Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет36/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

б, п, ң, к, ғ, г дыбыстарының бірінен басталса, бірінші сөздің соңындағы н 
дыбысы не мне ң дыбысына айналып естіледі де, жазуда ол өзгеріс 
ескерілмей, сөздердің бастапқы тұлғасы сақталып жазылады. 
Ж а з ы л у ы А й т ы л у ы 
Жанғали Жаңғали 
Жанпейіс Жампейіс 
Түрғанбек Түрғамбек 
г) қатар айтылған екі сөздің біріншісі ң, к, п дауыссыз дыбыстарының 
біріне бітіп, екінші сөз я дауысты, я үнді, я ұяң дауыссыз дыбыстан басталса
бірінші сөздің соңындағы қ, к, п дыбыстары өзгеріп, ғ, г, б дыбыстарына 
айналып естіледі. Бұл өзгеріс жазуда ескерілмей, сөздердің бастапқы 
тұлғалары сақталып жазылады. 
Ж а з ы л у ы А й т ы л у ы 
Көк жиек көг жиек 
шолақ еді шолағ еді 
шөп әкелді шөб әкелді 
көк ала көг ала
ғ) қатар айтылған екі сөздің біріншісі з, с дыбыстарының біріне аякталып, 
келесі сөз ш, с, ж дыбыстарынан басталса, бұл дыбыстардың әсерінен бірінші 


43 
сөздін соңындағы з, с дыбыстары өзгеріп, ш, с, ж дауыссыз дыбыстарына 
айналып естіледі. Бұл өзгеріс жазуда ескерілмей, бастапқы тұлғалары 
сақталып жазылады. 
Ж а з ы л у ы А й т ы л у ы 
боз жорға бож жорға
тас шаптың ба? таш шаптың ба? 
қарбыз сатты қарбыс сатты 
д) қатар айтылған бірнеше сөздердің біріншісінің соңғы дыбысы, 
екіншісінің басқы дыбысы дауысты болып келсе, алғашқы сөздің соңындағы 
дауысты дыбыс түсіріліп айтылады. Ол өзгеріс жазуда ескерілмей, сөздердің 
бастапқы тұлғалары сақталып жазылады. 
Ж а з ы л у ы А й т ы л у ы 
торы ала ат торалат 
кісі асына сабыр (мақал) кісасына сабыр
келе ала ма екен келаламекен 
23-жаттығу. Мына үзінділерде қара әріптермен жазылған сөздерді, түбірі мен 
қосымшасының арасына сызықша қойып, көшіріп жазыңдар да, ол сөздердегі ықпал заңын 
көрсетіңдер. 
Маржан, Маржан, қарағым! Маржан, Маржан, жүрегім! 
Күлімдейді қабағың. Қолыңда сенің күрегің. 
Түріліпті балағың. Жұмыста жүрсең білемін, 
Жалаңаш балғын балтырың, Жалаңаш жұмыр білегің. 
Не еткен сұлу, жарқыным! 
(С. С.) 
24-жаттығу. Мына сөздерді орфографиялық ереже бойынша дұрыстап жазыңдар. Бұл 
сөздердің неліктен өзгеріп айтылатынын түсіндіріңдер. 
Келаламекен, ағешкі, торалайғыр, көссалалмай, көрсигеді, 
жүралмады, көгалат, алалмады, әкеппер, жашшүрек, . 
25-жаттығу. Мәтінді окып шығып, сөз ішіндегі, сөз тіркестерінің аралығындағы ілгерінді 
ықпал мен кейінді ықпал заңы кездесетін сөздерді көрсетіңдер де, олардың айтылуы мен 
жазылуын салыстырыңдар. 
Уақыт өте ерте болатын. Көшеде мектепке асығып бара жатқан оқушылар 
кездеседі. Балалар сабақтарын жаттап барады. Жоғары сынып оқушылары 
әзіл-қалжың айтысады. Қыздар көздерін ұяла төмен түсіріп, олардың жанынан 


өтеді. Таяғына сүйенген кайыршы шал ішінен дұғасын күбірлеп айтып, аяғын 
сылти басады. Күз шұғыласы жанға жайлы тиеді. 
Хосейн қабырғаға сүйеніп тұрып, ойға кетті, мазасыз ойлар билеп барады. 
Ұйқыдан жаңа оянған қаланың ыңы-жыңы, шілденің түс кезіндегі шыбын-
дарының беймаза ызыңындай жалықтырып жіберді.
Хосейіннің еш нәрсе ойлағысы келмеді. Оған бәрі де жиренішті көрініп 
кетті. Тіпті жанынан өтіп жатқан әйелдердің жылы көзқарастары да оған 
ұнамай, қажытып жіберді. (И. Ж. Ә.) 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет