Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


Айтылуы бірдей, мағыналары мен жазылуы әртүрлі сөздер о м о ф о н -



Pdf көрінісі
бет45/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

Айтылуы бірдей, мағыналары мен жазылуы әртүрлі сөздер о м о ф о н - 
д а р (грекше: homos – бірдей, phone – дыбыс) деп аталады. 
 Мысалы,  а щ ы к ө л, а щ ы д ә м, е с і к т і а ш ш ы деген тіркестердегі
а щ ы, а ш ш ы сөздері - омофондар. 
Біркелкі жазылып, екпіннің алмасып түсуіне байланысты түрліше 
дыбысталатын, мағыналары әрбасқа сөздер мен сөз формалары
о м о г р а ф т а р ( грекше: homos – бірдей, qrape - жазамын ) деп аталады. 
Қазақ тілінде омографтар, негізінен, зат есім мен етістіктің болымсыз 
түрінен жұп құрайды. Мысалы, т а р т п а (1. зат есім, үстелдің, шкафтың 
тартпасы, 2. Ер-тоқым әбзелі ), т а р т п а (етістік, кейін тартпа), а л м а
(зат есім, жеміс), а л м а  (етістік ),
 
32 - жаттығу. Берілген сөздердің омонимдерін жазып, мағыналарын түсіндіріңдер.Жақша 
ішіне бір-бір сөйлемнен мысал келтіріңдер)
Ат, от, жаз, ақ, түс, мақта, арық, ара, жар, нан, күл, сана, сен. 
Ү л г і : Ат – деректі зат есім ( Ат- ер қанаты.) 
Ат – дерексіз зат есім ( Балаға Ертөстік деп ат қояды.) 
Ат – етістік (оқ ату
33 - жаттығу. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін пайдалана отырып, төмендегі сөздерге 
омоним болатын сөздерді тауып жазыңдар. Олардың мағынасын түсіндіріңдер.
Өлең, қию, бұршақ, бақыр, барыс, жару, нан, сана, жаз, сыр, тоң, мал, атан, 
арық, сыз, тамақ, іш, шөл, тақ, той, сан, саба, қой, мал,
§ 25. Антонимдер 
 
Сөз – адамның айналадағы заттарды, құбылыстарды білу, тану 
әрекетінің нәтижесі, сол процесте адам санасына әсер еткен заттардың 
сәулесі, бейнесі болса, әрбір заттың екі жағы болатыны сияқты, сөз 
мағынасының да екі жағы болады. Екінші сөзбен айтқанда, сөз мағынасы да 


қарама-қарсы бірлікте келеді: күн болса, түн болады; жаз болса, қыс болады; 
ауыр болса, жеңіл; ұзын болса, қысқа болатыны сияқты тілдегі сөздердің 
көпшілігі мағыналық жағынан қарама-қарсы жұпталып айтылады. 
Сөйтіп, мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздерді а н т о н и м д е р 
дейді.
(грекше: anti -қарсы, onyma - ат, атау) . Тіл-тілде көбінесе сапалық 
ұғымды білдіретін сөздер немесе сапалық белгісі бар сөздер өзара бір-бірімен 
антонимдес болып келеді. Осыған байланысты антонимдердің синонимдер 
мен көп мағыналы сөздерге қарағанда саны аз, өрісі тар болып келеді. 
Антонимдес болатын сөздердің басым көпшілігі сын есімдер. Мысалы, кәрі-
жас, дұрыс – бұрыс, түзу-қисық, терең-саяз, адал-арам, оң-теріс, үлкен-кіші
т. б. 
Зат есімдерден антоним болатындар –санаулы сөздер ғана. Соның өзінде 
олардың мағынасынан сапалық белгінің нышаны аңғарылады. Мысалы: 
өтірік-шын, пайда-зиян, бақ-сор, бай-кедей, өмір-өлім, қыс-жаз, тарлық-
кеңдік, аштық-тоқтық, жақсылық-жамандық т. б. 
Антонимдес мәнде қолданылатын үстеулерге:  әрі-бері, ілгері –кейін, 
жоғары-төмен, ерте-кеш, етістіктерге: кел-кет, отыр-тұр, ал-бер, аш-жап, 
ки-шеш, күл-жыла сияқты сөздер жатады. 
Антонимдердің стилистикалық қызметі өте күшті. Қарама-қарсы 
қбылыстарды салыстыруда, оларды бір-бірімен қатар қойып шендестіруде 
және осы тәсіл арқылы айтылатын ойды анық етіп жеткізуде антонимдер 
айырықша қызмет атқарады. Осы ерекшелігіне байланысты антонимдер 
әсіресе мақал-мәтелдерде жиі қолданылады.
Мысалы: көз-қорқақ, қол-батыр, қорлық өмірден ерлік өлім, көп 
ақымақтың ағасы болғанша, бір ақылдының інісі бол, ащы мен тұщыны 
татқан білер, алыс пен жақынды жортқан білер т. б.
Поэзияда антонимдер шендестірудің (антитеза) бір тәсілі ретінде 
қолданылады. Антонимдерді шебер қолданудың нәтижесінде айтылатын ой 
мейлінше ашық, айқын, мейлінше мәнерлі, бейнелі болып келеді. Бұл ретте 
Абай өлеңдерінен мына бір шумақтарды мысалға келтіруге болады:
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат, 
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Қар аппақ, бүркіт қара , түлкі қызыл 
Ұқсайды қаса сұлу шомылғанаға. 
Қайғың-қыс, жүзің-жаз, 
Боламын көрсем мәз:
Антоним сөздер қосарланып айтылып, екі сыңарының да мағыналарын 
ішіне алатын, мағыналары кеңейген қос сөздер түрінде де қолданыла береді. 


55 
Мысалы, ертелі- кеш, ұзынды – қысқалы, жақсылы-жаманды, үлкенді-кішілі 
т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет