Утепбаева А. А., Елеусизкызы М.,Наурызбаев Б. А. ҚАрапайым математикалық ҰҒымдарды


Әртүрлі жасерекшелік топтарда геометриялық денелермен



Pdf көрінісі
бет27/39
Дата25.09.2023
өлшемі1.08 Mb.
#478524
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39
Karapaiym matematika

5.3 Әртүрлі жасерекшелік топтарда геометриялық денелермен
таныстыру әдістемесі 
 
Геометриялық денелерді таныстыруда алдын ала жүргізілетін жұмыстар 
төмендегідей. Көлемді геометриялық пішіндердің сұлбаларымен және 
формалармен (текше, шар, цилиндр, т.б.) танысу кіші топтарда ойын және 
құрылыс әрекетінде жүзеге асады. Балалар тәрбиешінің нұсқауы бойынша:
- қарашы; 
- қолыңа ұста; 
- сипап көр; 
- атын ата; 
- көрсет; 
- онымен әрекет орында; 
- осы пішінге ұқсасты көрсет
- менің айтқанымды тауып берші. 
Балалар заттарды формаларына қарай ажыратуды біледі. Дегенмен, 
сұлбаларға ойыншық ретінде қарайды. Тәрбиеші мектеп жасына дейінгі 
балаларды дұрыс терминдермен таныстырып, олардың атын атап, сипап сезу 
арқылы сұлбаларды зерттеуге үйретеді.
Ортаңғы топта жазық пішіндермен және басқа көлемді геометриялық 
денелермен салыстыру негізінде жұмыс жүргізіп, таныстырады. 
Форма жайында түсініктерін дамыту әдістемесі төмендегі бірізділікке 
жүгіне отырып, жүзеге асады.
- қарап, атын атау; 
- қозғалыс және сипап сезуді сөзбен сипаттай отырып, зерттейді; 


60 
- олардың айқын қасиеттерін айқындау үшін әртүрлі қозғалыс жасап
әрекеттерді орындайды; 
- топтастыруға арналған жаттығуларды, тапсырмаларды орындайды.
Көрнекі материалдарға: көлемді геометриялық денелердің сұлбалары 
(демонстрациялық және таратпа материалдар): текше, шар, цилиндр, пирамида, 
призма, параллелепипедті жатқызуға болады және құрылыс материалдары, 
«Лего» құрылыс жинақтары, Сеген тақтасы және т.б (сурет -5.8). 
Сурет -5.8. «Лего» құрылыс жинақтары және Сеген тақтасы. 
Сонымен қатар, формасы айқын көрсетілген көлемді заттар: шар – доп, 
апельсин; текше – қорап, текшелер; цилиндр – банка, стақан; конус – қалпақ; 
пирамида – сүттің қорабы; призма – пенал; параллелепипед – сабын және т.б. 
Геометриялық денелерді таныстыруда және негізгі түсініктерді бекітуге, 
сонымен қатар білімдер жетілдіруге келесідей дидактикалық ойындарды 
қолдануға болады: «Тұрақты-тұрақсыз» (текше – тұрақты, қойсақ – орнынан 
қозғалмайды; шар – тұрақсыз, қойсақ – домалайды; цилиндр – осылай қойсақ, 
текше сияқты тұрады, қозғалайды, ал осылай қойсақ, шар сияқты қозғалып, 
тұрақсыз екен).
«Не өзгерді?», «Жұбын тап», «Не жоғалды?»,
«Сиқырлы 
қорапша» (І нұсқа: «Қолыңды дорбаға салып, қолыңа түскен затты сипатта». ІІ 
нұсқа: «Айтқан затты көрсет»)
Ересек топта таныстыру әдістемесі. Жалпылама түсініктермен таныстыру 
әдістемесі: үшбұрыш, төртбұрыш, көпбұрыш.
Ең алдымен балаларды күнделікті өмірде кездесетін заттар арқылы 
таныстырып, (тұрмыста кездесетін заттардың пішіндерінің түрлері), білімдерін 
жалпылау (индуктивті әдіс арқылы жекеден жалпыға өту).
Төртбұрыштың әртүрлі түрлерімен таныстырылады. Шаршы мен 
тіктөртбұрышты балалар біледі. Балаларға ромб, трапеция, параллелограммды 
қарап, қасиеттерін сипаттап аттарын атауға, үйретеді, жаттықтырады. Мысалы, 
- «Өздеріне таныс геометриялық пішіндерді табындар. – Олар туралы не 
білесіңдер? – Бұл пішіндердің ортақ қасиеттері қандай? – Оларды бір сөзбен 
қалай сипаттауға болады?».
Сонымен қатар, балалардың қиялы мен шығармашылығын дамыту үшін 
танграм ойыны және оригами жасауды үйрету қолға алынады. Бұл ересек 
топтың балаларында шыдамдылық, зейінділікті және логикалық ойлауды 
жетілдірудің тиімді жолы.


61 
 
 
 
Сурет -5.9. Танграм ойыны. 
«Танграм» ойнап, бала әртүрлі бейнелерді және геометриялық пішіндерді 
тануға, талдауға, барлық объектіні жекелеген бөліктерге бөлуге және керісінше 
- элементтерден үлгі жасайды және ең бастысы, логикалық тұрғыдан ойлауды 
үйренеді (сурет -5.9).
«Танграм» ойнап, жеті элементтің алаңын ғана емес, сонымен қатар: 

сурет үлгісі бойынша контурды жасау. Әрбір санның барлығы жеті 
бөліктен тұрады және олар бір-бірін жаппауы керек

элементтерге арналған үлгілерге (жауаптарға) арналған үлгіні жинайды. 

балалар түсімді тек контур бойымен ғана толтырып, өз нұсқаларын ойлап 
таба алмайды
[21]
.
Осы арқылы балалар көрнекі-бейнелі ойлауларын 
дамытуға болады.
Жапонияда оригами Хэйан заманынан (794 - 1185ж. ж.) бастап келеді. 
Бұл заманда қағаз қолдан істеу әдісімен өндірілген, құнды және әсем материал 
болды, негізінен діни рәсімдерде қолданылды. «Ори» – «қағаз» және «ками» – 
«құдай» сөздерінің дыбысталуындағы ұқсастық маңызды роль атқаруы мүмкін. 
Оригами Жапонияда пайда болған. 
Қарапайым оригами – оригамидің стилі, британ оригамисті Джон Смит 
ойлап тапқан, бұл бүктемелердің тек төбешік пен жазықтыққа жиналуымен 
ғана шектеледі. Айналдыра бүктеу – оригами диаграммаларының бір түрі, 
дайын модельдің бүкіл бүктемелері бейнеленген сызба Оригамидің танымал 
түрлерінің біріне модульдік оригами жатады, мұнда тұтас фигура көптеген ұсақ 
бөліктерден (модульдерден) жиналады, олардың әрқайсысы қағаз парағынан 
бүктеліп жасалады. Сулы бүктеме – бүктеу техникасы, Акира Иошизава ойлап 
тапқан және суланған қағазды фигуралардың түзу шығу үшін, көрікті болу 
үшін, сонымен қатар қатты болу үшін қолданады [22]. Оригами мектеп жасына 
дейінгі балалардың саусақ моторикасын дамытып қана қоймай, сонымен қатар, 
олардың шығармашылығын дамытуға ықпал етеді (сурет -5.10).


62 
Сурет -5.10. Оригами 
 
Мектепалды даярлық тобында таныстыру әдістемесі. «Көпбұрыш» 
түсінігімен таныстыру.
- үшбұрыштың әр түрлерін қайталау; 
- төртбұрыштың әртүрлерін қайталау (сурет -5.11); 
- үшбұрыш 
және төртбұрышты «көпбұрыштарға» біріктіруге 
болатынын түсіндіру; 
- көпбұрыштың басқа түрлерін қарастыру; 
- қағаздан көпбұрыштардың әртүрлерін модельдеу, қағазға салу, 
таяқшалардан жасау (сурет -5.12). 
Сурет-5.11. Трапеция, көпбұрыш, параллелограмм 
Сурет-5.12. Көпбұрыштан жасалған дене 
Балалардың алдына педагог мұнара ойыншықты қойып, саусақтарымен 
айналдыра көрсетуді, мұнара өздеріне таныс қандай жазық фигураға ұқсас 
екендігін сұрайды. Балалар ол үшбұрыш тәріздес деп жауап береді. 
Үшбұрышты ұстап көріп, сипап сезу арқылы қандай айырмашылығы барын 
сұрақтар қою арқылы байқауға бағыттайды. Балалар таяқшаға кигізілген 
сақиналардың жоғарыдан төмен қарай ұлғаятындығын айтады. Тәрбиеші 


63 
заттың көлемімен қасиеттерін сипаттайды, ол ойыншықтың мұнара екендігін 
түсіндіреді. Оның бұрыштары жоқ, дөңгелек сақиналардан тұратындығын, 
сондай-ақ, төртбұрышты мұнара ойыншықты алып, салыстыруға үйретеді. 
Оның бұрыштары болғандықтан домаламайды, ал конус домалайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет