Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет159/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

әлдеқашан кетіп қалған болатын. Бұл сөйлемдердегі әлдеқалай, әлдеқашан 
деген сөздер қ а л а й? қ а ш а н? деген сұрақтарға жауап беріп, пысықтауыш 
болып тұр. 
Белгісіздік есімдіктер кей, қай, қайсы, әр, әлде, бір сөздерінің өзге сөздермен 
немесе өзара біріктірілуі арқылы жасалады. Бұлар - біріккен сөз ретінде бірге 
жазылады. Мысалы: әлдекім, бірнеше, әлдеқалай, әркім, кейбір. 
Ал бұл сөздердің бірқатары өзге сөз таптарымен тіркесіп айтылғанда бөлек 
жазылады. Мысалы: қай жылы, әр күні, бір жұма, кей уақытта, әлде алыс, 
әлде жақын. 
 


105-жаттығу.
Мына сөйлемдерді көшіріп, ондағы белгісіздік есімдіктердің астын 
сызып, олардың сөйлемде қай мүше болдып тұрғанын айтыңдар. 
1.- Қазақстан! –деймін ішімнен әрбір қарпына көңіл құлағын тосып.
2. Кеудемді әлдене көріп бара жатқандай, өзімді өзім үлкен сезінемін. 3. 
Жоғары көтерілген сайын көкжиек шалқайып, көз шаларың көбейе береді 
десем, ал адам ойының әлдеқашан орай кеткен жері. 4. Әйтеуір оқып шықсам, 
бір-демеге жарармын деген шала буалдыр ойым болатын. 5. Қоңырау 
әлдеқашан соғылыпты, сен кешігесің! 6. Енді, міне, көзіңді жұмғанмен көңіл 
ояу, шарқ ұрып қыдырып, әлдеқайдан ірілі-ұсақты ойларды сүйреп 
қайтады.(Ғ.Мүсір.) 7. Әр тұстан дыбырласып, сөйлесіп қалған үндер 
шығады.8. Кеудесіндегі тірлік қайғысы мұның әрбір оңаша кезде, Әбіштің 
қабақ шытып, өзімен -өзі боп ойланып қалатын мұңы еді. 9. Біреулер алға 
қарай дыбыстап үн қатса, тау іші күңгірлеп, жаңғырып, аз ғана дыбысты да 
әуліктіріп, алысқа әкетеді. (М.Ә) 10. Жан тірі болса, уәде бірдеме болар. (Ғ.М)
6. Болымсыздық есімдік. Есім сөздерінің орнына жүріп, белгілі сан, 
сапа, өзге де қасиеттердің нәрседе жоқ екендігін білдіретін есімдіктің 
түрін б о л ы м с ы з д ы қ е с і м д і к дейді 
Оларға: ештеңе (ештеме), дәнеңе (дәнеме), ешкім, ешқандай, ешбір, ешқа-
сысы, ешқашан, ешқайда деген сияқты сөздер жатады. 
Бұлардың да мағыналары, тұлғалануы және синтаксистік қызметі бірдей 
емес.  Ештеңе, дәнеңе, ешкім, ешқайсысы деген сөздер зат есімнің орнына 
жүріп, зат есімге тіркеспей дара қолданылады да,көптеледі, тәуелденеді, 
септеледі. Сосын сөйлемде морфологиялық тұлғасына қарай және қандай 
сөзбен байланысып тұрғанына қарай, сөйлемнің барлық мүшесінің қызме-
тінде де қолданыла береді. Мысалы: 1Ештеңе естілмейді.2. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет