153
1. Зерттеліп отырған электрлік, радиотехникалық объек-
тілерге, олардың тәжірибелік сипатамаларын
алу мақсатында
әсер етуге қолданылатын калибрленген ӛлшеу сигналдарының
кӛздері. Сонымен қатар үлгілік сигнал кӛздері жұмыстық аспап-
тарды градуировка жасау үшін және сигналдардың кейбір кӛр-
сеткіштерін ӛлшеу үшін қолданылады.
2. Физикалық шамалардың мәндерін, сигналдардың кӛр-
сеткіштерін және тізбек күйлерін ӛлшеуге керекті аспаптар. Бұ-
лар: вольтметр, амперметр,
ваттметр, осциллограф және т.б.
3. Тізбектің сипатамалары мен кӛрсеткіштерін ӛлшеуге
керекті аспаптар. Осы топқа жататын аспаптардың ерекшелігі –
олардың әрқайсысы ӛз ішінде орналасқан ӛлшегіш сигналдар-
дың кӛзінен және физикалық шамалардың мәнін ӛлшейтін ӛл-
шегіш аспаптан тұрады. Бұл топта бірінші және екінші топтың
аспаптары біріктірілген. Айтылған топқа индуктивтілікті, кон-
денсатордың сыйымдылығын және резисторлардың кедергілерін
ӛлшейтін құралдар, тербелмелі контурлардың кеңшілдігін ӛлше-
гіштер және ӛтпелі сипаттамалардың ӛлшегіштері жатады.
Ӛлшеудің үлгілік құралдары ішінен шама бірлігінің этало-
ны ерекше орын алады. Шама бірлігінің
эталоны - уәкілетті
мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен бекітілген, мӛлшерін
осы шаманың басқа ӛлшем құралдарына беру мақсатында, шама
бірлігін (шама бірлігінің еселік не үлестік мәндерін) жаңғыртуға
және (немесе) сақтауға арналған ӛлшем құралы. Басқаша айтсақ,
эталон дегеніміз ерекше спецификамен жасалып, физикалық ша-
маның мәнін ӛте жоғары дәлдікпен анықтауға арналған ӛлшем
құралы. Ол тексеру тәсімінің тӛменгі саласындағы ӛлшем құрал-
дарына ӛлшем бірлігінің мӛлшерін
беру мақсатында осы бір-
лікті дәл анықтап шығаруға және сақтауға арналған. Ұзындық,
уақыт, кернеу, ток күші, кедергі және басқа да шамалардың
эталондары бар. Дәлдігі бойынша эталондар мынадай түрлерге
бӛлінеді:
біріншілік эталон, бұл берілген елде бірлікті ең жоғары
дәлдікпен беретін эталон;
екіншілік эталон, бұның мәні біріншілік эталон бойынша
табылады;
154
эталон кӛшірме, бұл бірліктің мӛлшерін
жұмыстық эта-
лонға беруге арналған;
жұмыстық эталон бірліктің мӛлшерін үлгілік ӛлшем құ-
ралдарына беруге арналған.
Ел ішінде үкімет тарапынан бекітілген біріншілік эталон –
мемлекеттік эталон деп аталады. Егер де осы мемлекеттік эта-
лонды қайтадан жасап шығаруға болмаса, онда оның сақталуын
тексеру үшін, бүлінген не жоғалған жағдайда оны алмастыру
үшін эталон куә пайдаланылады. Ол біріншілік эталон кӛшір-
месі. Мемлекеттік эталонды қарапайым ӛлшеу жүргізуде қол-
данбайды. Ол ерекше жабдықталған
және бірқалыпты тұрақты
температура мен ылғалдылықтағы бӛлмеде орналастырылады,
оның ішіне тек қана эталонды сақтаушының бастауымен аз ғана
қызметкерлер кіре алады.
Достарыңызбен бөлісу: