2.Көмекші етістік. Сөйлем ішінде келіп толық мағына бере алмай-тын, өз
алдына сөйлем мүшесі бола алмайтын, басқа бір толық мағыналы
етістікке тіркесіп айтылып, сол етістіктің грамматикалық мағынасын
тиянақтау үшін қолданылатын етістіктің түрін к ө м е к ш і е т і с т і к
дейді.
Көмекші етістіктер күрделі етістіктің қүрамындағы есімше, көсемше
түлғасында қолданылып, кимылдық ұғымға ие болатын негізгі
етістіктерге
жақтық,-шақтық грамматикалық ұғым беріп, сөйлемнің бастауышымен
жақтастыру үшін қолданылады. Мысалы:
Ол Анкара университетінде оқып
жүр. Автобус тоқтап қалды. Бұл сөйлемдердегі
оқып жүр, тоқтап қалды
деген тіркестер бір қимылдық ұғымды білдіретін күрделі етістіктер де
олардың ішін-де қимылдық, баяндауыштық ұғымға
ие болып тұрған негізгі
етістіктер —
оқып, тоқтап деген көсемше тұлғалы сөздер. Өйткені бұл
сөйлемдердегі айтылған ой оның оқығандығы, автобус-тың тоқтағандығы
жайында болып тұр. Ал
жүр, қалды деген сөздер негізгі етістікке біріншісінде
осы шақтық, үшінші жақтық
(оқып жүр) үғым беріп, бастауышпен
байланыстыру үшін қолданылса, екіншісінде өткен шақтық, үшінші жақтық
(тоқтап қалды) ұғым беріп,
автобус деген бастауышпен байланыстыру үшін
қолданылып тұр.
Көмекші етістіктер күрделі етістіктердің жасалуында
өте маңызды қызмет
атқарады да, мағынасына және атқаратын қызметіне қарай екі түрлі болып
келеді:
а) арнаулы көмекші етістіктер, ә) ауыспалы көмекші етістіктер.
а)
Арнаулы көмекші етістіктер деп жеке тұрғанда толық лексикалық
Достарыңызбен бөлісу: