Саурыкова жулдыз мейрхановна


балықты алады, егерде біраз берілген деректі жеткізе  алмаса Сазан



Pdf көрінісі
бет60/61
Дата23.09.2023
өлшемі3.24 Mb.
#478395
түріДиссертация
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61
Саурыкова-Ж.-диссертация

балықты алады, егерде біраз берілген деректі жеткізе 
алмаса Сазан балығын алады. Ал егер берілген деректі 
келесі топтарға жеткізуде қиналса, көркем- бейнелі 
жеткізбесе Шортан балығын алады. 
(Ж) 2- тапсырма 
ҚБ: «Хауыздар» әдісі 
Егерде өлеңнен түсініксіз сөздерді түртіп, мағынасын 
толық ашса, өлең шумақтарынан жақсы мәтін құраса үлкен 
Хауыз алады. Егерде өлеңнен түсініксіз сөздерді түртіп 
алып, бірақ мағынасын толық аша алмаса, өлең 
шумақтарынан құраған мәтіндері аз болған жағдайда
орташа Хауыз алады. Ал егер өлеңнен түсініксіз сөздерді 
тауып, бірақ мағынасын дұрыс аша алмаса, өлеңнен құраған 
мәтіндері бір – бірімен байланыспаса, онда кіші Хауызға ие 
болады. 
 
(Т)3- тапсырма 
ҚБ: «Кемемен саяхат» әдісі 
Топтар «Қазақстан өзендері» атты видеоны мұқият 
тыңдап, өзендер жайлы мәліметті оқып, Қазақстан 
картасынан берілген өзенді дұрыс тапса, онда
Саяхатқа шығатын Кеме алады. Ал егерде «Қазақстан 
өзендері» атты видеоны мұқият тыңдап, өзендер жайлы 
мәліметті оқып, Қазақстан картасынан берілген өзенді 
дұрыс таппаған жағдайда желкенді Кеме алады. 
«Қазақстан өзендері» атты видеоны мұқият тыңдамаса, 
өзендер жайлы мәліметті мән беріп оқып таныспаса, 
Қазақстан картасынан берілген өзенді дұрыс таппаған 
жағдайда Қайық алады. 
 
(Т) 4- тапсырма 
ҚБ: «Су бетіндегі құстар» әдісі 
Егерде жасаған жұмыстары сапалы, оны көркем – бейнелі 
сөздерді қолдана отырып, жеткізе алса су бетінде тіршілік 
ететін құстардың бірі Аққу құсын алады. Ал егер дұрыс 
жасай алмай, қиналса Шағала, мүлдем қиналып жатса 
Үйрек құсын алады. 
 
Кері байланыс: «Мұхит, көл, өзен» 
Оқушыларға стикерлер таратылып беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет