49
гигроскопиялық
материалдар
температураға
байланысты
емес.
Су
белсенділігінің мәні температура 1
0
С - қа өзгергенде тек 0,0005-0,005
өзгеретіні анықталды. Бұл құбылыс зерттелетін
гигроскопиялық материалдың
бетіндегі парциалды қысым температураның өзгеруіне байланысты. Көптеген
гигроскопиялық материалдарда парциалды бу қысымының өзгеру шамасы таза
судың үстіндегі қаныққан бу қысымының өзгеруімен бірдей.
Ашыту үрдісі тәулік ішінде рН мәнін сағат сайын өлшейтін
компьютерленген қондырғыда, яғни 400 мл
DASGIP фирмасының
биореакторында жүргізілді.
Сүтқышқылды өнімінің иммунотроптық қасиеттерін анықтау
Сүтқышқылды сүт өнімінің иммунотроптық қасиеттерін анықтау жасанды
түрде енгізілген иммуносупрессия моделі бойынша тәжірибе түрінде
жүргізілді. Зерттеуге
«Столбовая» «Технологиялық
биомедицина ғылыми
орталығы» ФМБҒМ зертханалық жануарлар питомнигінен алынған тышқандар
алынды. Иммуносупрессияны модельдеу үшін циклофосфан бір рет
тышқандарға 125 мг/кг дозада енгізілді.
Тәжірибелер 60 F1 (CBAxC57Bl/6)
гибридті тышқандарда жасалды. Жануарлар жалпы виварлы рационда болды.
Сүтқышқылды өнім күнделікті 30 күн бойы ауыз арқылы 0,5 мл көлемде
тышқанға беріледі. Бақылау жануарларына осындай мөлшерде дистилденген су
берілді, әр топта 30 тышқаннан болды. Жануарлармен жұмыс зертханалық
практика ережелеріне және нұсқаулықтарға (Ресейдің Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрлігінің 23.08.2010 ж. бұйрығымен бекітілген №708Н
«Зертханалық практика ережелерін бекіту туралы» және 23.01.1985 ж. №48
«Тәжірибелік жануарларды қолдану арқылы жүргізілетін жұмыстарды бақылау
туралы», Хельсинки декларациясы және Еуропалық қоғамдастық 86/609EEC
(2000) директиваларына) сәйкес этикалық нормалар сақтала отырып жүргізілді.
Қан
сарысуындағы A, M, G кластарындағы иммуноглобулиндердің
құрамы иммунноферментті анализатормен ИФА Вектор Бест (Ресей)
анықталды [229].
Қан плазмасындағы антиоксиданттық белсенділікті (AOБ) анықтау
«Яуза-01-ААА»
(НПО Химавтоматика, Ресей)
анализаторының
көмегімен
амперометриялық әдіс бойынша жүргізілді [230].
Эритроциттердің гемолизатындағы каталазаның белсенділігін сутегі
асқын тотығының жылдамдығын жою арқылы колориметриялық әдіс бойынша
анықталды және шартты бірліктермен өрнектеледі [231].
Қан сарысуындағы супероксиддисмутазаның белсенділігі супероксид-
дисмутазаның кверцетиннің тотығу реакциясын тежеу қабілетімен анықталды
[232] және белсенділіктің шартты бірлігінде өрнектеледі.
Достарыңызбен бөлісу: