81
құнды материалдар бере алады. «Сөздікте» белгілі бір сөздің түркі тілдерінің
әрқайсысында дыбысталу түрі көрсетіліп, мағынасы орыс тілінде аударылып
беріледі. Мысалы:
дж. тат ат, ад, тур. ад 1) имя, мет. Слава.
Атақ: а)
слава, известность.
7. Синонимдер сөздігі. Синонимдер сөздігінде
синонимдік қатарлар бері-
ліп, әрбір синонимдік қатардың құрамындағы мәндес сөздердің мағыналық
ерекшеліктері мен қолданылу ерекшеліктері түсіндіріледі.Синонимдік
қатар-
дың құрамындағы сөздердің сөздікте орналасу тәртібі, мысалы, қай сөздің
бұрын, қай сөздің кейін орналасуы белгілі бір қағидаға негізделеді.
Синонимдес сөздер тобының ішінен мағынасы жағынан сол топтағы сөз-
дердің барлығына бірдей тән, күллісіне бірдей ортақ
жалпы мағынаны білді-
ретін сөз
д о м и н а н т с ө з деп аталады. Доминант сөз өзімен синоним-
дес сөздердің барлығының басын құрап, солардың барлығына бірдей ортақ
ұйытқы, тірелер таяныш ретінде жетекші қызмет атқарады. Мысалы,
халық,
ел, жұрт, халайық, әлеумет деген деген синонимдік
қатардың құрамындағы
доминант сөз –
халық.
Сөздікте синонимдік қатардың құрамындағы өзара мәндес сөздердің әр-
қайсысының мағынасы талданып, қолданылу аясы мен стильдік
қызметі
түсіндіріледі. Осындай талдау мен түсініктен кейін синонимдік қатардың
құрамына енген әрбір сөздің мағынасын ашып, айқындау үшін, әдебиеттен
мысалдар беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: