57
1)Ақбілек бейнеттен, күнәдан, қорлықтан құтылып, сонау жеті қат көктегі
ғарышқа апарып, жүрегін алтын легенге салып жуғандай, анадан жаңа
туғандай тазарды ( Ж. А.).
2) Уай, дүние шіркін-ай! Анау қара ат, торы ат, құла бие, жирен биелерге
Шекер де, Күнікей де мінер ме еді! 3) Арада он күн өтті. Қимылсыз, қаракетсіз
жым-жырт он күн. Ана жақ: «Құнанбайдың тауы шағылды, тауаны қайтты»
деп масайрап, жамырасып жатыр (М.Ә.). 4) Бірақ, әйтеуір, кеше ел шауып,
ығыр қып отырған Құнанбай өз ықтиярынсыз дуанға шақыртылып кетіп отыр.
Соғысқан, белдескен күнінде жеңе алмай қалғаны тағы бар (М.Ә.). 4) Бірлесіп
қарсылық көрсеткен үш
ру ел біржолата қойындасып, құшақтаса араласып
жатыр ( М.Ә.). 5) Өзі үйде жоқта тұңғыш құрсақ көтерген тәжірибесіз
келіншегіне бас-көз болып отыратын естияр біреудің болмағанына көбірек
қынжылатын (Ә.Н.). 6) Рушылдық бордай тозып жатқан заманда, кейбіреулер
алыстағы ел ішінен әредік көзге түседі (Ғ.Мұст.). 7)
Шал әуел баста зауытты
қимай, біраз мөңкісе де, ақыры көніпті (З.Ш.). 8) Бет ажарын қарасаң, Жазғы
түскен сағымдай («Ер Тарғын» ). 9) Жолына кесе-көлденең тұрған мына қожа-
молдаларға Ақанның жыны түсіп, арқасы қозды (С.Жүн.). 10)
Ойлап қараса,
өткен күннің бәрі әшейін көрген түс сияқты бұлдыр екен (М. Гумилов.).
Достарыңызбен бөлісу: