Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет32/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

Е с к е р т у . ш, с дыбыстарынан басталатын қосымшалар ілгерінді ыкпал за-ңына 
бағынбай, сөздің соңғы дыбысы ұяң дауыссыз дыбыс болса да, үнді дыбыс болса да, сол 
күйінде жалғана береді. Мысалы: мал+сыз, кір + сіз, кім+сің, өзің+сің, кел+сін, жүр+сін, 
тер + шіл, құлын + шақ, тіл+ші, мал +  шы; 
ә) сөздің соңғы дыбысы қатаң дауыссыз дыбыс болса, оған дауыссыз 
дыбыстан басталып жалғанатын қосымшаның бірінші дыбысы да қатаң 
болады. Мысалы: кітап -\- тар, сурет тер, кітап + қа, сурет+ке
Е с к е р т у. Казақтың байырғы сөздері ұяң б, в, г, д дыбыстарына аяқталмайды. Бұл 
дыбыстарға орыс тілі арқылы енген сөздер ғана аяқталып тұрады. Орыс тілінің 
орфоэпиясында (айтылу нормасында) сөздің аяғындағы ұяң б, в, г, д дыбыстары қатаң п, ф, 
т, к дыбыстарына айналып естіледі. Сондықтан бұл сөздерге қазақ тілінің қосымшалары 
қатаң дауыссыз дыбыстан басталып жалғанады. Мысалы: склад-қа, склад-тан, прораб-тың, 
прораб-тар, негатив-тің, ңегатнв-ті, дифтонг-тар. 
20-жаттығу. Мәтінді окып шығып, қара әріптермен жазылған сөздерге қосымшалардың 
неліктен түрлі-түрлі жалғанып тұрғандығына түсінік беріңдер. 
Күздің таңы баяулап атып келеді екен, қос аңшы кұстарын ұстап қостан 
шықты да, белдеудегі аттарын кеп шешті.
Мосқал жасты, буырыл сақал қарт бүркітші Бекбол жуан торы аттың 
шылбырын беліне қыстырып, енді үзеңгіге аяғын сала бергенде, арт жағынан 


39 
ат пысқырды. Сұр тонды, кеспелтек денесін шапшаң бұрып сырт айналғанда, 
Бекбол кезең асып келе жатқан қасқа атты жүргіншіні көрді. Мойнына 
мылтық асынған, мезгілсіз жүрген жолаушы асығып, жедел келеді екен. 
Бекбол ерге қонбай, торы атты сулығынан тартып, жүргінші келе жатқан 
жаққа бұрды. Ауыр бүркіт ұстаған оң қолын ердің үстіне салып, таңырқап 
тосып қалды. (М. Ә.) 
21-жаттығу. Мына қосымшаларды ілгерінді ықпал бойынша соңы қатаң, ұяң, үнді
дыбыстарға біткен сөздерге әр түрлі етіп жалғаңдар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет