Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет65/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

Мақал мен мәтелдер. Тарихи қалыптасқан тұрақты сөз тіркестеріне иди-
омалық тіркестермен қатар ғасырлар бойына созылған ұзақ дәуірлік өмір 
тәжірибесінен екшеліп алынған сөзі ұйқасымды, мағыналары тұжырымды 
болып келетін халықтық мақалдар мен мәтелдер де жатады. Тілдегі қолда-
нылып жүрген әрбір мақал, мәтелдер ауыздан-ауызға беріліп, талай ғасыр-
ларды көктей өтіп, тілде сақталып, өңделіп қолданылып, келе жатқандықтан , 
мақал мен мәтелдегі сөздер де белгілі дәрежеде тұрақталған, қалыптасқан 
тіркесте айтылады. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей; Ырыс алды-
ынтымақ; Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар; Өнерлінің өзегі талмас 
деген қазақ мақалдарының құрамына енген сөздер белгілі тұлғада, белгілі 
орында тұрып қалыптасқан. Олардың көпшілігінің морфологиялық тұлғасын 
не қалыптасқан орнын өзгертсе, мақалдардың мағынасы бұзылады.
Мақал мен мәтелдің идиомалық тіркестегі сөздерден мынау сияқты 
ерекшеліктері бар: идиомалық тіркестегі сөздер өздерінің жеке тұрғандағы 
мағыналарын сақтамай, сол тіркес күйінде бір ұғымды білдіріп, жігі ажыра-
май бір логикалық топ ретінде жұмсалса, мақал мен мәтелдердің құрамына 
енген сөздер өздерінің бастапқы мағыналарын сақтап, синтаксистік қарым-
қатынасы жағынан мүшеленіп тұрады. Мысалы: өнер білсең, өлмейсің; 
Өтірікшінің шын сөзі зая кетеді; Ексең егін, ішерсің тегін деген мақал мен 
мәтелдердегі әрбір сөз өз мағынасында қолданылып, әрқайсысы сөйлемнің 
белгілі мүшесі түрінде айтылып жүр.
Мақал мен мәтел бір-біріне ұқсас, бір тектес болып келеді.Сондықтан да 
мақал мен мәтел жіктері ажыратылмай, бірінің орнына екіншісі қолданыла 
береді.Сөйте тұрса да бұл екеуі – бір нәрсе, бір түсінік емес.Олардың өзара аз 


77 
да болса белгілі дәрежеде айырмашылықтары бар. Мақалдар бір сөйлемнен 
де, бірнеше сөйлемнен де құралып келе береді.Мақалдарда белгілі аяқталған, 
тұжырымды, тиянақты ой айтылады. Ал мәтелдерде аяқталған, тиянақты ой 
айтылмайды.Олар сөйлемдік дәрежеде болмай, бір-бірімен байланысты 
бірнеше сөздердің тіркестері түрінде айтылып, ой аяқталмай тұрады. 
Бұлардың өзара айырмашылығын анығырақ түсіну үшін бірнеше мысалдар 
келтірейік: Шөптің басы жел тұрмай қимылдамайды; Жақсымен жолдас 
болсаң, жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа; Жері 
байдың елі бай дегендер – мақалдар. Өйткені бұлардың әрқайсысында белгілі 
аяқталған ой айтылып, сөйлемдік дәрежеде тұр. Ер елінде, гүл жер-інде; ұлын-
ұрымға, қызын-қырымға; жауыр атқа жіп құйысқан; балапан басына, 
тұрымтай тұсына;заманына қарай амалы дегендер мәтелдер қатарына 
жатады. Бұларда айтылуға тиісті ой аяқталмай, ойдың бір нәрсесі жетпей 
тұрғандай болады. Белгілі тақырып қана айтылып, оның немен бітетін себебі 
айтылмайды. 
Мақал мен мәтел - талай ғасырлар бойына екшеліп, сақталып келген, 
еңбекші қалық туғызған алтын қазына, баға жетпес мұра.Бұл –халық 
данышпандығының ерекше қорытыла айтылған түрі.Мақал мен мәтелде 
халықтың талай ғасырлар бойы жасаған өмірі де, ісі де, жүргізген күресі мен 
қолы жеткен жеңісі өткір көркем сөздер арқылы сарқыла айтылған. 
Мақал мен мәтелдер ақиқаттық өмір тәжірибесінен алынып айтылған 
қорытынды пікір болғандықтан, әрбір тарихи дәуірде туып отырады. Мысалы,
бұзаудың басы болғанша, өгіздің аяғы бол деген мақал Махмұт Қашқаридың
Сөздігінде кездессе, мағынасы жағынан осыған жақын көп жаманның ағасы 
болғанша, бір жақсының інісі бол деген мақалдың кейінгі уақыттарда туғаны 
анық. Мақал, мәтелдер біздің заманымызда да жасалып, халық қазынасына 
қосылып жатады. Мысалы: Сын түзелмей, мін түзелмейді; Әкім бол, халқыңа 
жақын бол;Үйдегі қиялды базардағы нарық бұзады; Теңге тиыннан 
құралады;
Тұрақты сөз тіркестеріне фразеологиялық, идиомалық тіркестер ғана еніп 
қоймайды. Сонымен қатар екі кейде одан да көп сөздердің белгілі дәрежеде 
қатар айтыла келіп, бастапқы мағыналарын сақтай отырып, бір ұғымды 
білдіретін тіркес ретінде қалыптасқандары да тілде жиі кездеседі. Бұларға: қол 
қою, көз салу, тап беру, жең ұшынан жалғасу, жан қалта,қол сағат, бет 
орамал, бас киім, темір жол, күре тамыр, диплом жұмысы, сынақ 
кітапшасы, өндірістік тәжірибе тағы сол сияқты алуан түрлі сөздер де 
жатады.
Бұл сияқты сөз тіркестері әр сөздің бастапқы мағыналарын сақтай отырып 
бір ұғым ретінде жұмсалатын болғандықтан, бұларды лексикалық тіркестер 
деп атауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет