Утепбаева А. А., Елеусизкызы М.,Наурызбаев Б. А. ҚАрапайым математикалық ҰҒымдарды


Ондық санау жүйесін меңгеруге дайындау үшін



Pdf көрінісі
бет14/39
Дата25.09.2023
өлшемі1.08 Mb.
#478524
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39
Karapaiym matematika

Ондық санау жүйесін меңгеруге дайындау үшін:
- ауызша және жазбаша нөмірлеуді білу;
- қосу және азайту арифметикалық әрекеттерін меңгеру;
- топпен санауды игеру қажет. 
Екінші сәбилер тобында сандық ұғымдарды қалыптастыру 
әдістемесі. Тәрбиеші жиындарды әртүрлі әдістерімен салыстыруды қолдануды 
үйретуде балалар сандарды бірнеше бірлікке арттыру мен кемітуді құрастыра 
алуды оқиды, жиындарды заттардың саны бойынша теңестіруді және олардың 
арасындағы 1,2,3 элементке айырмашылығын көрсетеді. 
Ортаңғы топтағы сияқта балалар берілген саны мен үлгісі бойынша 
мөлшерін санайды (сандық фигура, карточка) немесе көп (аз) бірлігі бойынша, 
бір-бірінен әртүрлі анализаторлардың қабылдауы негізінде кеңістікті – сапалық 
белгілерімен ерекшеленетін (форма, орналасуы, санаудың бағыты және т.с.с.) 
нақты жиыны сандық мөлшері бойынша заттарды жалпылауды үйренеді. 
Жиындарды және сандарды салыстыру кезінде балалар 0-ден 9-ға дейін 
сандарымен танысады[19,36-40]. Оларды сандармен сәйкестендіруді, айыра 
алуды, ойында қолдануды үйренеді. 
Ересектер тобында екі немесе оданда көп жиындарды элементтер 
бойынша салыстырады. Балалар сандарды білгендіктен келесі және алдыңғы 
сандарды табуға және мүшелеуге көмектеседі, бір санды екі әдіспен (бұл – 3 
2+1 немесе 4-1), сонымен қатар балаларды жиындарды сандары бойынша тең 
немесе теңсіздікті көрсету. Сондықтан балаларға бірінің үстіне, бірінің астына 
және жұптастыру әдістері, заттарды сызықтармен сәйкестендіру, 
эквиваленттілікті қолдану – бұл ересектер тобында болады. 
2-ші сәбилер тобындағы балаларды жиынды оқытудың негізгі 
міндеттерінің бірі практикалық тәсілдерді өзара бір элементтер жиынынан 
басқа элементтермен салыстыру болып табылды, элементтер бойынша 
жиындарды нақты заттарды бірінің үсіне бірін қою әдісі арқылы салыстыру
сонымен қатар элементтер бойынша бір жиындарды екіншілермен бірінің 
астына қою әдісімен салыстыру. Балалар жиынның сандық мөлшерін анықтай 
алады және оның көмегімен сандық қатынастары сөзбен айта алуды игереді. 
Балаларда «тең» және «тең емес» қатынастарын тең мөлшерлі жиын 
қалыптастыру және оны сөз арқылы айта алу: осынша, қанша; соншалықты, 
қанша; теңбе-тең, сандық мөлшері бойынша бірдей. Келесіде балалар тең емес 
мөлшердегі жиынды табуға үйренеді: көп, аз; оған қарағанда. Соңында 
баланың білімін бекіту мақсатында балалар теңдік пен тең еместі (орнату мен 
анықтау) әртүрлі ойындық және тұрмыстық жағдайда орын алуымен анықтай 
алады. 
Вариациялық 
жаттығулар баланың «қанша?» сұрағын түсінуді 
қамтамасыз етеді. Сұрақтың жауабында екі топ заттарын нәтижесін салыстыру 
арқылы көрсету керек: «соншалықты» немесе «оған қарағанда көбірек» («оған 
қарағанда азырақ»). 
Салыстырудың оңай әдісі бірінің үстіне бірін қою әдісі болып табылады. 
Балаларды бұл әдіске үйрету үшін сәйкесінше заттар бейнеленген карточкалар 
немесе геометриялық фигуралар немесе 3-6 дана ойыншықтар қолдануға 


35 
болады. Заттар бейнеленген карточкалар ретімен орналастырылады себебі бұл 
этапта егер басқадай реттілікте орналасса балалардың адекватты қабылдауын 
қиындатады. Суреттерге кішкентай заттар қойылады (тарату материалы 
ретінде) немесе заттардың слеттері қойылады. 
Сабаққа көрнекілік құралдары балалардың бір заттарды басқа 
мағынасына сәйкес байланыстыру керектігін көру үшін таңдалу керек: 
қояндарға сәбіз бер, көбелектерді гүлге қондыру, қуыршаққа көйлек кигізу 
және т.с.с. 
Беттестіру әдісі түсіндіруде тәрбиеші «бір біріне» қатынасы негізінде 
көңіл аударады, соншалықты сөзінің мағынасын түсіну арқылы әрекетті 
орындау. Тәрбиеші заттарды алып оң қолымен солдан оңға әрекетін жасайды, 
біртін ден әрбір сурет элементтерін қояды және т.с.с (сурет -3.3). 
Жаттығу кезінде тарату материалы көп мөлшерде болу керек. Заттар 
үстіне қойылатын суреттер астындағы суретті толық жауып тұрмау керек. Бұл 
әдістің мағынасын игеруге, салыстыруға, өзін- өзі ұстау элементтерін дамытуға 
керек. 
«Соншалықты», «сонша, қанша» игергеннен кейін балаларға «нешеден?» 
сұрағын қою керек. Жауабы «тең бе-тең» бұл заттардың мөлшері бойынша 
жалпы алынғанын және оның кеңістегі сапалық білгірсіне тәуелсіз болып 
келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет