Атауы: Бауырдың созылмалы веналық гиперемиясы - мускатты бауыр
Жіктелуі: Толыққандылық - Веналық толыққандылық - Жалпы – Созылмалы
Сипаттамасы: бауыр ұлғайған,
жиегі жұмырланған, капсуласы тегіс,
консистенциясы
тығыз, түсі шұбар сары реңді. кесіндісі қоңыр қызыл дақты, мускат жаңғағы сияқты тарғыл
болады. Бауыр бөлікшелерін майлы дистрофия жайлаған шет жағы сары түсті. Бауыр
тамырлары кеңейтілген, толыққанды.
Даму механизмі: .Бөлікшелердің орталығы ғана толыққанды болады. Себебі қан ең
алдымен бауырлық веналарға іркіліп содан кейін біртіндеп
жинағыш және орталық
венаны, акырында синусоидтарды қамтиды. Гепатоциттерде дистрофия- некроз- атрофия-
склероз.
Дәнекер тін тым қарқынды өссе, шала жаңғырған гепотоциттер регенерат-
түйіндер түзіп,құрылысы қалпынан тайған мүшенің сыртқа пішіні өзгереді.
Нәтижесінде,бауырдың іркілулік
мускат циррозы қалыптасады; әдетте жүрек қызметінің
созылмалы жеткіліксіздігінен дамитындықтан ,оны
жүректік цирроз деп атайды
Себебі:
жүрек-тамырлық созылмалы жеткіліксіздігі
жүректің ишемиясы
кардиомиопатия
жүрек кемістігі
перикард аурулары
сол жақ
қарыншалық жеткіліксіздік
созылмалы миокардит
веналық қан ұзақ іркілген кезде
Асқынуы:.
Порталды гипертензия
веналық инфаркт
Мускат циррозы
Бауыр комасы
Асқазан мен өңештің кеңейтілген тамырларынан қан кету;
Асциттің перитонитке ауысуы (егер іш қуысындағы сұйықтық ішек микрофлорасын
жұқтырса)
Қақпа венасының тромбозы
Бауырдың қайталама қатерлі ісігі
Достарыңызбен бөлісу: