бір жылампая екенсің! Неге сонша зарлайсың?! – деді председатель ( О. С. ).
11. – Бүгін падаға жібериейміз, үйде жатып тынығыңыз деп үгіттеп көріп едік,
онымызды тыңдамады ( О. С. ).
§ 34. Кәсіптік лексика
Жалпыхалықтық тілде қолданылатын, белгілі тілдің сөздік
құрамына енетін
сөздер сол тілде сөйлеуші адамдардың бәріне бірдей түсінікті болып келеді.
Ал жергілікті диалектіге енетін сөздер бір тілде сөйлейтін халықтың тұтас бір
облысында, не бірнеше облысында тұратын адамдарға ғана түсінікті болып,
өзге облыс адамдарына түсініксіз болады.
Кейде бір облыста тұратын адамдардың күкөріс кәсібінің түріне байланысты
сөз ерекшеліктері де кездесіп отырады. Мысалы , балық
аулаумен кәсіп ететін
жердің адамдары
ү к і (мұз астынан балық аулау үшін ойылған ойық),
п р о г о
н (бір ойықтан екінші ойыққа дейін мұз астымен ауды жүргізетін ұзын сырық
),
с ү й м е н (ағаш сабы бар мұз оятын ұшты темір) деген сияқты сөздерді, ал
егінді шығырмен суаратын жердің қазақтары
е б е й (шығыр дөңгелегінің
қимасы),
а у ы т (шығыр суы құйылатын жер ),
ж а й (шығыр суы жүретін
кіші арық) деген сияқты сөздерді; Қарағанды кеншілері
л а в а (көмір
шығаратын жер ),
к р е п ш і л е р (көмір алынған жерді ағашпен бекітушілер
),
қ а й л а (көмір қазатын құрал ) деген сияқты сөздерді қолданады.
Сөйтіп,
белгілі бір мамандық пен кәсіп түрінің көлемінде ғана
Достарыңызбен бөлісу: