Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет50/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

 
39- жаттығу. Сөйлемдерден ауызекі сөйлеу тіліне тән сөздерді, табу, эвфемизм, 
дисфемизмдерді теріп жазып, олардың мағынасына түсінік беріңіздер 
1. Бір пәледен құтылдық па десек, түпке сақтағаның бар екен ғой! ( Ғ. М. ). 
2. –ойбай, мынау ырсылдақ қараның шабысы! Ол жетпей қоймайды! Иттің 
малы, алдынан келсең- тістеп, артынан келсең - теуіп, жолатпап еді ! ( Ғ. М. ). 
3. – Е, болыс аулы болса, ендеше құдай берді, жігіттер. Қарап тұрыңдар, Сатан 
осы ауылдан төрт ат жегіп жөнеледі,-деп Сатан күлді. – Атаң басы жегесің – 
деп, Әбіш нағашысын тойтарып тастады. ( І. Ж.). 4. Біржанның «Жанбота» деп 
аталатын әні ышқынған жанның зары. «Өлген жерім осы ма еді? Боқтыққа 
көмген жерің осы ма еді?-деп келеді ( Ғ. М. ). 5. Ол бір оқыс сөйлейтін адам 
екен: - Әй, сен шырақ, жақсы редақтор боламын десең, сыбырлақ сынға 
пысқырма! Оттай берсін!- деді. 6.Қарны кебежедей бір можа биеге малшы 
қатын мінем деп, үзеңгіге аяғы жетпей мықшыңдап жатыр еді. – Ана жаман 
күңді атқа салып жіберші! -деп, Қара бәйбіше Сәрсенбайды жұмсады.
Сәрсенбай: - Әй, өлімтік-ай!-деп, малшы қатынды мықынынан бір түйіп, 
ашасынан алып, аттың үстіне бір қойды. – Тоқта, қағынды! Атымды алайын, -
дегенге қаратқан жоқ. –Әтшу, әтшу!-деп, бәйбіше көшін жөнелтіп, бір қатынға 
құман ұстатып, түзге жөнелді ( Ж. А. ). 
Тақырып бойынша сұрақтар: 
 
1. Тілдің лексикология тарауы нені зерттейді ?
2. Сөз дегеніміз не ? 
3. Сөз мағынасы деген не ? 
4. Сөздің лексикалық және грамматикалық мағыналары деп қандай 
мағыналарын айтады ? 
5. Сөздің грамматикалық мағынасы нелер арқылы беріледі ? 
6. Сөздің тура және келтірінді мағынасы деп қандай мағыналарын 
айтады
7. Сөздің көп мағыналығы деген не ? 
8. Сөз мағынасы қандай жағдайда нақтыланады? 
9. Омоним деген қандай сөздер ? 
10. Антоним деген қандай сөздер ? Қазақ тілінде көбінесе антонимдес 
болатын қандай сөз таптары ? 
11. Синоним деген қандай сөздер ? Синонимдік қатар деген не ? 
12. Табу және эвфемизм деген қандай сөздер ? 


13. Табу сөздер неге байланысты шыққан ? 
14. Дисфемизм деген қандай сөздер ? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет