ұлыма деп атаған. Жыланды да осындай түсінікпен
түйме, қамшы, ұзын құрт
деп атаған.
Қазақ ұғымындағы табудың біралуан көрінісі тұрмыс-салттық,
этнографиялық ерекшелікке байланысты болып келеді. Әдет-ғұрып бойынша
келін болып түскен қыз күйеуінің туған-туыстарының, ауылдың үлкен
адамдарының атын атамай, өзінше ат қойған. Мысалы , қайын сіңілілеріне:
қара көз, бикеш, еркежан, үкілім, шырайлым, көз жақсым, ерке қыз деп ат
қойса, қайындары мен қайнағаларын:
мырза жігіт, молда жігіт,
тетелес,кенжем, тентек жігіт, момын қайнаға, семіз қайнаға, жәкем,
тәтекем деп атаған.
Ат тергеудің , соның ішінде ер болсын, әйел болсын , жас
адамдардың
үлкен кісілердің аттарын тура атамай, олардың әр қайсысын қазақ дәстүрімен
ата, апай, әжей, ағай, інішек, қарындас деп атауының астарында, сөз жоқ,
үлкен тәрбие мен әдептіліктің жатқаны даусыз.
Ат тергеу әсіресе, қазақ келіндерінен үлкен тапқырлықты, айтқыштықты,
жылдамдықты талап еткен. Оның мысалын :
сылдыраманың ар жағында,
сарқыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр екен. Жаныманы
білемеге білеп-білеп жіберіп, бауыздап келдім,- деп басталатын
әңгімеден
анық көруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: