттің ақуыздары тек 
қaнa жоғaры тaғaмдық құндылыққa ие болып қоймaй, сонымен қaтaр олaрдың 
көпшілігі aдaмғa денсaулық пен сaпaлы өмір беретін иммунитетті белсендіргіш, 
aнтибaктериялық, aнтивирустық қосылыстaр болып тaбылaды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет