Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет44/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

 30-жаттығу. Төмендегі сөздерді қатыстыра отырып бірнеше сөйлем құрап жазыңыздар. 
Берілген сөздердің әр сөйлемде қандай мағынаға ие болып тұрғанын анықтаңыздар. 
Ай, жұлдыз, көк, қара, көз. 
31-жаттығу. Сөйлемдерден бірнеше мағынасы бар сөздерді теріп жазып, олардың 
мағынасын анықтаңыздар. 
1.Қыр басынан етекке қарай болат арқан тартып, он шақты жұмысшы жүр (Ғ. 
Мұст. ). 2. Қыр келбеті құлпырып, Дәулеттенді сар дала ( Жамбыл ). 3. Төсек 
үстінде керіле түсіп, Хакім сол қырынан жатып, терезеге күлімдей қарайды ( 
Х. Е.), 4. Қыр көрсеткені ме, мақтанғаны ма-кім білсін, теңселе жүріп, талтаң 
басады аяғын (Ғ. Мұст. ). 5. Жаз бойы Бөкенші мен борсаққа Құнанбайдың 
қабағы келіспей, қырына ала берген болатын ( М. Ә. ). 6. Есжан алғашқыдай 
емес, қыры сынып қалыпты (Ғ. Мұст. ). 7. Қараңғыдан шыға келген адам 
мылтығын атып жіберді ( С. Е. ). 8. Олар жатқан орындарынан атып тұрды ( Д. 
Ә. ). 9. Жас ағаштар шешек атып, құлпырып кетті ( О. Ш. ). Қуат шақшасын 
алды да, насыбайын атты (Ғ. Мұст. ). 
§ 24. Омонимдер 
 
Айтылуы, дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары бір-бірінен мүлде 
басқа сөздерді о м о н и м дейді. 
Омоним сөздер мен көп мағыналы сөздерді бір-бірімен шатыстыруға 
болмайды. Көп мағыналы сөздердің әр сөйлемде, контексте беретін 
мағыналары әртүрлі болғанымен, негізі бір түбірден, бір ұғымнан шығып, бір 
ғана сөз табының сұрағына жауап беріп тұрады. Ал омоним сөздердің 
мағыналық жағынан да, жасалуы, шығу төкіні жағынан да жақындығы 
болмайды. 


53 
Ж а қ – адамның, жан-жануардың дене мүшесі, сүйек. 
Ж а қ – етістік ( от жақ ) 
Ж а қ – қару, құрал ( тарихи сөз. « оғым жоқ, жағым жоқ, ат қоян» )
(« М.М.» ). 
Ж а қ – бірлік, топтастық, одақтастық (ақтар бір жақ, қызылдар бір
жақ, жақтасу..) 
Ж а қ – бағыт (Оң жақ, сол жақ, ық жақ) 
Ж а қ – етістік (қара бояуды жақ ) 
Омоним сөздер қазақ тілінде, өзге тілдермен салыстырғанда, өте көп деуге 
болады. Омоним болатын, көбінесе, қазақтың байырғы сөздері.
Омонимдердің ереше түрлері о м о ф о н д а р мен о м о г р а ф т а р. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет