17.
НЕВУС
Атауы: Невус
Жіктелуі: меланин түзетін тіннің қатерсіз ісігі. Невустың түрлері:
шекаралық,
дермаішілік, аралас, эпителиоидтық, ұршық жасушалы, көгілдір.
Сипатталуы: пішіні - жалпақтау,
томпақ құрылым, түсі - сүтті кофе немесе қара,
консистенциясы жұмсақ болуы да мүмкін немесе тығыз да болады.
Себебі:
меланобласт миграциясының бұзылуы
терінің аллергиялық аурулары.
Асқынуы: меланомаға айналады
Нәтижесі:
Жағымды: хирургиялық ем, лазермен емдеу
Жағымсыз: қатерлі ісік.
18.
ЖҮРЕК СЕМІРУІ.
Атауы: Жүректің семіруі.
Жіктелуі: Строма-тамырлық майлы дистрофия – липидоздар
- нейтрал майлардың
алмасуының бұзылысы - майлы жүрек
Сипаттамасы: Көлемі үлкейген,консистенциясы жұмсақ эластикалы, түсі қалыпты, майлы
тін көбейе келе эпикардтың астын толық жайлап, жүректі
толық қымтап алған, жалпы
майдың жиналатын жерлері:
эпикард астында, миокард стромасында,
бұлшық ет
талшықтарының арасында, тамырлар бойында.Май әдетте жүректің
оң жағын семиді, оң
жақ қарыншалы майлы тін түгел қамтып жүрек жыртылуы мүмкін.
Себебі:
Жалпы семіздік-алиментарлы, церебралды, эндокринді, тұқым қуалайтын
Лабильді май алмасуы бұзылуы
Липолиз бен липогенез процесстерінің өзгерістері
Асқынуы:
жүректің жарылуы
жүрек жетіспеушілігі
оң қарынша жарылуы
ЖИА
Нәтижесі:
Жағымсыз: жүрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігі, шамадан тыс күш түскенде
жарылуы
мүмкін